Лекция 7-8 Химия тілі химияны оқытудың таным құралы. Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы


В.Н. Верховский мен Л. Сморгонскийдің және басқа да ғалымдардың жазған химияның тұрақты оқулықтары



бет3/4
Дата25.09.2023
өлшемі356,58 Kb.
#182349
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
7-8лекция МОХ — копия

В.Н. Верховский мен Л. Сморгонскийдің және басқа да ғалымдардың жазған химияның тұрақты оқулықтары
1930–1950 жылдарда В.Н. Верховский мен Л. Сморгонский жазған химияның тұрақты оқулықтарында бірсыпыра теориялық және технологиялық тың материалдар енгізіліп, терминдер саны бұрынғыдан анағұрлым артты.
Бұларды аударуда өткен кезеңдегі тәжірибе пайдаланылды, айтылып өткен қателіктер түзетілді. Қазақ сөздерінен баламасы табылмаған интернационалдық терминдер орыс тіліндегі жазылуы мен айтылуын сақтап қабылданды.
Көптеген жаңа нақ көшірмелер жасалып, қазақтың байырғы төл сөздері терминдік мағынаға ие болды. Жаңа терминдер тудыру үшін сөз қосымшалары кеңінен пайдаланылды, мысалы: қоспа қосылыс, қосынды, НСІО4 хлор қышқылы, НСІО хлорлылау қышқыл. Бұл кезеңде химиялық терминдерді сұрыптау әдеби тілдің ғылыми терминологиясын жасаудың жалпы негізіне сай жүргізілді. Өзге жаратылыстану ғылымдарының саласындағы терминдер қабылдау тәжірибесі ескерілді.
1950—1990 жылдарда химия мен химияны оқыту методикасынан орта және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары, химияның орысша-қазақша сөздіктері басылып шықты, химия тілін зерттеу жұмыстарының нәтижесі жарық көрді. Химия терминдерінің саны мен сапасы артып жоғары білімнің ауқымын қамтитын дәрежеге жетті.
3.Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы
Химия терминдерінің молаюы мен жетілуіне Б.А. Бірімжанов, Н.Н. Нұрахметов, X.Д. Молдағалиев, К. Аханбаев, И.Нұгманов ғалымдардың баспадан шыққан қазақ тіліндегі химия оқулықтарының зор ықпалы тиді.Бұл мерзімде терминдерін қабылдау негіздері, қолданылып жүрген терминдерді жетілдіру мәселелері ғылыми тұрғыдан шешімін тапты.
Соңғы уақытқа дейін химия оқулықтарында кеибір әр түрлі категориядағы ұқсас ұғымдар бір ғана терминмен аударылды. Мәселен, предмет және вещество – зат, окисел және окись – тотық, смесь және примесь – қоспа, изменение және превращение вещества – заттың өзгерісі, разделение вещества және распознование вещества – затты ажырату. Осының салдарынан зат заттан тұрады, негіздік тотықтарды тотықтыру деп атайды, қоспаның ішінде қоспа бар деген таптауырын қайталаулар жасалды
Химия пәні, зат, физикалық дене, негіздік тотық, қоспа, қоспаны бөлу, заттарды қасиеттеріне қарай тану ұғымдарының мазмұны, физикалық және химиялық құбылыстардың мәні оқушыға нақтылы жетпеді.
Сондықтан соңғы оқулықтар аудармасында предмет – нәрсе, вещество – зат, окисел – оксид, окись – тотық, смесь – қоспа, примесь – қосымша, изменение – өзгеріс, превращение – айналу, разделение – бөлу, распознование – ажыратып тану болып алынды.
Физикалық дене мен нәрсе мәндес ұғым, екеуі де заттардан жасалады.
Заттардың өзгерісі жаңа зат түзе немесе түзбей жүзеге асуы мүмкін. Айналу – жаңа зат түзе жүретін өзгеріс. Қоспа ең кемі екі заттан тұрады, қосымша – сол екеуінің аз мөлшердегісі.
Оксид – элементтердің оттегімен қосылыстарының жалпы аты, тотық – жеке біреуінің ғана аты.
Азоттың бес оксиді бар, NО ғана тотық деп аталады.
Оқушыларды химиялық терминдермен таныстырғанда этимологиялық талдау әдісі жиі қолданылады.
Химиялық терминдердің жартысына жуығы – орыс тілі, арқылы кірген халықаралық терминдер. Олар тілімізге, әбден сіңісіп, қазақтың төл сөзіне ұқсап кеткен.
Фтор, бром, хлор, пирит және соларға ұқсас терминдердің бөтендігі бадырайып білініп тұрмайды. Оқушылар олардың бастапқы мағынасына ден қоймай қабылдауынан ірі қателіктер жібереді.
Кейде оқушылардан «хлор – түссіз газ», «бром – иісі жоқ сұйықтық» деген жауаптарды есітеміз.
Бром терминінің қазақша мағынасы сасық, хлордікі – жасыл екенін білетін оқушы бұлай айтпаған болар еді.
Әдетте, ат қойғанда заттың басты бір қасиетін, ұғымның мазмұнын ескеруге тырысады. Мәселен, 40-тан астам химиялық элементтің аты аса маңызды қасиеттерінен хабар береді.
Азот – тіршілікке жарамсыз, фосфор – жарық тасушы, барий – ауыр калий – күидіргіш сілті, бериллий – тәтті, фтор – бүлдіргіш, иод – күлгін деген мағынаны білдіреді.
Сондықтан этимологиялық (шығу төркінін) талдау әдісін қолдану оқушылардың химиялық терминдерді саналы қабылдауын қамтамасыз етеді. Әсіресе этимологиялық талдауды элементтің ашылу тарихымен және химиялық экспериментпен ұштастыра жүргізу тиімді.
Иод термині қазақша күлгін деген мағынаны білдіретінін иодтың булану тәжірибесін көрсетумен бірге түсіндірсе, оқушылардың есінде нық қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет