Лекция 7-8 Химия тілі химияны оқытудың таным құралы. Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы



бет2/4
Дата25.09.2023
өлшемі356,58 Kb.
#182349
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
7-8лекция МОХ — копия

Химиялық тілдің бірінші бөлігі

Ол - ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесі. Химиялық терминдер – ғылыми ұғымдардың атауы.
Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалыптасты. Химияның ғылыми ұғымдары көбейген сайын оларды бейнелейтін терминдер жүйесі байып, толыса түседі.
Мысалы, затпен байланысты заттың “қасиеттері”,“құрамы”, “құрылысы”, “жіктелуі”, “алынуы”, “қолданылуы” және басқа толып жатқан терминдер қалыптасты.
Әдетте бір ұғым бір ғана терминмен беріледі, мағынасы шектеулі келеді, теориялық тұжырымдамаларға тәуелді түрде өзгереді.

Химиялық тілдің екінші бөлігі

Ол- химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелік, ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі.
Жүйелік және халықаралық номенклатура химиялық символикаға негізделеді.

Химиялық тілдің үшінші бөлігі

Ол - химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Оқулықтарда кейбір әдістемелік әдебиеттерде химиялық тілге символиканы ғана жатқызылып келді. Химиялық символика - халықаралық шартты тіл заттар мен құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы. Жүйелік номенклатура және химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді, өзінше дербес қолданылады. Химиялық терминология, номенклатура, символика және оларды сөйлемге, текстке біріктіретін ұлттық тілдің сөздері арқылы оқушыларға білім беріледі. Білім химия тілінің мағыналық жағы.

Кесте1- Химиялық тілдің үш бөлігі
Химиялық тіл– оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу, тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады. Химияның қоғам өміріндегі маңызын, экологиялық мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар береді, олар заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін және реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мұмкіндік береді, оқушылардың ақыл-ойын дамытады.
Тіл – қисындық құралдарға құрылым формулалары, терминдер, символдар және номенклатуралық атаулардың қатысуымен жасалған құрылым – қисындық сызбанұсқалар жатады. Химияның бағдарламалары, оқулықтары, оқу құралдары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған басқа кітаптар ғылыми тіл арқылы жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет