Лекция Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы Қарастырылатын мәселе


– лекция Орфография мен орфоэпия



бет10/15
Дата13.03.2023
өлшемі112,31 Kb.
#172266
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
lektsiyalar

8 – лекция
Орфография мен орфоэпия
Қарастырылатын мәселе:

  1. Орфографиялық принциптер

  2. Орфоэпиялық принциптер

Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысынан түсіндіре беруге болмайды. Графика дыбысты нақты сөзден, морфемадан тыс берудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады.
Әлемдегі жазу жүйелерінің көпшілігі бірнеше ғасырлық даму жолынан өтті. Мысалы: орыс жазуы, осыған негізделген қазақ жазуы. Алайда, осындай ұзақ дамудан өтіп, жетілген деген жазулардың өзі де дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында толық сәйкестікке жете қойған жоқ.
Орфография (грек: orthos – дұрыс, grafho - жазамын )
1) Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.
2) Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңінде жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады.
3) Ережелер жүйесі:
1) Дыбыстарды әріптермен белгілеу;
2) Сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;
3) Сөздерді бірге, бөлек, дефис арқылы жазу;
4) Бас әріпті пайдалану;
5) Тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды және айқындайды.
Орфография кейде «дұрыс жазу» деген тіркестің синонимі ретінде де қолданылады.
Қазіргі орфографиямызда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифферициялаушы принцип те болуы мүмкін.
Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар (сөз бен қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жанбады, жанғанда айтылғанда жан, жанбады, жанғанда түрінде айтылатын сөз формаларына ортақ түбір – жан, сондықтан жан, жанбады, жанғанда жазылады. Морфологиялық принципті фонемалық принцип деп те атайды. Мұнда бір фонема әртүрлі құбылғанына қарамастан үнемі алфавиттегі бір-ақ әріппен белгіленеді.
Фонетикалық принцип – сөз айтылуы бойынша жазылады. Сонда фонетикалық транскрипцияға жуықтайды.
Дәстүрлі принцип – сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап жазу. Бұған қазақ тіліндегі хат, хабар, халық сөздеріндегі х әрпін пайдалануды жатқызуға болады. Тарихи принцип деп те атайды.
Қазақ орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип. Осы принциптердің негізінде «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» жасалған.
Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп, әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын, жазылуында болсын, жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалар болады деген сөз. Тілдің ауызша нормасын нормалауды орфоэпия қарастырады. (грек: orthos – дұрыс, eros – сөйлеу ) – сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы. Жаппай сауаттылыққа көп көңіл бөлінді де, орфоэпия мәселесі елеусіз қалды. Ол заңды да еді. Ғасырлар бойы ауызша дамып келген тілдің айту нормалары ол кезде алаңдата қойған жоқ еді.

9-лекция


Фонетикалық процестер, түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет