Маслоу теориясын басқаруда пайдалану. Адамдарды ынталандыру үшін басшы оның қажетін қанағаттандыруға мүмкіндік беруі керектігін және осы ұйымның жалпы мақсаттарына пайдалануға болатындығын басшылар түсінуі қажет.
Демек, сіз басшы болсаңыз онда бағыныштыларыңыздың қандай маңызды қажеттіліктері барын назарыңызға ұсынамыз.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру әдістері; Әлеуметтік қажеттіліктер. Қызметкерлерге басқалармен қарым-қатынасжасай алатындай жұмыстар беріңіз.
Жұмыс орнында біртұтас команда рухын қалыптастырыңыз.
Бағыныштыларыңызбен жиі жиналыстар өткізіңіз.
Пайда болған бей ресми ұйымдарды, зияны жоқ болса- құртуға тырыспаңыз;
Ұйым сыртында да қызметкерлердің әлеуметтік белсенді болуына жағдай жасаңыз.
Құрметке ие болу қажеттіліктері. Бағыныштыларға маңызды жұмыстар тапсырыңыз.
Қол жеткен нәтижелері арқасында кері байланыста дамытыңыз.
Нәтижелерді жоғары бағалай біліңіз және оларды жария етіңіз.
Мақсаттарды айқындауға және шешімдерді талдауға талпындырыңыз.
Қосымша құқықтар мен өкілеттіліктер беріңіз.
Қызмет сатыларында жоғарылата біліңіз.
Оқуын және қайта дайындықтан өтуіне көмек көрсетіңіз.
Өзін- өзі көрсете білу қажеттілігі. Оқуын және дамуын қамтамасыз етіңіз, ол қызметкердің қуатын толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Бар күш – жігерін жұмсайтын күрделі, әрі маңызды жұмыстар тапсырыңыз.
Қызметкерлердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытыңыз және жария етіңіз.
Маслоу теориясы қойылған басты сын оның адамдардың жеке ерекшеліктерін назарына алмағандығы.