Лекция. Атом ядросының құрамы және қасиеттері Кіріспе


Ядроның протон-нейтрондық құрылымы



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#186712
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
1 Атом ядросының құрамы және қасиеттері

Ядроның протон-нейтрондық құрылымы.
Барлық элемент ядролары протондар мен электрондардан тұрады. Ядродағы нуклондар саны массалық сан деп аталып, А әрпімен белгіленеді.
Ядродағы протондар саны Z әрпімен белгіленеді, Z – зарядтық сан.
N – нейтрондар саны. N=A-Z
Ядролары A және Z нақты сан болатын атомдар нуклидтер деп аталады.
Нуклидті белгілеу символы: (A,Z) немесе Li Fe U
Изотоптар: Z бірдей, бірақ A әр түрлі H2 H2 H U U U
Изобарлар: А бірдей, Z әр түрлі
13Н и 23Не - тритий мен гелий изобарлары, 410Ве, 510В, 610С - бериллий, бор және көміртек изобарлары
Нейтрондар саны бірдей нуклидтер изотондар деп аталады.
Мысалы, 2Н и 3Не - сутек пен гелий изотондары.


Барлық белгілі нуклидтер үшін протон-нейтрондық диаграмма.



Тәжірибелік фактілер мен заңдылықтар

  1. 265 тұрақты нуклид белгілі, тұрақсыз нуклидтер саны 1700-ге жуық.

  2. Z-тің мәні 0-ден (нейтрон)108-ге дейін нуклидтер белгілі. Табиғатта Z мәні 1-ден (сутек) 92-ге дейін (уран) өзгеретін ядролар кездеседі. Қалған нуклидтерді жасанды түрде алады. Z = 0, 43, 61 және Z> 84 болатын тұрақты нуклидтер болмайды.

3. А нуклондар саны 1-ден 263-ке дейін (263-ті қоса алғанда) нуклидтер кездеседі. А =5, 8 және А >210 болатын тұрақты нуклидтер болмайды.
4. Нейрондық диаграмманың β‑тұрақты нуклидтер орналасатын бөлігі тұрақтылық жолы деп аталады. Жеңіл тұрақты нуклидтер (Z ≤ 20 дейін) ядросы құрамында протондар мен нейтрондар саны шамамен тең. А-ның мәні өскенде нейтрондардың салыстырмалы бөлігі де өседі. Мысалы, жеңіл нуклидте N/Z = 1; орташа нуклидте N/Z= 1,15 ; ауыр нуклидте N/Z = 1
5. Көптеген химиялық элементтерде бірнеше тұрақты және ß –активті нуклидтер болады. Кейбір элементтерде бір ғана тұрақты нуклид (9Be, 19F, 23Na), кейбіреулерінде 2 – 3тен тұрақты нуклид болуы мүмкін. Қалайыда он тұрақты нуклид бар.
6. Тұрақтылық жолынан жоғары β+‑активті нуклидтер, одан төмен – β‑активті нуклидтер орналасады.
7. Ядролар қасиеті Z және N сандарының жұптылығына байланысты. Көптеген тұрақты нуклидтерде (265тен 155) жұп-жұп ядролар болады (Z – жұп, N – жұп), тұрақты нуклидтердің жартысында (53) жұп-тақ және тақ-жұп нуклондар кездеседі. Ядросы тақ-тақ болатын (2Н, 6Li, 10В и 14N) төрт қана нуклид бар.


Ядро заряды
Ядро протонның әсерінен оң электр зарядты болады. Z протондар санын ядро заряды деп атайды, ол Z٠e Кл шамасына тең, мұндағы е = 1,602 ٠10-19Кл (4,8٠10-10 CГCЕ бірл.) – элементар электр зарядының абсолют мәні.


Ядро массасы.
Ядролық физикада массаны өлшеу үшін массаның атомдық бірлігі қолданылады (м.а.б.):
1м.а.б. =
1м.а.б. = 1,6605×10 -27кг,
Протонның тыныштық массасы mp =1,00731м.а.б. = 1,6726×10-27кг,
Нейтронның тыныштық массасы mn= 1,00871м.а.б. = 1,6749×10-27кг ,
Электронның тыныштық массасы me= 5,4859×10-41м.а.б.. = 9,1096×10-31кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет