Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)



бет13/17
Дата08.06.2018
өлшемі1,06 Mb.
#41424
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

7.Бақылау


Жаттығулар:

1. Қандай гормондар контринсулярлыға жатады және олар неге солай аталады?

2. Кортикостероидтар қандай топтарға бөлінеді?

3. Гормондар метаболизмді ферменттердің активтілігін өзгерте отырып реттейді деген дұрыс па? Дәлелдеңіз.

4.Қандай гормондар ыдырау процесін арттырады? Атаңыз.

5.Анаболикалық гормондарға қайсылары жатады және неге?

6.Адреналин, ГКС және глюкагон әсер етуінің қандай ортақ белгілері бар?

7.Аталған гормондардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. .

8.Апаттан құтқару негізінде адреналин ағзада энергетикалық ресурстарды арттыра алады. Осы механизмді түсіндіріңіз.

9.Глюкокортикостероидтар эйказаноидтардың синтезін қалай ингибирлейді?


Жағдайлық есептер:

1. Зерттелетін зәрде глюкоза анықталды, кетон денелерін ашатын реакция оң болды. Ауыздан жеміс иісі шығады. Сіздің болжам диагнозыңыз.

2. Науқасқа инсулинді еңгізгенде есінен айырылды. Сіз не істейсіз? Неге инсулиннің үлкен дозасын еңгізгенде осындай эффект болады?

3. Қантты диабеттің негізгі симптомдарын есіңізге түсіріңіз. «Қантты диабет–бұл баршылықтағы аштық» деген мағынаны түсіндіріңіз.Үнемі және жиі «фаст фудпен» тамақтанатын адамдар артық дене салмағын жинауға және семіруге бейім.Мұндай тақтануда метаболизмнің қандай өзгерістері семіруге әкеледі? Семіру қандай гормонның әсерімен байланысты?

4. Қантты диабетпен немесе стероидты диабетпен ауырмайтын науқас тісін жұлдыруға дәрігерге келді, оның қанындағы глюкоза мөлшері 7,5 ммоль/л болды. Науқастың қанындағы глюкоза мөлшерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?

5.Бұлшық етінің әлсіздігіне, жарасының жазылуының нашарлауына, остеопороз және пародонтозға шағымданған науқастың қанында глюкоза концентрациясы8 ммоль/л, мочевина – 10 ммоль/л, кетон денелері – 2 мг/дл, инсулина мен С – пептид мөлшері нормада. Бұнымен қатар тәуліктік зәрінде мочевина мөлшері артқаны байқалды. Бұл кездегі гипергликемия және азотемия себептерін түсіндіріңіз.Неге науқаста жоғарыда көрсетілген симптомдар байқалады? Науқас шалдыққан ауруды атаңыз.

6. Бұлшық етінің салмағын өсірген спортсмен – культуристерге тренер ұзақ уақыт дене еңбегімен шұғылдануға тыйым салады. Мұндай ұсыныстың себебін түсіндіріңіз.

7.Аурухананың қабылдау бөліміне көшеде есінен танып құлап қалған қыз түсті.

Науқастың туысқандары оның анорексия екенін және 5 апта тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Тексеру кезінде науқастың қанында глюкоза деңгейі1,8ммоль/л, кетон денелері – 250 мкмоль/л, қан рН 7,1 болды. Науқасты есінен тануға әкелген қанының көрсеткіштерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.

8. Қантты диабетті ұзақ уақытгликлазидпен (сульфомочевина туындысы) емдегеннен кейін науқаста гипогликемия байқалды.Дәрілік препараттар ­ сульфомочевина туындысы инсулин секрециясын арттырады. Гликозид ұйқы безінің ­жасушасының плазмалық мембранасының рецепторымен байланысқан кезде мембраналық К+ - каналы жабылады. Науқастың қанында глюкоза деңгейінің төмендеу механизмін түсіндіріңіз.

9. Кейбір дәрілік заттар (кофеин және теофиллин) цАМФ­ті жай АМФ­ке айналдыратын фосфодиэстераза ферментінің әсерін тежейді. Бұл препараттарды берген кезде қанда май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді? Май тініне адреналиннің және осы препараттардың әсерін схема түрінде көрсетіңіз.

10. 39­жастағы ер адамда май қарынында жиналып семірген,стрии, гипертензия. Чарльз соңғы екі жылда өзінің сыртқы келбеті мен денсаулығында біраз өзгерістер болғанын байқады. Салмағы 13,5 кг артты май беті мен қарынына жиналады.Ішінде қоңыр жолақтар , бетінде безеу, кеудесі мен арқасында дақтар пайда болды.Оның беті үнемі күн мен желде ұзақ болғандай қызарып тұрады. Бұлшық етінің күші азаяды. Микроавтобусқа кіріп шығуы қиындады, кейде орындықтан тұруға қолымен көмектесу керек болды.Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?



ТЕСТТЕР

1. Глюкокортикостероидтар тездетеді:

1. тироксиннің трийодтионинге айналуын

2. инсулиннің ингибирленуін

3. бауырдағы соматомединдердің синтезін

4. норадреналиннің адреналинге метилденуін

5. амин қышқылдарының декарбоксилденуін



2. Төмендегі гормондардың қайсысы қабынуға және аллергияға қарсы әсер көрсетеді:

1. катехоламиндер

2. инсулин

3. жыныс гормондары

4. глюкокортикостероидтар

5. минералокортикостероидтар



3. Гипергликемия, аминқышқылдары, БМҚ мөлшерінің қай гормонның әсерімен түсіндіруге болады:

1. инсулиннің

2. кортизолдың

3. альдостеронның

4. тестостеронның

5. вазопрессиннің

4. Адреналин синтезделеді:

1. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

2. гипофиздің артқы бөлігінде

3. қалқанша безінде

4. бүйрек үсті безінінің милы қабатында

5. ұйқы безінің Лангерганс аралшығында

5. Норадреналин:

1. қандағы Са 2+ мөлшерін жоғарылатады

2. гипогликемия тудырады

3. қан тамыры ішілік липолизді күшейтеді

4. артериалдық қысымды арттырады

5. ас қорыту жүйесінің ферменттерін секрециялайды

6. Адреналин:

1. қан құрамындағы Са2+ мөлшерін төмендетеді

2. қан құрамындағы Са2+ мөлшерін жоғарылатады

3. гипогликемияны тудырады

4. гипергликемияны тудырады

5. катаболикалық процестерді тездетеді


2 дұрыс жауапты табыңыз
7. Адреналин әсер етеді:

1. үшінші механизм бойынша

2. екінші механизм бойынша

3. ядролық рецептор арқылы

4. аденилатциклаза арқылы

5. ц-ГМФ арқылы



8. Адреналиннің -рецепторы орналасады:

1. бауырда

2. шеткі тамырлардың тегіс бұлшық еттерінде, ішекте

3. миокардта

4. май тінінде

5. ми тінінде



4 дұрыс жауапты табыңыз

9. Инсулин өзінің негізгі әсерін тигізеді:

1. анаболикалық реакцияларды жоғарылату арқылы

2. май тінінде липолизді стимулдеу арқылы

3. БМҚ бетта-тотығудан күшейту арқылы

4.жасушаларға глюкозаның тасымалдануын

5. жасушаның бөлінуін арттыру арқылы



3 дұрыс жауапты табыңыз

10. Инсулин рецепторлары болмайды:

1. бауырда

2. май тінінде және бүйректе

3. жүректе

4. нерв жасушаларында және хрусталикте

5. эритроциттерде



2 дұрыс жауапты табыңыз

11. Инсулин жетіспеуі кезінде байқалады:

1. гипергликемия және глюкозурия

2. гиперкетонемия және кетонурия

3. метаболиттік ацидоз (қанның рН төмендейді)

4. гликогеногенез күшейеді

5. бұлшық ет белоктарының ыдырауы



4 дұрыс жауапты табыңыз

12. Инсулин тәрізді әсер көрсетеді:

1. соматомединдер

2. эстрогендер

3. тестостерон

4. кортикостерон

5. адреналин



13. Қантты диабет гипергликемиямен сипатталатын, келесі гормонның синтезі жеткіліксіз болуынан дамиды:

1. глюкагон

2. тиротропин

3.инсулин

4. окситоцин

5. тироксин

11 ОСӨЖ.


  1. Тақырыбы:Заттар алмасуының гормондар арқылы реттелуі.

  2. Мақсаты: Студенттердің «Заттар алмасуының реттелуі. Гормондар» тақырыбы бойынша алған білімдерінің меңгерілу тереңдігін айқындау.

3.Оқыту міндеттері:

  1. Студенттердің гормондар туралы алған білімдерін демонстрациялық экспериментті безендіру және кесте толтыру үшін қолдануға үйрету.

4. Өткізу формасы:

    1. демонстрациялық эксперимент.

    2. кесте толтыру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1.Демонстрациялық эксперимент – оқытушы студенттерді эксперименттің принципімен таныстырады (Практикум бойынша № 102 зертханалық жұмысты қараңыз). Студенттер шағын топтарда жұмыс жасайды. Бір тобы қандағы глюкоза деңгейіне адреналиннің әсер етуі бойынша мәліметтерді, екіншісі – инсулиннің әсері бойныша мәліметтерді ұсынады. Кестені толтырып, график сызады. Әр топшадағы студенттер мәліметтерімен алмасады. Қорытынды жасайды.


Оқытушыларға арналған:

Гормондарды енгізгеннен кейінгі қан алған уақыт

Қандағы глюкоза мөлшері, мМоль/л

Инсулин енгізгенге дейін

30 мин. өткен соң

60 мин. өткен соң

90 мин. өткен соң



5,5 мМоль/л

2,2 мМоль/л

4,4 мМоль/л

5,5 мМоль/л



Адреналин енгізгенге дейін

30 мин. өткен соң

60 мин. өткен соң

90 мин. өткен соң



5,5 мМоль/л

11 мМоль/л

7,7 мМоль/л

5,5 мМоль/л




2.Кесте толтыру: «Эпифиз, гипоталамус, гипофиз, жыныс бездерінің гормондары, натрий-уретикалық фактор, альдостерон және дезоксикортикостерон, тироидты гормондар»


Гормонның аталуы

Түзілетін орны

Химиялық табиғаты

Нысана-жасушалары

Әсер ету механизмі

Физиологиялық әсері

Секреция-сының реттелуі





















Оқытушы студенттердің жұмысын қадағалайды, қиын сұрақтарды анықтайды.


6.Таратылатын материал:

силлабус, биохимиядан практикум, оқытушыларға арналған сценарийі бар әдістемелік нұсқау, «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып–білуіне арналған оқу құралы», 2-бөлім.



7. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Плешкова С.М. және басқалары «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы 2006, 193-262 бет.

Қосымша:

  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 бөлім: Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

  2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007.

  3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 ж., 155-197, 483-493, 529-531 бет.

  4. У.Сайпіл, К.Қ.Өмірзақова “Заттар алмасуы”, Алматы, 2004 ж.

  5. Биохимиядан студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тест сұрақтары.- Алматы, 2008ж.

  6. Плешкова С.М. және басқалары. “Практикум”, Алматы, 2004

Орыс тілінде:

  1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, с 582-585

  2. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2007, с

  3. Северин Е.С. «Биохимия»,Москва, 2008, с.

  4. Плешкова С.М. и соавт. “Учебное пособие для самостоятельного изучениябиохимии ”, Алматы, 2009, 2 том.

  5. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. – Биохимические основы действия витаминов и гормонов – Алматы, 2004 – С. 67-77, 114-121

  6. Аблаев Н.Р. “ Биохимия в рисунках и схемах ”, Алматы , 2005

  7. Марри Р. и др. «Биохимия человека», 2003

  8. Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000

  9. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Основы патохимии» - Санкт-Петербург, 2000 – С. 458-523, 565-599

  10. Назаренко Г.И., Кишкун А.А. – Клиническая оценка результатов лабораторных исследований – М., Мед, 2002 – С. 394-411, 423-445, 455

  11. В.Дж. Маршалл – Клиническая биохимия – Москва, 1999 – С. 123-140, 174-186

  12. Потемкин В.В. «Эндокринология», 1999 – С. 145-149, 215-225

  13. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы,1998

  14. Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 – С. 23-46

  15. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994 – С. 149-153, 345-353

  16. Р.Марри, Д. Греннер, П.Мейес, В. Родуэлл – Биохимия человека (перевод с англ) – М., Мир: 1993 – том 2 – С. 170-185, 228-246; том 1 – С. 242-245


7.Бақылау:

Сұрақтар:



  1. Эпифиздің негізгі гормонының физиологиялық әсері. Ол қалай аталады?

  2. Гипоталамустың либерин гормондарын атаңыз.

  3. Гипофиздің гонадотропты гормондарын атап, физиологиялық әсерін көрсетіңіз.

  4. Гипергонадизм неліктен және қалай байқалады?

  5. Гипогонадизм неліктен және қалай байқалады?

  6. Натрийуретикалық фактор бүйрекке қалай әсер етеді?

  7. Альдостерон қандай белоктардың синтезін күшейтеді?

  8. Гипертиреоз бен гипотиреоз кезінде неліктен АТФ түзілуі төмендейді?

  9. Гипертиреоз бен гипотиреоз кезінде ТТГ деңгейі қалай өзгереді?

12 сабақ



  1. Тақырыбы:Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктары, қалдық азоттың заттары, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.

  2. Мақсаты:

    1. Студенттерде қан плазмасының негізгі органикалық қосылыстары, олардың қалыпты мөлшері және олардың мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы туралы алған білімдерді бекіту;

    2. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу к Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу кезінде және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу кезінде студенттердің дағдылар мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу;

  2. Кестелер толтыру;

  3. Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және Ғаламтордан ақпараттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Қан плазмасының химиялық құрамы, оның қан сарысуынан айырмашылығы;

    2. Қан плазмасының белоктары, маңызы, өкілдері, қасиеттері, қалыпты мөлшері және патология кезінде өзгерістері.

    3. Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия туралы түсініктер және олардың пайда болу себептері, түрлері.

    4. Қанның қалдық азоты, қалыпты жағдайдағы мөлшері, химиялық табиғаты, оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.

    5. Гиперазотемияның түрлері және оның пайда болу себептері.

    6. Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, олардың химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезіндегі өзгеруі.


5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Әдіс – құрамалау әдісі: оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары (кестені толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

. Оқыту құралдары: дәріс («Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері» - Биохимияның кейбір тараулары /Абитаева С.А. - 2004 ), тесттік тапсырмалар, жағдайлық есептер, жаттығулар.

Сабақтың сценарийі:


Мазмұны

Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы

Уақыты

  1. ОСӨЖ ұйымдастыру бөлігі;

  1. Тақырып және тапсыр-малар бойынша кеңес беру;

  2. Оқытушының жетекшілі-гімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыс-тары (кестені толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

Оқу журналы, жағдайлық есептер.

Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі бар әдістемелік нұсқау. Силлабус. Видеофильм. Плешкова С.М. және т.б. «Биологиялық сұйықтықтар мен адам тіндерінің биохимиясы. -» - Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 3 бөлім – Алматы, 2009 ж, 90-111бет.



  1. 10 мин

  2. 30 мин

  3. 60 мин



Сабақтың сценарийіне түсініктеме:


  1. Ұйымдастыру бөлігі –оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дың мақсаты мен оқу міндеттерімен таныстырады.




  1. Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру: оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіріп, әр студенттке тапсырма береді.




  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары: студенттер шағын топтарда жағдайлық есептер мен жаттығуларды шығарады және кестелерді толтырады.

Топты шағын топшаларға бөліп алуды ұсынылады. Барлық студенттер барлық кесетелерді толтыру үшін әр топшаға кезегімен кесте толтыру жұмысы беріледі. Шағын топта жұмыс жасау –бұкіл топ 5-6 топша болатындай 3-5 студенттен үш топшаға бөлінеді.
1 кесте – Қан плазмасының негізгі белоктары, олардың ролі, диагностикалық маңызы

Белоктар

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Патология кезінде өзгеруі

Альбуминдер







Глобулиндер:

1 - глобулиндер









2- глобулиндер







- глобулиндер







- глобулиндер







Фибриноген






2 кесте – Қан плазмасының қалдық азотының құрамына кіретін заттар



Өкілдері

Қан плазмасындағы қалыпты мөлшері

Неден және қай жерде түзіледі

Қандай жағдайда қандағы мөлшері артады

Мочевина










Несеп қышқылы










Креатин










Креатинин










Жалпы билирубин










Индикан










Гомоцистеин










3 кесте. Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары


Өкілдері

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Қайда және қандай үдерістің нәтижесінде түзіледі

Қандай жағдайларда қандағы мөлшері артады

Қандай жағдайларда қандағы мөлшері төмендейді

Глюкоза













ТТЛП/ТЖЛП













Лактат













пируват













Кетон денелері













Триглицеридтер













Холестерин












Кестелерді толтырған соң және оқытушы оларды тексерген соң студенттер кафедраның оқу құралында берілген жаттығулары мен жағдайлық есептерді шығарады. Жұмысты шағын топтарда жалғастыруға болады. Оқытушы аудиторияда болып, студенттердің жұмысын бақылап отырады. Қажет болған жағдайда түсіндіреді және нәтижелерін тексереді.


6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004ж.

  2. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 483-487 бет.

  3. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 5-35, 138-140.

  4. Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 488-502.

  5. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 567-582.

Қосымша:

  1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 97-103.

  2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім. Биологиялық сұйықтықтар мен адам тіндерінің биохимиясы. - Алматы, 2009 ж., 7-29 бет.

  3. Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 57-58.

  4. Аблаев Н.Р. «Биохимия в рисунках и схемах», Алматы, 2005 г, с. 270-310

МАМАНДЫҒЫ: Стоматология


КАФЕДРА: Биологиялық химия

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

КУРС: 2
ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: кафедра оқытушылары

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1 29 тамыз 2012 ж.


Бекітілді

Кафедра меңгерушісі

Профессор ____________________________ Плешкова С.М.

1 СӨЖ

Тақырыбы: Белоктар биохимиясы

Құрылымдық белоктар (коллагендер, эластиндер, кератиндер) және күрделі белоктар (фосфо-, липо- және металлопротеиндер)


Мақсаты:

1. Жай фибриллярлы белоктар және күрделі белоктар(металлопротеиндер, липопротеиндер, фосфопротеиндер) туралы білімді жинақтау

2. Мамандыққа сай әдебиеттермен және интернетпен жұмыс істеу арқылы дағдылану мен анализ жасауға машықтану


Тақырып бойынша тапсырмалар:

Қарастырылатын тақырып материалын келесі сұрақтар бойынша оқу:



  1. Склеропротеиндердің (коллагендер, эластиндер, кератиндер) құрылысы, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, атқаратын қызметтері;

  2. Күрделі белоктардың (фосфо-, липо-, металлопротеидтер) құрылысы, қасиеттері, атқаратын қызметтері.

  3. Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.


Орындау түрі:

  • Тақырып бойынша сөзжұмбақты құрастыру және оны қорғау.




Сөзжұмбақтың сыртқы мұқаба беті

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА______________________________________________________
Сөзжұмбақ

Тақырыбы: _________________________________________________

_________________________________________________

Ф.И.О. студенттің ата-тегі__________________________________________

Факультет _____________________________________________

Курс ____________________________________________________

ТОП __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________


Алматы, 201_- 201_ оқу жылы





Орындау критерийлері:

Сөзжұмбақ құрастыруға және безендіруге қойылатын талаптар:

  • сөзжұмбақта тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылу керек;

  • сөзжұмбаққа кем дегенде 50 сөз кіру керек, оның ішінде 25 сөзі - жай белоктар бөлімінен, 25 сөзі - күрделі белоктар бөлімінен;

  • қолданылатын әдебиет саны 8-10 кем болмау керек;

  • сөзжұмбақ сауатты дайындалуы және безендірілуі керек;

  • сөзжұмбақ сұрақтары берілген бойынша қолданылған әдебитіне сілтеме берілу керек;

  • библиографияны дұрыс жазу қажет.

Сөзжұмбақтың құрылысы:

  • мұқаба беті;

  • көлденең бойынша сөздер нөмерлері белгіленіп беріледі;

  • тік бойынша сөздер нөмерлері белгіленіп беріледі;

  • сөзжұмбақтың жауаптары көлденең және тік бойынша берілген сөздерінің нөмерлері белгіленіп көрсетіледі;

  • қолданған әдебиетінің тізімі (қазіргі кездегі әдебиеттердің саны жеткілікті болу қажет және 2000жылдан жоғары әдебиеттер беріліп, бет саны көрсетілуі қажет, журналдардың, мақалалардың, электрондық мекен жайлар көрсетілуі керек).

Тапсыру мерзімі: ағымдағы семестрдің 2 аптасынан кешікпей өткізу.
Бағалау критерийлері:

  • Кафедра талаптарына сәйкес тапсырманы уақытында тапсыру;

  • Сөзжұмбаққа берілген талаптарды орындап оны қорғау;

  • СӨЖ бойынша берілген оқытушының сұрағына дұрыс жауап бере алу

Баға критерийлері :



100 балл- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде

95% балл Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде.

90% балл Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 20-24 сұрақтардан болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, жүйелі дұрыс ойлай алғанда және 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

85% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 18-19 сұрақтарға ғана жауап беріп, қателіктер жіберіп, 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

80% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және 6-7 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

75% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 13-14 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес,10-12 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

65% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 8-9 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

60% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, 5-7сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

55% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Әдебиеттер көрсетілмеген, немесе 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

50% балл – – мұқаба беті жоқ, кесте толтырылған бірақ толық емес, дұрыс құрастырылмаған әдебиеттер толық емес 2 әдебиет ғана бар немесе ескі әдебиеттер келтірілген (2000жылға дейінгі)

45% балл – СӨЖ ді тапсырмағанда немесе СӨЖ бар бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар қойылған талаптарға жауаптар жоқ болғанда.

8.Ұсынылатын әдебиеттер



Негізгі:

  1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004

  2. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2007

  3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007




  1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998

  2. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Асанбаева Р.Д. «Белоктар, белоктар биосинтезі. Молекулярлық генетиканың негіздері», Алматы, 2003

  3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007

  4. Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва

  5. Строев З.С. «Биологическая химия», Москва, 1986

Қосымша:

  1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Асанбаева Р.Д. «Белки, биосинтез белков. Основы молекулярной генетики», Алматы, 1992

  2. Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003

  3. Верболович П.А., Аблаев Н.Р. «Лекции по отдельным разделам биохимии», Алма-Ата, 1985

  4. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биохимии», Алма-Ата, 1977



Бақылау (сұрақтар)

Өздігінен дайындалуға берілген сұрақтар:

Металлопротеиндер, құрылысы, өкілдері, рөлі

Липопротеиндер – құрылысы туралы түсінік, тіндік және сары су липопротеиндерінің айырмашылықтары

Склеропротеиндер – құрылысы, өкілдері, рөлі

Фосфопротеиндер – құрылысы, өкілдері, рөлі

2 СӨЖ
Тақырыбы: Витаминдер

Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер



Мақсаты: 1 – Ағза үшін витаминтәрізді заттардың рөлі, табиғатта таралуы туралы сұрақтарды өздігінен қарастыру.

2 – Антивитаминдердің құрылысы және әсер етуі туралы сұрақтарды өздігінен қарастыру.


Тақырып бойынша тапсырмалар: қарастырылатын тақырыпты келесі сұрақтар бойынша оқу керек:

1) Витаминтәрізді заттар туралы түсінік, олардың жіктелуі, жеке өкілдері: холин, карнитин, пангам, орот, парааминобензой, липой қышқылдары , аденозилметионин, инозит, убихинон, эссенциалды бос май қышқылдары.

2) Антивитаминдер туралы түсінік.

Кестені толтыру (берілген кестелердің біреуін толтыру ұсынылады):

№1 кесте «Витаминтәрізді заттар »




Аты (әріптік белгіленуі)

Құрылысы (формуласы немесе сөзбен)

Табиғатта таралуы

Биологиялық рөлі

Медицинада қолданылуы















№2 кесте «Антивитаминдер»




Аты

Құрылысы (формуласы немесе сөзбен)

Ағзаға түсу жолдары (ағзаға қандай тағамдармен немесе дәрімен түседі)

Механизмі және әсерінің байқалуы














Орындау түрі:

1. кестені толтыру және оны қорғау



Орындау критерийлері:

  • Тақырып бойынша әдебиеттерді жинақтау

  • библиографиясын құрастыру.

  • Ақпараттарды жинастырып бір жүйеге келтіру

  • Кестені толтыру

  • Кестені қорғау

Кестені толтыруға қойылатын талаптар :

Кестені толтыруда қолданылатын әдебиет саны 8-10нан кем болмауы керек ( 2000-ші жылдан және одан жоғары ); әдебиет тізімінде оның жылы, қаласы, елі,

авторлары, шығарған орны, бет саны немесе жорналы, жорналдың аты, мақала, жинақтар, НЭТтегі электрондық адресі;


  • Тексті баяндау кезінде қолданылған әдебиттерге сілтеме берілуі керек;

  • библиографияны дұрыс толтыру керек.

  • СӨЖдің құрылысына кіру керек:

      1. Мұқаба беті,

      2. кесте

      3. әдебиеттердің тізімі.




Сөзжұмбақтың сыртқы мұқаба беті

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА______________________________________________________
Сөзжұмбақ

Тақырыбы: _________________________________________________

_________________________________________________

Ф.И.О. студенттің ата-тегі__________________________________________

Факультет _____________________________________________

Курс ____________________________________________________

ТОП __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________


Алматы, 201_- 201_ оқу жылы




Орындау критерийлері:

Тапсыру мерзімі: 12-ші аптадан кешіктірмеу керек

Бағалау критерийлері:

  • Кафедра талаптарына сәйкес тапсырманы уақытында тапсыру;

  • Кестеге берілген талаптарды орындап оны қорғау;

  • СӨЖ бойынша берілген оқытушының сұрағына дұрыс жауап бере алу



Баға критерийлері:

100 балл- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде

95% балл Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде.

90% балл Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 20-24 сұрақтардан болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, жүйелі дұрыс ойлай алғанда және 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

85% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 18-19 сұрақтарға ғана жауап беріп, қателіктер жіберіп, 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

80% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және 6-7 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.


75% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 13-14 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес,10-12 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

65% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 8-9 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

60% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, 5-7сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

55% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Әдебиеттер көрсетілмеген, немесе 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

50% балл – мұқаба беті жоқ, кесте толтырылған бірақ толық емес, дұрыс құрастырылмаған әдебиеттер толық емес 2 әдебиет ғана бар немесе ескі әдебиеттер келтірілген (2000жылға дейінгі)

45% балл – СӨЖ ді тапсырмағанда немесе СӨЖ бар бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар қойылған талаптарға жауаптар жоқ болғанда.

8. Ұсынылатын әдебиеттер

Қазақ тілінде:
Негізгі:

1. З.С. Сеитов. Биохимия., Алматы,2007

2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007

Қосымша:

1. У. Сайпіл, С.М. Плешкова, С.А. Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. Алматы.,2001

2. С.М Плешкова., К.К Өмірзақова К.К., С.А.Абитаева, Заттар алмасуы және оның реттелуі.,Алматы.,2006

3. С.С.Ерджанова С.С., С.М.Плешкова, Булыгин К.А., А.Е. Есімжан., Ш.А.Бейсенбаева, М.Б. Жангелова. Бала ағзасындағы заттар алмасуы және олардың бұзылуының клиникалық- зертханалық диагностикасы.,Алматы, 2006

4. С.А.Абитаева., Биохимияның кейбір тараулары., Алматы.,2004

5. проф. С.М Плешкованың редакциялауымен. Биохимиядан әдістемелік нұсқаулар- студенттерге арналған- ҚазҰМУ, Алматы, 2004, 2007

6. С.М Плешкова, С.А.Абитаева. С.С.Ерджанова С.С.Жақыпбекова. К.К Өмірзақова, М.Т.Сұлтанова.,Биологиялық химиядан практикум. Алматы.,2004

Орыс тілінде:


  1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», М, 2007

  2. Сеитов З.С. «Биохимия», А, 2000

  3. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», А, 1998,

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Общая патофизиология», т. 1, 2001, С-П.

  5. Хинкл П., Мак-Карти «Как клетки делают АТФ. Молекулы и клетки»

Бақылау:

Сұрақтар:



  1. Витаминтәрізді заттар туралы түсінік.

  2. KoQ ? Құрылысы, қасиетері, маңызы.

  3. Метилметионинсульфоний хлориді, құрылысы, қасиетері, маңызы.

  4. Витамин F, құрылысы, қасиетері, маңызы.

  5. Холин, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  6. Инозит, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  7. Липой қышқылы, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  8. Карнитин, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  9. Орот қышқылы, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  10. Пангам қышқылы, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  11. ПАБК, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  12. Антивитаминдер, мысал келтіру, ағзаға қандай дәрілермен немесе тағадармен түседі, әсер ету механизмі, әсерінің байқалуы.

3 СӨЖ


Тақырыбы: Энзимодиагностика. Энзимотерапия Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы. Ферменттер медицинада.

Мақсаты:

Изоферменттердің қасиеттерін, құрылыстарын өздігінен оқып зерттеу, олардың ауруларды жазудағы және диагностикадағы маңызы.



Тапсырма:

1. Қарастырылатын тақырыпты меңгеру үшін келесі сұрақтар беріледі:



  1. Изоферменттер деген не?

  2. Изоферменттердің ағзалық арнайылықтығы. Лактатдегидрогеназа.

  3. Ферменттердің мөлшері мен активтіліктерінің өлшем бірліктері.

  4. Ферменттердің клиникалық диагностика үшін қолданылуы.

  5. Жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық ет, сүйек, ұйқы безі және зәр шығару жолдарына арналған ағзалық арнайылық ферменттер.

  6. Изоферменттер және жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық ет, сүйек аурулары.

  7. Энзимдік препараттардың мысалдары, қолданылуы

2. Презентацияға арналған тақырыптар:

- изоферменттер, олардың ерекшеліктері және клиникалық анықтаулардағы маңызы;

- биологиялық сұйықтардағы ферменттерді аықтаудың клиникалық маңызы

- энзимотерапия

3. Орындау түрі:

Презентацияға арналған тақырыптардың бірін дайындау және қорғау.



  1. Орындау критерийлері:

  • Тақырып бойынша әдебиеттерді жинақтау

  • библиографиясын құрастыру.

  • Ақпараттарды жинастырып бір жүйеге келтіру

  • Презентацияға арналған тақырыпты қорғау

Презентацияны дайындауға қойылатын талаптар :

  • презентацияның көлемі 15 слайдтан көп болмауы керек;

  • презентацияны дайындауда қолданылатын әдебиет саны 8-10нан кем болмауы керек ( 2000-ші жылдан және одан жоғары ); әдебиет тізімінде оның жылы, қаласы, елі, авторлары, шығарған орны, бет саны немесе жорналы, жорналдың аты, мақала, жинақтар, НЭТтегі электрондық адресі;

  • тақырыпты баяндау кезінде пайдаланған әдебиеттерге сілтеме жасалынуы керек;

  • библиографияны дұрыс құрастыру керек.

  • Презентацияның құрылысына кіру керек:,

      1. Мұқаба беті,

      2. мазмұны (презентацияны беттері ретпен орналасуына қарай баяндау керек),

      3. кіріспе (презентацияның мақсатын, негізін, қарастырылатын мәселелерді, актуалдылығын, шешімін сипаттау керек),

      4. негізгі бөлім (презентацияның әрбір бөлімі жеке мәселелерді ашуы керек немесе оның бір жағын ашу керек, логикалық тәртіп бойынша жүйелі жазылуы керек; бұл бөлімдерде кестелер, сызба нұсқалар, суреттер, графиктер және т.б. ),

      5. қорытынды (қорытынды жасалады, презентацияның тақырыбы бойынша жалпылама қорытынды жасалады, ұсыныстар бойынша жасалуы керек),

      6. әдебиеттердің тізімі.



Презентацияның сыртқы мұқаба беті

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА______________________________________________________
Презентация

Тақырыбы: _________________________________________________

_________________________________________________

Ф.И.О. студенттің ата-тегі__________________________________________

Факультет _____________________________________________

Курс ____________________________________________________

ТОП __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________


Алматы, 201_- 201_ оқу жылы





Тапсыру мерзімі: 12 аптадан кеш қалдырмау керек

Жоғары баға алу критерийлері:

  • Кафедра талаптарына сәйкес тапсырманы уақытында тапсыру;

  • Презентацияға берілген талаптарды орындап оны қорғау;

  • Презентацияны қойылған талаптарға сай құрастыру;

  • СӨЖ бойынша берілген оқытушының сұрағына дұрыс жауап бере алу

  1. Баға критерийлері:

100 балл- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда да орындалса да барлық талаптар есепке алынғанда.

95% балл Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде. Презентация басқа бағдарламаларда да орындалса да барлық әдебиеттер толық есепке алынбағанда.

90% балл Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде сұрақтардан болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, жүйелі дұрыс ойлай алғанда және презентацияда тек негізгі әдебиеттер қолданғанда.

85% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 15слайдтан көп қолданып, қателіктер жіберіп, 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

80% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және 6-7 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

75% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 15слайдтан көп, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес және ескі әдебиеттерді қолданғанда.



70% балл слайд саны 6-7, сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, әдебиеттер саны аз(3-4), немесе ескі әдебиеттерді (2000жылға дейінгі) қолданғанда.

65% балл слайд саны 6-7, сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер, схемалар мен графиктер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, көптеген сұрақтарға жауап бере алмаған, 1-2 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

60% балл слайд саны 6-7, студент сабақ тақырыбы бойынша көптеген қателер жібергенде, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, әдебиеттер саны аз(1-2), немесе ескі әдебиеттерді (2000жылға дейінгі) қолданғанда.

55% балл мұқаба беті жоқ, слайд саны 4-5, студент сабақ тақырыбы бойынша көптеген қателер жібергенде, кіріспесі мен қорытындысы жоқ, кестелер мен суреттер аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар, әдебиеттер саны аз(1-2), немесе ескі әдебиеттерді (2000жылға дейінгі) қолданғанда, қолданған әдебиеттерге сілтемелер жоқ, презентацияның сапасы төмен, бір слайдта көп жол бар, дайындалуы талаптарға сәйкес келмегенде.

50% балл – – мұқаба беті жоқ, кесте толтырылған бірақ толық емес, дұрыс құрастырылмаған әдебиеттер толық емес 2 әдебиет ғана бар немесе ескі әдебиеттер келтірілген (2000жылға дейінгі)

45 балл – СӨЖ ді тапсырмағанда немесе СӨЖ бар бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар қойылған талаптарға жауаптар жоқ болғанда.


8. Ұсынылатын әдебиеттер
Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. З.С. Сеитов. Биохимия., Алматы,2007

2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007

Қосымша:

1. У. Сайпіл, С.М. Плешкова, С.А. Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. Алматы.,2001

2. С.М Плешкова., К.К Өмірзақова К.К., С.А.Абитаева, Заттар алмасуы және оның реттелуі.,Алматы.,2006

3. С.С.Ерджанова С.С., С.М.Плешкова, Булыгин К.А., А.Е. Есімжан., Ш.А.Бейсенбаева, М.Б. Жангелова. Бала ағзасындағы заттар алмасуы және олардың бұзылуының клиникалық- зертханалық диагностикасы.,Алматы, 2006

4. С.А.Абитаева., Биохимияның кейбір тараулары., Алматы.,2004

5. проф. С.М Плешкованың редакциялауымен. Биохимиядан әдістемелік нұсқаулар- студенттерге арналған- ҚазҰМУ, Алматы, 2004, 2007

6. С.М Плешкова, С.А.Абитаева. С.С.Ерджанова С.С.Жақыпбекова. К.К Өмірзақова, М.Т.Сұлтанова.,Биологиялық химиядан практикум. Алматы.,2004

Орыс тілінде:


  1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», М, 2007

  2. Сеитов З.С. «Биохимия», А, 2000

  3. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», А, 1998,

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Общая патофизиология», т. 1, 2001, С-П.

  5. Хинкл П., Мак-Карти «Как клетки делают АТФ. Молекулы и клетки»


Бақылау:

Презентацияны қорғаудың сұрақтары:

  1. Изоферменттер деген не?

  2. Изоферменттердің ағзалық арнайылықтығы. Лактатдегидрогеназа.

  3. Ферменттердің мөлшері мен активтіліктерінің өлшем бірліктері.

  4. Ферменттердің клиникалық диагностика үшін қолданылуы.

  5. Жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық ет, сүйек, ұйқы безі және зәр шығару жолдарына арналған ағзалық арнайылық ферменттер.

  6. Изоферменттер және жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық ет, сүйек аурулары.

  7. Энзимдік препараттардың мысалдары, қолданылуы

4 СӨЖ


1. Тақырыбы: Адам тіндерінің көмірсулары

Адам тіндерінің негізгі көмірсулары, олардың құрылыстары және биологиялық рөлдерікөмірсулары. Негізгі тағам көмірсулары. Көмірсулар жасушаның құрылымдық- қызметтік құрам бөліктері. Гликопротеиндер мен протеогликандардың көмірсулық құрам бөліктерінің құрылымдары мен атқаратын қызметтері.


2. Мақсаты: Өздігінен оқу керек:

1) Адам тіндерінің және тағамның негізгі көмірсулары;

2) Гликопротеиндер мен протеогликандардың медицинада қолданылуы;

3) Моносахаридтер мен дисахаридтердің тұқымқуалаушылық зат алмасуының бұзылуы


3. Тақырып бойынша тапсырма: қарастырылып отырған тақырып бойынша келесі сұрақтарды талдау керек,

- формуланы жазуға көбірек көңіл бөлу керек:



    1. Көмірсуларының жіктелуі, олардың құрылысы мен биологиялық рөлдері.

    2. Негізгі тағам көмірсулары, олардың құрылысы мен биологиялық рөлдері:

    3. а)Крахмалдың құрылысы және биологиялық рөлі, тағамдағы мөлшері;

б) Гликогеннің құрылысы және биологиялық рөлі, тағамдағы мөлшері;

в)Сахарозаның құрылысы және биологиялық рөлі, тағамдағы мөлшері;

г) Лактозаның құрылысы және биологиялық рөлі, тағамдағы мөлшері;

д) Глюкозаның құрылысы және биологиялық рөлі, тағамдағы мөлшері;

е) Фруктозаның құрылысы және биологиялық рөлі, тағамдағы мөлшері;

ж) Рибоз және дезоксирибоза, құрылыстары және биологиялық рөлдері;




  1. Глюкоза мен галактоза молекулаларының бір-бірінен айырмашылықтары неде?

    1. Показать отличие молекулы Глюкоза мен фруктоза молекулаларының бір-бірінен айырмашылықтарын көрсетіңіз.

    2. Рибоза және дезоксирибоза, құрылымдарындағы айырмашылықтар.

    3. Гиалурон мен хондроитинкүкірт қышқылдарының бір-бірінен айырмашылықтарын көрсетіңіз.

    4. Гиалурон қышқылы мен гепариннің бір-бірінен айырмашылықтарын көрсетіңіз.

3. Көмірсулар жасушаның құрылымдық- қызметтік құрам бөліктері. Гликопротеиндер мен протеогликандардың көмірсулық құрам бөліктерінің құрылымдары мен атқаратын қызметтері:

а) нағыз гликопротеиндердің простетикалық топтарының құрылысы, өкілдері;

б) протеогликандардың простетикалық топтарының құрылысы, өкілдері, рөлі.

4. Гликопротеиндер мен протеогликандарды медицинада қолдану.

5. Моносахаридтер мен дисахаридтердің тұқымқуалаушылық зат алмасуының бұзылуы:

глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жоқтығы, галактоземия.
4.Орындау түрі:

Тағамда болатын негізгі көмірсуларының формулалары бар конспектіні дайындау : амилопектин, амилоза, сахароза, лактоза, мальтоза, глюкоза, галактоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза бар немесе осы тақырыпқа байланысты әртүрлі тесттерді құрастыру.



Орындау критерийлері:

  • Тақырып бойынша әдебиеттерді жинақтау

  • библиографиясын құрастыру.

  • Ақпараттарды жинастырып бір жүйеге келтіру

  • Конспект жазу

Конспектіні жазуға және дайындауға қойылатын талаптар :


  • конспектінің көлемі 5-6 беттен аспау керек (жұмысқа қосымшалар конспектінің көлеміне кірмейді);

  • конспектіні дайындауда қолданылатын әдебиет саны 8-10нан кем болмауы керек ( 2000-ші жылдан және одан жоғары ); әдебиет тізімінде оның жылы, қаласы, елі, авторлары, шығарған орны, бет саны немесе жорналы, жорналдың аты, мақала, жинақтар, НЭТтегі электрондық адресі;

  • тақырыпты баяндау кезінде пайдаланған әдебиеттерге сілтеме жасалынуы керек;

  • библиографияны дұрыс құрастыру керек.

  • Конспектінің құрылысына кіру керек:

Мұқаба беті,

мазмұны (презентацияны беттері ретпен орналасуына қарай баяндау керек),

кіріспе (конспектінің мақсатын, негізін, қарастырылатын проблемаларын, актуалдылығын, шешімін, формулирование сути исследуемой проблемы, определение актуальности, цели и задач презентации),

Негізгі бөлімі(конспектінің әрбір бөлімі бөлек проблемаларды ашады немесе бір бөлігін ашады, бұрынғы бөлігінің жалғасы болады; кестелер, сызба нұсқалар, графиктер, суреттер және т.б.),

қорытынды (ұсыныстар бойынша тақырып бойынша қорытынды жасау керек),

әдебиеттердің тізімі.





Конспектінің сыртқы мұқаба беті (тақырып әртүрлі тестердің түрлері бар бөліктерге бөлінген тапсырмалардан тұрады)

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА______________________________________________________
Конспект ( тақырып әртүрлі тестердің түрлері бар бөліктерге бөлінген тапсырмалардан тұрады)

Тақырыбы: _________________________________________________

_________________________________________________

Ф.И.О. студенттің ата-тегі__________________________________________

Факультет _____________________________________________

Курс ____________________________________________________

ТОП __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________


Алматы, 201_- 201_ оқу жылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет