Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)



бет13/18
Дата10.06.2017
өлшемі8,19 Mb.
#18986
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Негізгі:


1. Плешкова С.М., К.Қ.Өмірзақова, Абитаева С.А. Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2006. – 193-214 бет, 223-232 бет.

2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова, Биологиялық химия, Қарағанды, 2007

3.С.М.Плешкова және басқалары. «Биохимия пәнін өздігінен оқып-білуге арналған оқу құралы. 2 бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі», А., 2009- 164-188, 254-275.
Орыс тілінде:

1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия»- М., 2004 –С.248-251, 263-266

2. Николаев А.Я. «Биологическая химия»-М., 2007- С.380-387, 427-430

3. Северин Е.С. «Биологическая химия»- М., 2008 –С.534-575, 592-597

4. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004

5. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003

6. Кольман Я., Рем., К-Г., «Наглядная биохимия»., М.: Мир,2004

7. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005

8. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М. Адекенов- Астана, 2003

9. Сеитов З.С. «Биологическая химия», Алматы, 2000г.

10. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов», Алматы, 2004
8.Бақылау:

Сұрақтар:

1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.

2. Гормондар, түсінік. Гормондардың түзілетін орындары.

3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.

4. Гормондардың жалпы қасиеттері.

5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.

6. Гормондардың әсер ету механизмдері:

а) біріншілік механизм – жасуша ішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы.

б) екіншілік механизм – белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;

в) үшіншілік механизм – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.

7. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Әсер ету механизмдері. Нысана органдарына әсері. Секрециясының реттелуі.

8. Тиреоидты гормондар,олардың синтезі. Әсер ету механизмдері. Физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

9. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипофункциясының биохимиялық негіздері

10. Эндемиялық зоб.


Жаттығулар:

    1. Жасушаның гормон әсеріне сезімталдығы неге тәуелді?

    2. Гормон рецепторлары жасушаның қай бөлігінде орналасуы мүмкін?

    3. Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар неліктен қысқа уақыт әсер етеді?

    4. Аденилатциклаза катализдейтін реакцияны жазыңыз.

    5. Активсіз протеинкиназа А-ның құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

    6. Протеинкиназаның қандай түрлері болады?

    7. Активсіз протеинкиназаG-дің құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

    8. Гуанилатциклазды жүйенің түрлері. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

    9. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза қандай лигандтар арқылы активтенеді? Олар қандай органдарда кездеседі?

    10. Гуанилатциклазаның ерітіндідегі формасын қандай заттар активтендіреді?

    11. Бұлшық ет тінінің қандай белогы кальмодулиннің аналогы болып табылады?

    12. Инозитолтрифосфат пен диацилглицериннің түзілу реакциясын жазыңыз.

    13. IIмеханизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

    14. IIIмеханизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

    15. Инсулин рецепторының құрылысы.

    16. ІIIмеханизм бойынша әсер ететін гормондардың әсерінен қандай ферменттік жүйе активтенеді?

    17. Кейбір дәрілік препараттар (кофеин және теофиллин) фосфодиэстераза ферментінің (цАМФ-ті жай АМФ-ке айналдыратын реакцияны катализдейтін фермент) әсерін тежейді. Осы препараттарды енгізгенде қандағы май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді?

Тесттер:

1.Гормондар химиялық табиғаты бойынша:

А) жай белок

В) күрделі белок

С) холестерин туындысы

D) амин қышқылдарының туындысы

Е) көмірсулардың туындысы



2.Қандай гормон құрылысы бойынша гликопротеин болып табылады:

А) тиреотропты гормон

В) вазопрессин

С) глюкагон

D) окситоцин

Е) инсулин



3.Гормондар өз әсерін тигізеді:

А) лизосомалар арқылы

В) натрий каналдары арқылы

С) АТФ-азаның көмегімен

D) рецепторлар арқылы

Е) тасымалдаушы РНҚ-ң көмегімен



4.Гормондар қанда төмендегі қосылыстармен байланысқан күйде кезедеседі:

А) май қышқылдарымен

В) фибриногенмен

С) липопротеидтермен

D) альбуминдермен

Е) коллагенмен



5.Гормонның активті формасы болып табылады:

А) белокпен байланысқан

В) липидпен байланысқан

С) гидроксилденген

D)бос

Е) гликозилденген



6. Гормондардың жасушаішілік делдалдары болып табылады:

А) ДАГ пен инозитолтрифосфат

В) Са2+

С) ацетил-КоА

D) убихинон

Е) циклді нуклеотидтер



7. цАМФ тәуелдіпротеинкиназа тездетеді:

А) белоктардың гидролизін

В) мембрана белоктарының фосфорлануын

С) рибосома белоктарының фосфорлануын

D) фосфорилаза мен липазаның активтенуін

Е) пируваттың фосфорлануын



8. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза кездеседі:

А) бүйрек каналдарының жасушаларында

В) май тінінің жасушаларында

С) қан тамырларының тегіс салалы бұлшық етінің жасушаларында

D)ішектің эпителий жасушаларында

Е) сүйек тінінің жасушаларында



9. Паратгормон бүйректе стимулдейді:

А) натрий мен калийдің экскрециясын

В) натрий реабсорбциясын, калий экскрециясын

С) Са реабсорбциясын, фосфаттардың экскрециясын

D) фосфаттардың реабсорбциясын, Са экскрециясын

Е) Са мен фосфаттардың реабсорбциясын



10. Трийодтиронин оксидоредуктазалардың синтезін арттырады, сондықтан:

А) БТ жылдамдайды, энергия көп бөлінеді

В) БТ жылдамдайды, энергия аз бөлінеді

С) көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы артады

D)көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы баяулайды

Е) БТ баяулайды, энергия аз бөлінеді

11 Сабақ.


  1. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар: инсулин, глюкокортикостероидтар, глюкагон, адреналин, соматотропты гормон, соматомединдер.


2. Мақсаты: Студенттерде

-көмірсулар алмасуын реттейтін гормондардың әсер ету механизмі, химиялық табиғаты, гормондардың биологиялық маңызы туралы;

-қантты диабетте пайда болатын биохимиялық бұзылыстар туралы білімді қалыптастыру
3. Оқыту міндеттері: 1. Инсулин, глюкагон, адреналин, норадреналин, глюкокортикостероидтардың, соматотропты гормонның, соматомединдердің әсер ету механизмін, физиологиялық әсерін, секрециясының реттелуін қарастыру.

2. Қантты диабет кезіндегі биохимиялық өзгерістерді талдау. 3.Студенттерді топпен жұмыс істеуге үйрету



4.Өткізілу түрі

1.Аз топпен жұмыс

2. Рөлдік ойын
Тақырып бойынша тапсырмалар:

Аз топпен жұмыс: топ төрт топшаға бөлінеді:

Әр топшаға гормон беріледі, бұл гормондардың көмірсулар, белоктар, липидтер алмасуына әсерін талдау үшін уақыт беріледі.

Сабақ материалдарын талдау барысында «Көмірсулар алмасуына әсер етуші гормондар» кестесі толтырылады:

1-топша инсулин мен глюкагон

2-топша катехоламиндер 3-топша ГКС 4-топша соматотропты гормон мен соматомединдер



Гормондар

Көмірсу алмасу

Белок алмасуы

Липид алмасуы

Қандағы глюкозаның деңгейі

Инсулин













Глюкагон













Адреналин













Норадреналин













ГКС













СТГ













Соматомединдер














Рөл бойынша ойын

Ойынға 4 студент қатысады (1-топ).Ойын коммуникативті дағдыны дамытуды қамтамасыз етеді: дұрыс сұрақ қоя білуді, дәрігердің науқаспен қатынасын, дұрыс анализ жасауға үйретеді.

Дәрігер

Науқас-2



Дәрігер-биохимик

1) Бірінші науқаста қантты диабеттің симпомы байқалады. Науқас ол симптомдарды атап шығуы керек.

Дәрігердұрыс тексеру жасауы керек.Науқаспен сөйлесіп, содан кейін биохимиялық сараптама жасауға жіберу керек.

Биохимик науқастың биохимиялық сараптамасының нәтижесімен танысу керек (Дәрігер мен биохимик – осы зерттеулерді орындауы керек.

Соңында алынған зерттеулердің нәтижесін талдау арқылы дұрыс диагноз қоюы керек.


2)Екінші науқаста қантсыз диабеттің симптомы байқалады. Науқас ол симптомдарды атап шығуы керек.

Дәрігер дұрыс тексеру жасауы керек. Науқаспен сөйлесіп, содан кейін биохимиялық сараптама жасауға жіберу керек.



Биохимик науқастың биохимиялық сараптамасының нәтижесімен танысу керек (Дәрігер мен биохимик – осы зерттеулерді орындауы керек.

Соңында алынған зерттеулердің нәтижесін талдау арқылы дұрыс диагноз қоюы керек.


6.Оқыту құралдары: кафедраның оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары, тақырып бойынша кестелер, гормондар, көмірсу алмасуын реттейтін гормондар бойынша дәрістің электронды нұсқасы, рөлдік ойынның сценарийі.
Рөлдік ойынның сценарийі.

Бір науқас (Серік) соңғы уақытта қатты шөлдеу, жиі зәр шығару (полиурия) байқалатыны туралы шағымданады.

Дәрігер. Дұрыс диагноз қою үшін алдымен қанда және зәрде глюкозаны анықтау керек екенін шешті.

Екінші науқас (НД) жиі шөлдейтіні және бөлінетін зәр мөлшерінің артқаны (полиурия) туралы шағымданды.

Дәрігер. Бұл науқасқа да қанда және зәрде глюкозаны анықтау керек екенін айтты.

Биохимикдәрігер берілген көрсеткіштерді анықтады.

Қантты диабетпен ауыратын науқаста (Серік) гипергликемия және глюкозурия анықталды, ал екінші науқастың (НД) қанында глюкоза нормада, ал эәрінде глюкоза анықталмады. Зәрдің тығыздығын анықтаған кезде, қантты диабетпен науқаста зәр тығыздығы жоғары, ал қантсыз диабетпен науқаста зәр тығыздығы төмен болды.

Сонымен бірінші науқасқа, айтылған өзгерістер инсулиннің жетіспеуіне байланысты қантты диабет деп диагноз қойылды, ал екінші науқасқа қантсыз диабет деп диагноз қойылды, ол вазопрессиннің жетіспеумен байланысты.




6.Әдебиеттер.

Негізгі:

1. Плешкова С.М. және басқалары «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы 2006, 137-192 бет

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», 2004 г. – С. 248-293

3. Северин Е.С. 2008 г. «Биохимия», 2008 г. стр. 538-604


Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г. стр. 380-432

Қосымша:

1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии» - Алматы, 1998 – С.521-568

2. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. – Биохимические основы действия витаминов и гормонов – Алматы, 2004 – С. 67-77, 114-121

3. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005 – С. 218-220, 257, 258,

4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Основы патохимии» - Санкт-Петербург, 2000 – С. 458-523, 565-599

5. Сеитов З.С. «Биохимия», 2000 – С. 354-365

6. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994 – С. 149-153, 345-353

7. Р.Марри, Д. Греннер, П.Мейес, В. Родуэлл – Биохимия человека (перевод с англ) – М., Мир: 1993 – том 2 – С. 170-185, 228-246; том 1 – С. 242-245

8. В.Дж. Маршалл – Клиническая биохимия – Москва, 1999 – С. 123-140, 174-186

9. Потемкин В.В. «Эндокринология», 1999 – С. 145-149, 215-225

10. Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 – С. 23-46

11. Назаренко Г.И., Кишкун А.А. – Клиническая оценка результатов лабораторных исследований – М., Мед, 2002 – С. 394-411, 423-445, 455


7.Бақылау


Жаттығулар:

1. Қандай гормондар контринсулярлыға жатады және олар неге солай аталады?

2. Кортикостероидтар қандай топтарға бөлінеді?

3. Гормондар метаболизмді ферменттердің активтілігін өзгерте отырып реттейді деген дұрыс па? Дәлелдеңіз.

4.Қандай гормондар ыдырау процесін арттырады? Атаңыз.

5.Анаболикалық гормондарға қайсылары жатады және неге?

6.Адреналин, ГКС және глюкагон әсер етуінің қандай ортақ белгілері бар?

7.Аталған гормондардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. .

8.Апаттан құтқару негізінде адреналин ағзада энергетикалық ресурстарды арттыра алады. Осы механизмді түсіндіріңіз.

9.Глюкокортикостероидтар эйказаноидтардың синтезін қалай ингибирлейді?


Жағдайлық есептер:

1. Зерттелетін зәрде глюкоза анықталды, кетон денелерін ашатын реакция оң болды. Ауыздан жеміс иісі шығады. Сіздің болжам диагнозыңыз.

2. Науқасқа инсулинді еңгізгенде есінен айырылды. Сіз не істейсіз? Неге инсулиннің үлкен дозасын еңгізгенде осындай эффект болады?

3. Қантты диабеттің негізгі симптомдарын есіңізге түсіріңіз. «Қантты диабет–бұл баршылықтағы аштық» деген мағынаны түсіндіріңіз.Үнемі және жиі «фаст фудпен» тамақтанатын адамдар артық дене салмағын жинауға және семіруге бейім.Мұндай тақтануда метаболизмнің қандай өзгерістері семіруге әкеледі? Семіру қандай гормонның әсерімен байланысты?

4. Қантты диабетпен немесе стероидты диабетпен ауырмайтын науқас тісін жұлдыруға дәрігерге келді, оның қанындағы глюкоза мөлшері 7,5 ммоль/л болды. Науқастың қанындағы глюкоза мөлшерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?

5.Бұлшық етінің әлсіздігіне, жарасының жазылуының нашарлауына, остеопороз және пародонтозға шағымданған науқастың қанында глюкоза концентрациясы8 ммоль/л, мочевина – 10 ммоль/л, кетон денелері – 2 мг/дл, инсулина мен С – пептид мөлшері нормада. Бұнымен қатар тәуліктік зәрінде мочевина мөлшері артқаны байқалды. Бұл кездегі гипергликемия және азотемия себептерін түсіндіріңіз.Неге науқаста жоғарыда көрсетілген симптомдар байқалады? Науқас шалдыққан ауруды атаңыз.

6. Бұлшық етінің салмағын өсірген спортсмен – культуристерге тренер ұзақ уақыт дене еңбегімен шұғылдануға тыйым салады. Мұндай ұсыныстың себебін түсіндіріңіз.

7.Аурухананың қабылдау бөліміне көшеде есінен танып құлап қалған қыз түсті.

Науқастың туысқандары оның анорексия екенін және 5 апта тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Тексеру кезінде науқастың қанында глюкоза деңгейі1,8ммоль/л, кетон денелері – 250 мкмоль/л, қан рН 7,1 болды. Науқасты есінен тануға әкелген қанының көрсеткіштерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.

8. Қантты диабетті ұзақ уақытгликлазидпен (сульфомочевина туындысы) емдегеннен кейін науқаста гипогликемия байқалды.Дәрілік препараттар ­ сульфомочевина туындысы инсулин секрециясын арттырады. Гликозид ұйқы безінің ­жасушасының плазмалық мембранасының рецепторымен байланысқан кезде мембраналық К+ - каналы жабылады. Науқастың қанында глюкоза деңгейінің төмендеу механизмін түсіндіріңіз.

9. Кейбір дәрілік заттар (кофеин және теофиллин) цАМФ­ті жай АМФ­ке айналдыратын фосфодиэстераза ферментінің әсерін тежейді. Бұл препараттарды берген кезде қанда май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді? Май тініне адреналиннің және осы препараттардың әсерін схема түрінде көрсетіңіз.

10. 39­жастағы ер адамда май қарынында жиналып семірген,стрии, гипертензия. Чарльз соңғы екі жылда өзінің сыртқы келбеті мен денсаулығында біраз өзгерістер болғанын байқады. Салмағы 13,5 кг артты май беті мен қарынына жиналады.Ішінде қоңыр жолақтар , бетінде безеу, кеудесі мен арқасында дақтар пайда болды.Оның беті үнемі күн мен желде ұзақ болғандай қызарып тұрады. Бұлшық етінің күші азаяды. Микроавтобусқа кіріп шығуы қиындады, кейде орындықтан тұруға қолымен көмектесу керек болды.Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?



ТЕСТТЕР

1. Глюкокортикостероидтар тездетеді:

1. тироксиннің трийодтионинге айналуын

2. инсулиннің ингибирленуін

3. бауырдағы соматомединдердің синтезін

4. норадреналиннің адреналинге метилденуін

5. амин қышқылдарының декарбоксилденуін



2. Төмендегі гормондардың қайсысы қабынуға және аллергияға қарсы әсер көрсетеді:

1. катехоламиндер

2. инсулин

3. жыныс гормондары

4. глюкокортикостероидтар

5. минералокортикостероидтар



3. Гипергликемия, аминқышқылдары, БМҚ мөлшерінің қай гормонның әсерімен түсіндіруге болады:

1. инсулиннің

2. кортизолдың

3. альдостеронның

4. тестостеронның

5. вазопрессиннің

4. Адреналин синтезделеді:

1. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

2. гипофиздің артқы бөлігінде

3. қалқанша безінде

4. бүйрек үсті безінінің милы қабатында

5. ұйқы безінің Лангерганс аралшығында

5. Норадреналин:

1. қандағы Са 2+ мөлшерін жоғарылатады

2. гипогликемия тудырады

3. қан тамыры ішілік липолизді күшейтеді

4. артериалдық қысымды арттырады

5. ас қорыту жүйесінің ферменттерін секрециялайды

6. Адреналин:

1. қан құрамындағы Са2+ мөлшерін төмендетеді

2. қан құрамындағы Са2+ мөлшерін жоғарылатады

3. гипогликемияны тудырады

4. гипергликемияны тудырады

5. катаболикалық процестерді тездетеді


2 дұрыс жауапты табыңыз
7. Адреналин әсер етеді:

1. үшінші механизм бойынша

2. екінші механизм бойынша

3. ядролық рецептор арқылы

4. аденилатциклаза арқылы

5. ц-ГМФ арқылы



8. Адреналиннің -рецепторы орналасады:

1. бауырда

2. шеткі тамырлардың тегіс бұлшық еттерінде, ішекте

3. миокардта

4. май тінінде

5. ми тінінде



4 дұрыс жауапты табыңыз

9. Инсулин өзінің негізгі әсерін тигізеді:

1. анаболикалық реакцияларды жоғарылату арқылы

2. май тінінде липолизді стимулдеу арқылы

3. БМҚ бетта-тотығудан күшейту арқылы

4.жасушаларға глюкозаның тасымалдануын

5. жасушаның бөлінуін арттыру арқылы



3 дұрыс жауапты табыңыз

10. Инсулин рецепторлары болмайды:

1. бауырда

2. май тінінде және бүйректе

3. жүректе

4. нерв жасушаларында және хрусталикте

5. эритроциттерде



2 дұрыс жауапты табыңыз

11. Инсулин жетіспеуі кезінде байқалады:

1. гипергликемия және глюкозурия

2. гиперкетонемия және кетонурия

3. метаболиттік ацидоз (қанның рН төмендейді)

4. гликогеногенез күшейеді

5. бұлшық ет белоктарының ыдырауы



4 дұрыс жауапты табыңыз

12. Инсулин тәрізді әсер көрсетеді:

1. соматомединдер

2. эстрогендер

3. тестостерон

4. кортикостерон

5. адреналин



13. Қантты диабет гипергликемиямен сипатталатын, келесі гормонның синтезі жеткіліксіз болуынан дамиды:

1. глюкагон

2. тиротропин

3.инсулин

4. окситоцин

5. тироксин

11 ОСӨЖ.


  1. Тақырыбы:Заттар алмасуының гормондар арқылы реттелуі.

  2. Мақсаты: Студенттердің «Заттар алмасуының реттелуі. Гормондар» тақырыбы бойынша алған білімдерінің меңгерілу тереңдігін айқындау.

3.Оқыту міндеттері:

  1. Студенттердің гормондар туралы алған білімдерін демонстрациялық экспериментті безендіру және кесте толтыру үшін қолдануға үйрету.

4. Өткізу формасы:

    1. демонстрациялық эксперимент.

    2. кесте толтыру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1.Демонстрациялық эксперимент – оқытушы студенттерді эксперименттің принципімен таныстырады (Практикум бойынша № 102 зертханалық жұмысты қараңыз). Студенттер шағын топтарда жұмыс жасайды. Бір тобы қандағы глюкоза деңгейіне адреналиннің әсер етуі бойынша мәліметтерді, екіншісі – инсулиннің әсері бойныша мәліметтерді ұсынады. Кестені толтырып, график сызады. Әр топшадағы студенттер мәліметтерімен алмасады. Қорытынды жасайды.


Оқытушыларға арналған:

Гормондарды енгізгеннен кейінгі қан алған уақыт

Қандағы глюкоза мөлшері, мМоль/л

Инсулин енгізгенге дейін

30 мин. өткен соң

60 мин. өткен соң

90 мин. өткен соң



5,5 мМоль/л

2,2 мМоль/л

4,4 мМоль/л

5,5 мМоль/л



Адреналин енгізгенге дейін

30 мин. өткен соң

60 мин. өткен соң

90 мин. өткен соң



5,5 мМоль/л

11 мМоль/л

7,7 мМоль/л

5,5 мМоль/л




2.Кесте толтыру: «Эпифиз, гипоталамус, гипофиз, жыныс бездерінің гормондары, натрий-уретикалық фактор, альдостерон және дезоксикортикостерон, тироидты гормондар»


Гормонның аталуы

Түзілетін орны

Химиялық табиғаты

Нысана-жасушалары

Әсер ету механизмі

Физиологиялық әсері

Секреция-сының реттелуі





















Оқытушы студенттердің жұмысын қадағалайды, қиын сұрақтарды анықтайды.


6.Таратылатын материал:

силлабус, биохимиядан практикум, оқытушыларға арналған сценарийі бар әдістемелік нұсқау, «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып–білуіне арналған оқу құралы», 2-бөлім.



7. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Плешкова С.М. және басқалары «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы 2006, 193-262 бет.

Қосымша:

  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 бөлім: Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

  2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007.

  3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 ж., 155-197, 483-493, 529-531 бет.

  4. У.Сайпіл, К.Қ.Өмірзақова “Заттар алмасуы”, Алматы, 2004 ж.

  5. Биохимиядан студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тест сұрақтары.- Алматы, 2008ж.

  6. Плешкова С.М. және басқалары. “Практикум”, Алматы, 2004

Орыс тілінде:

  1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, с 582-585

  2. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2007, с

  3. Северин Е.С. «Биохимия»,Москва, 2008, с.

  4. Плешкова С.М. и соавт. “Учебное пособие для самостоятельного изучениябиохимии ”, Алматы, 2009, 2 том.

  5. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. – Биохимические основы действия витаминов и гормонов – Алматы, 2004 – С. 67-77, 114-121

  6. Аблаев Н.Р. “ Биохимия в рисунках и схемах ”, Алматы , 2005

  7. Марри Р. и др. «Биохимия человека», 2003

  8. Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000

  9. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Основы патохимии» - Санкт-Петербург, 2000 – С. 458-523, 565-599

  10. Назаренко Г.И., Кишкун А.А. – Клиническая оценка результатов лабораторных исследований – М., Мед, 2002 – С. 394-411, 423-445, 455

  11. В.Дж. Маршалл – Клиническая биохимия – Москва, 1999 – С. 123-140, 174-186

  12. Потемкин В.В. «Эндокринология», 1999 – С. 145-149, 215-225

  13. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы,1998

  14. Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 – С. 23-46

  15. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994 – С. 149-153, 345-353

  16. Р.Марри, Д. Греннер, П.Мейес, В. Родуэлл – Биохимия человека (перевод с англ) – М., Мир: 1993 – том 2 – С. 170-185, 228-246; том 1 – С. 242-245


7.Бақылау:

Сұрақтар:



  1. Эпифиздің негізгі гормонының физиологиялық әсері. Ол қалай аталады?

  2. Гипоталамустың либерин гормондарын атаңыз.

  3. Гипофиздің гонадотропты гормондарын атап, физиологиялық әсерін көрсетіңіз.

  4. Гипергонадизм неліктен және қалай байқалады?

  5. Гипогонадизм неліктен және қалай байқалады?

  6. Натрийуретикалық фактор бүйрекке қалай әсер етеді?

  7. Альдостерон қандай белоктардың синтезін күшейтеді?

  8. Гипертиреоз бен гипотиреоз кезінде неліктен АТФ түзілуі төмендейді?

  9. Гипертиреоз бен гипотиреоз кезінде ТТГ деңгейі қалай өзгереді?

12 сабақ



  1. Тақырыбы:Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктары, қалдық азоттың заттары, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.

  2. Мақсаты:

    1. Студенттерде қан плазмасының негізгі органикалық қосылыстары, олардың қалыпты мөлшері және олардың мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы туралы алған білімдерді бекіту;

    2. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу к Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу кезінде және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу кезінде студенттердің дағдылар мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу;

  2. Кестелер толтыру;

  3. Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және Ғаламтордан ақпараттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Қан плазмасының химиялық құрамы, оның қан сарысуынан айырмашылығы;

    2. Қан плазмасының белоктары, маңызы, өкілдері, қасиеттері, қалыпты мөлшері және патология кезінде өзгерістері.

    3. Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия туралы түсініктер және олардың пайда болу себептері, түрлері.

    4. Қанның қалдық азоты, қалыпты жағдайдағы мөлшері, химиялық табиғаты, оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.

    5. Гиперазотемияның түрлері және оның пайда болу себептері.

    6. Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, олардың химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезіндегі өзгеруі.


5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Әдіс – құрамалау әдісі: оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары (кестені толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

. Оқыту құралдары: дәріс («Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері» - Биохимияның кейбір тараулары /Абитаева С.А. - 2004 ), тесттік тапсырмалар, жағдайлық есептер, жаттығулар.

Сабақтың сценарийі:


Мазмұны

Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы

Уақыты

  1. ОСӨЖ ұйымдастыру бөлігі;

  1. Тақырып және тапсыр-малар бойынша кеңес беру;

  2. Оқытушының жетекшілі-гімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыс-тары (кестені толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

Оқу журналы, жағдайлық есептер.

Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі бар әдістемелік нұсқау. Силлабус. Видеофильм. Плешкова С.М. және т.б. «Биологиялық сұйықтықтар мен адам тіндерінің биохимиясы. -» - Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 3 бөлім – Алматы, 2009 ж, 90-111бет.



  1. 10 мин

  2. 30 мин

  3. 60 мин



Сабақтың сценарийіне түсініктеме:


  1. Ұйымдастыру бөлігі –оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дың мақсаты мен оқу міндеттерімен таныстырады.




  1. Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру: оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіріп, әр студенттке тапсырма береді.




  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары: студенттер шағын топтарда жағдайлық есептер мен жаттығуларды шығарады және кестелерді толтырады.

Топты шағын топшаларға бөліп алуды ұсынылады. Барлық студенттер барлық кесетелерді толтыру үшін әр топшаға кезегімен кесте толтыру жұмысы беріледі. Шағын топта жұмыс жасау –бұкіл топ 5-6 топша болатындай 3-5 студенттен үш топшаға бөлінеді.
1 кесте – Қан плазмасының негізгі белоктары, олардың ролі, диагностикалық маңызы

Белоктар

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Патология кезінде өзгеруі

Альбуминдер







Глобулиндер:

1 - глобулиндер









2- глобулиндер







- глобулиндер







- глобулиндер







Фибриноген






2 кесте – Қан плазмасының қалдық азотының құрамына кіретін заттар



Өкілдері

Қан плазмасындағы қалыпты мөлшері

Неден және қай жерде түзіледі

Қандай жағдайда қандағы мөлшері артады

Мочевина










Несеп қышқылы










Креатин










Креатинин










Жалпы билирубин










Индикан










Гомоцистеин










3 кесте. Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары


Өкілдері

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Қайда және қандай үдерістің нәтижесінде түзіледі

Қандай жағдайларда қандағы мөлшері артады

Қандай жағдайларда қандағы мөлшері төмендейді

Глюкоза













ТТЛП/ТЖЛП













Лактат













пируват













Кетон денелері













Триглицеридтер













Холестерин












Кестелерді толтырған соң және оқытушы оларды тексерген соң студенттер кафедраның оқу құралында берілген жаттығулары мен жағдайлық есептерді шығарады. Жұмысты шағын топтарда жалғастыруға болады. Оқытушы аудиторияда болып, студенттердің жұмысын бақылап отырады. Қажет болған жағдайда түсіндіреді және нәтижелерін тексереді.


6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004ж.

  2. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 483-487 бет.

  3. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 5-35, 138-140.

  4. Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 488-502.

  5. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 567-582.

Қосымша:

  1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 97-103.

  2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім. Биологиялық сұйықтықтар мен адам тіндерінің биохимиясы. - Алматы, 2009 ж., 7-29 бет.

  3. Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 57-58.

  4. Аблаев Н.Р. «Биохимия в рисунках и схемах», Алматы, 2005 г, с. 270-310

МАМАНДЫҒЫ: Стоматология


КАФЕДРА: Биологиялық химия

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

КУРС: 2
ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: кафедра оқытушылары

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1 29 тамыз 2012 ж.


Бекітілді

Кафедра меңгерушісі

Профессор ____________________________ Плешкова С.М.

№1 СӨЖ

Тақырыбы: Белоктар биохимиясы

Құрылымдық белоктар (коллагендер, эластиндер, кератиндер) және күрделі белоктар (фосфо-, липо- және металлопротеиндер)


Мақсаты:

1. Жай фибриллярлы белоктар және күрделі белоктар(металлопротеиндер, липопротеиндер, фосфопротеиндер) туралы білімді жинақтау

2. Мамандыққа сай әдебиеттермен және интернетпен жұмыс істеу арқылы дағдылану мен анализ жасауға машықтану


Тақырып бойынша тапсырмалар:

Қарастырылатын тақырып материалын келесі сұрақтар бойынша оқу:



  1. Склеропротеиндердің (коллагендер, эластиндер, кератиндер) құрылысы, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, атқаратын қызметтері;

  2. Күрделі белоктардың (фосфо-, липо-, металлопротеидтер) құрылысы, қасиеттері, атқаратын қызметтері.

  3. Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.


Орындау түрі:

  • Тақырып бойынша сөзжұмбақты құрастыру және оны қорғау.




Сөзжұмбақтың сыртқы мұқаба беті

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА______________________________________________________
Сөзжұмбақ

Тақырыбы: _________________________________________________

_________________________________________________

Ф.И.О. студенттің ата-тегі__________________________________________

Факультет _____________________________________________

Курс ____________________________________________________

ТОП __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________


Алматы, 201_- 201_ оқу жылы





Орындау критерийлері:

Сөзжұмбақ құрастыруға және безендіруге қойылатын талаптар:

  • сөзжұмбақта тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылу керек;

  • сөзжұмбаққа кем дегенде 50 сөз кіру керек, оның ішінде 25 сөзі - жай белоктар бөлімінен, 25 сөзі - күрделі белоктар бөлімінен;

  • қолданылатын әдебиет саны 8-10 кем болмау керек;

  • сөзжұмбақ сауатты дайындалуы және безендірілуі керек;

  • сөзжұмбақ сұрақтары берілген бойынша қолданылған әдебитіне сілтеме берілу керек;

  • библиографияны дұрыс жазу қажет.

Сөзжұмбақтың құрылысы:

  • мұқаба беті;

  • көлденең бойынша сөздер нөмерлері белгіленіп беріледі;

  • тік бойынша сөздер нөмерлері белгіленіп беріледі;

  • сөзжұмбақтың жауаптары көлденең және тік бойынша берілген сөздерінің нөмерлері белгіленіп көрсетіледі;

  • қолданған әдебиетінің тізімі (қазіргі кездегі әдебиеттердің саны жеткілікті болу қажет және 2000жылдан жоғары әдебиеттер беріліп, бет саны көрсетілуі қажет, журналдардың, мақалалардың, электрондық мекен жайлар көрсетілуі керек).

Тапсыру мерзімі: ағымдағы семестрдің 2 аптасынан кешікпей өткізу.
Бағалау критерийлері:

  • Кафедра талаптарына сәйкес тапсырманы уақытында тапсыру;

  • Сөзжұмбаққа берілген талаптарды орындап оны қорғау;

  • СӨЖ бойынша берілген оқытушының сұрағына дұрыс жауап бере алу

Баға критерийлері :



100 балл- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде

95% балл Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде.

90% балл Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 20-24 сұрақтардан болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, жүйелі дұрыс ойлай алғанда және 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

85% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 18-19 сұрақтарға ғана жауап беріп, қателіктер жіберіп, 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

80% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және 6-7 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

75% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 13-14 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес,10-12 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

65% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 8-9 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

60% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, 5-7сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

55% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Әдебиеттер көрсетілмеген, немесе 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

50% балл – – мұқаба беті жоқ, кесте толтырылған бірақ толық емес, дұрыс құрастырылмаған әдебиеттер толық емес 2 әдебиет ғана бар немесе ескі әдебиеттер келтірілген (2000жылға дейінгі)

45% балл – СӨЖ ді тапсырмағанда немесе СӨЖ бар бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар қойылған талаптарға жауаптар жоқ болғанда.

8.Ұсынылатын әдебиеттер



Негізгі:

  1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004

  2. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2007

  3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007




  1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998

  2. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Асанбаева Р.Д. «Белоктар, белоктар биосинтезі. Молекулярлық генетиканың негіздері», Алматы, 2003

  3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007

  4. Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва

  5. Строев З.С. «Биологическая химия», Москва, 1986

Қосымша:

  1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Асанбаева Р.Д. «Белки, биосинтез белков. Основы молекулярной генетики», Алматы, 1992

  2. Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003

  3. Верболович П.А., Аблаев Н.Р. «Лекции по отдельным разделам биохимии», Алма-Ата, 1985

  4. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биохимии», Алма-Ата, 1977

Бақылау (сұрақтар)

Өздігінен дайындалуға берілген сұрақтар:

Металлопротеиндер, құрылысы, өкілдері, рөлі

Липопротеиндер – құрылысы туралы түсінік, тіндік және сары су липопротеиндерінің айырмашылықтары

Склеропротеиндер – құрылысы, өкілдері, рөлі

Фосфопротеиндер – құрылысы, өкілдері, рөлі

2 СӨЖ


Тақырыбы: Витаминдер

Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер



Мақсаты: 1 – Ағза үшін витаминтәрізді заттардың рөлі, табиғатта таралуы туралы сұрақтарды өздігінен қарастыру.

2 – Антивитаминдердің құрылысы және әсер етуі туралы сұрақтарды өздігінен қарастыру.


Тақырып бойынша тапсырмалар: қарастырылатын тақырыпты келесі сұрақтар бойынша оқу керек:

1) Витаминтәрізді заттар туралы түсінік, олардың жіктелуі, жеке өкілдері: холин, карнитин, пангам, орот, парааминобензой, липой қышқылдары , аденозилметионин, инозит, убихинон, эссенциалды бос май қышқылдары.

2) Антивитаминдер туралы түсінік.

Кестені толтыру (берілген кестелердің біреуін толтыру ұсынылады):

№1 кесте «Витаминтәрізді заттар »




Аты (әріптік белгіленуі)

Құрылысы (формуласы немесе сөзбен)

Табиғатта таралуы

Биологиялық рөлі

Медицинада қолданылуы















№2 кесте «Антивитаминдер»




Аты

Құрылысы (формуласы немесе сөзбен)

Ағзаға түсу жолдары (ағзаға қандай тағамдармен немесе дәрімен түседі)

Механизмі және әсерінің байқалуы














Орындау түрі:

1. кестені толтыру және оны қорғау



Орындау критерийлері:

  • Тақырып бойынша әдебиеттерді жинақтау

  • библиографиясын құрастыру.

  • Ақпараттарды жинастырып бір жүйеге келтіру

  • Кестені толтыру

  • Кестені қорғау

Кестені толтыруға қойылатын талаптар :

Кестені толтыруда қолданылатын әдебиет саны 8-10нан кем болмауы керек ( 2000-ші жылдан және одан жоғары ); әдебиет тізімінде оның жылы, қаласы, елі,

авторлары, шығарған орны, бет саны немесе жорналы, жорналдың аты, мақала, жинақтар, НЭТтегі электрондық адресі;


  • Тексті баяндау кезінде қолданылған әдебиттерге сілтеме берілуі керек;

  • библиографияны дұрыс толтыру керек.

  • СӨЖдің құрылысына кіру керек:

      1. Мұқаба беті,

      2. кесте

      3. әдебиеттердің тізімі.




Сөзжұмбақтың сыртқы мұқаба беті

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА______________________________________________________
Сөзжұмбақ

Тақырыбы: _________________________________________________

_________________________________________________

Ф.И.О. студенттің ата-тегі__________________________________________

Факультет _____________________________________________

Курс ____________________________________________________

ТОП __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________


Алматы, 201_- 201_ оқу жылы




Орындау критерийлері:

Тапсыру мерзімі: 12-ші аптадан кешіктірмеу керек

Бағалау критерийлері:

  • Кафедра талаптарына сәйкес тапсырманы уақытында тапсыру;

  • Кестеге берілген талаптарды орындап оны қорғау;

  • СӨЖ бойынша берілген оқытушының сұрағына дұрыс жауап бере алу



Баға критерийлері:

100 балл- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде

95% балл Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде.

90% балл Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 20-24 сұрақтардан болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, жүйелі дұрыс ойлай алғанда және 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

85% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 18-19 сұрақтарға ғана жауап беріп, қателіктер жіберіп, 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

80% балл Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және 6-7 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.


75% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 13-14 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес,10-12 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 4-5 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

65% балл сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, 8-9 сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

60% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, 5-7сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

55% балл Студент сабақ тақырыбы бойынша нашар бейімделгенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Әдебиеттер көрсетілмеген, немесе 2-3 дұрыс емес ескі әдебиеттерді қолданғанда.

50% балл – мұқаба беті жоқ, кесте толтырылған бірақ толық емес, дұрыс құрастырылмаған әдебиеттер толық емес 2 әдебиет ғана бар немесе ескі әдебиеттер келтірілген (2000жылға дейінгі)

45% балл – СӨЖ ді тапсырмағанда немесе СӨЖ бар бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар қойылған талаптарға жауаптар жоқ болғанда.

8. Ұсынылатын әдебиеттер

Қазақ тілінде:
Негізгі:

1. З.С. Сеитов. Биохимия., Алматы,2007

2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007

Қосымша:

1. У. Сайпіл, С.М. Плешкова, С.А. Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. Алматы.,2001

2. С.М Плешкова., К.К Өмірзақова К.К., С.А.Абитаева, Заттар алмасуы және оның реттелуі.,Алматы.,2006

3. С.С.Ерджанова С.С., С.М.Плешкова, Булыгин К.А., А.Е. Есімжан., Ш.А.Бейсенбаева, М.Б. Жангелова. Бала ағзасындағы заттар алмасуы және олардың бұзылуының клиникалық- зертханалық диагностикасы.,Алматы, 2006

4. С.А.Абитаева., Биохимияның кейбір тараулары., Алматы.,2004

5. проф. С.М Плешкованың редакциялауымен. Биохимиядан әдістемелік нұсқаулар- студенттерге арналған- ҚазҰМУ, Алматы, 2004, 2007

6. С.М Плешкова, С.А.Абитаева. С.С.Ерджанова С.С.Жақыпбекова. К.К Өмірзақова, М.Т.Сұлтанова.,Биологиялық химиядан практикум. Алматы.,2004

Орыс тілінде:


  1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», М, 2007

  2. Сеитов З.С. «Биохимия», А, 2000

  3. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», А, 1998,

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Общая патофизиология», т. 1, 2001, С-П.

  5. Хинкл П., Мак-Карти «Как клетки делают АТФ. Молекулы и клетки»

Бақылау:

Сұрақтар:



  1. Витаминтәрізді заттар туралы түсінік.

  2. KoQ ? Құрылысы, қасиетері, маңызы.

  3. Метилметионинсульфоний хлориді, құрылысы, қасиетері, маңызы.

  4. Витамин F, құрылысы, қасиетері, маңызы.

  5. Холин, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  6. Инозит, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  7. Липой қышқылы, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  8. Карнитин, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  9. Орот қышқылы, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  10. Пангам қышқылы, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  11. ПАБК, химиялық табиғаты, маңызы, ағзаға түсу көздері.

  12. Антивитаминдер, мысал келтіру, ағзаға қандай дәрілермен немесе тағадармен түседі, әсер ету механизмі, әсерінің байқалуы.

3 СӨЖ


Тақырыбы: Энзимодиагностика. Энзимотерапия Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы. Ферменттер медицинада.

Мақсаты:

Изоферменттердің қасиеттерін, құрылыстарын өздігінен оқып зерттеу, олардың ауруларды жазудағы және диагностикадағы маңызы.



Тапсырма:

1. Қарастырылатын тақырыпты меңгеру үшін келесі сұрақтар беріледі:



  1. Изоферменттер деген не?

  2. Изоферменттердің ағзалық арнайылықтығы. Лактатдегидрогеназа.

  3. Ферменттердің мөлшері мен активтіліктерінің өлшем бірліктері.

  4. Ферменттердің клиникалық диагностика үшін қолданылуы.

  5. Жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық ет, сүйек, ұйқы безі және зәр шығару жолдарына арналған ағзалық арнайылық ферменттер.

  6. Изоферменттер және жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық ет, сүйек аурулары.

  7. Энзимдік препараттардың мысалдары, қолданылуы

2. Презентацияға арналған тақырыптар:

- изоферменттер, олардың ерекшеліктері және клиникалық анықтаулардағы маңызы;

- биологиялық сұйықтардағы ферменттерді аықтаудың клиникалық маңызы

- энзимотерапия

3. Орындау түрі:

Презентацияға арналған тақырыптардың бірін дайындау және қорғау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет