Лекция. Атом ядросының құрамы және қасиеттері Кіріспе



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#186712
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
1 Атом ядросының құрамы және қасиеттері


1-лекция. Атом ядросының құрамы және қасиеттері
Кіріспе
Біз өмір сүріп отырған орта - өте күрделі жүйе. Көне заманнан адамзат қоршаған ортаның заңдылықтарын меңгеріп түсінуге талпынды. Бақылаулар мен зерттеулер үш бағытта жүрді.

  • Бізді қоршаған материяны құрайтын қарапайым бөлшектерді анықтау.

  • Материяның қарапайым бөлшектерін байланыстыратын күштерді анықтау

  • Анықталған күштердің әсерінен қозғалған бөлшектердің қозғалысын бейнелеу.



Резерфорд атомының үлгісі
Куллондық өрістегі релятивистік емес зарядталған бөлшектің серпімді шашырауының дифференциалды қимасы, мұндағы Z1 және Z2- ұшып келетін бөлшек және ядро-нысананың зарядтары, е – элементар заряд, Т – бөлшектің кинетикалық энергиясы, θ – шашырау бұрышы.
Атом ауыр және оң зарядталған радиусы 10-15 м-ден кем болып келетін ядро мен оны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан құралады. Атомның өлшемі оның электрон бұлттарының өлшемдерімен анықталады, оның мәні~10-10м.


Атом ядроларының жалпы қасиеттері
Атом ядролары шексіз өмір сүре алатындай тұрақты және өздігінен түрлене алатындай тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты атом ядроларының негізгі сипаттамалары болып ядродағы нуклондар саны, ядро заряды, ядро массасы, ядроның байланыс энергиясы, ядро өлшемі, спині, магниттік және электрлік моменті, толқындық функцияның жұптығы, изотоптық спин және статистика болып табылады.
Тұрақсыз ядролардың қосымша сипаттамалары: радиоактивті өзгерудің типі, орташа өмір сүру уақыты, ыдырау кезінде бөлінетін энергия. Ядро әр түрлі энергетикалық күйлерде және нақты бір нуклидтің ядросына ғана тән энергетикалық деңгейлер жүйесінде болуы мүмкін. Энергиясы ең төмен күй– негізгі, басқа күйлер қозған күйлер деп аталады. Қозған күйдегі ядролар тұрақсыз болып келеді және олар қозған күйде тұрақты қала алмайды, энергиясы төмен күйлерге өздігінен көшеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет