Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет49/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі ТП ҰҒПО) эксперименттік алаңы ретіндегі инклюзивті мектептің моделі.

Осы моделге сәйкес мектептің ТП ҰҒПО-мен келесі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастығы көзделеді:



  • инклюзивті практиканың ұйымдастыру-әдістемелік негіздерін әзірлеу және байқаудан өткізу;

  • білім беру процесіне нейропсихологиялық түзету әдістерін енгізу;

  • даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға көңіл бөлу мен телерантты қабылдауды қалыптастыру бойынша бағдарламаны әзірлеу және байқаудан өткізу.

Ақмола облысы мысалында, Ақмола облыстық білім басқармасы және «Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығының» ҮЕҰ (Астана қаласы) қолдауымен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр түрлі құрылымдардың өзара әрекеттесунің аймақтық моделін жасау тәжірибесі зерттелді.

Инклюзияны білім беру процесіне кіріктіру аясында аймақта келесі мүмкіндіктер қолданылды:



  • арнай білім беру ұйымдарының барынша тармақталған желісінің болуы (ПМПК, ППТК, мектеп-интернаттар және т.б.);

  • тиісті білімі және қажетті жұмыс тәжірибесі бар, арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штатының болуы;

  • инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдар санын ұлғайту, олардың тақырыптарын кеңейту;

  • ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру процесіне нақты кірістіру («стихиялық инклюзив»).

Зерттеу көрсеткендей, білім беру процесіне инклюзияның кірігу үдерісі әлі күнге дейін қиындықтарға ұшырауда және шешілмеген проблемалар да бар:

  • әртүрлі типтегі білім беру ұйымдары, білім беру органдарының ісәрекеттеріндегі келіспеушілігі, бытыраңқылығы;

  • ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың кедергісіз қол жеткізуге жағдайдың жоқтығы (білім беру ұйымдарының көпшілігінде);

  • инклюзивті практиканы енгізуге білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлердің ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан дайын еместігі;

  • бірлескен оқытуға педагогтардың, ата-аналардың және оқушылардың бір бөлігінің психологиялық дайын еместігі.

Сөйтіп, еліміздің түрлі өңірлеріндегі бір қатар білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің жайын талдау, инклюзивті білім беруді дамытудың күшті әрі әлсіз жақтарын және түзетушілік пен алдын алу технологиялары мен әдістерін пайдалануды көрсетті.

Күшті жақтары:



  • 2020-жылға дейін Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, бір бағыты ретінде инклюзивті білім беруді енгізу;

  • бұл мәселені шешудегі қоғамның өскелең қажеттілігі;

  • бұқаралық мектепте инклюзивті ортаны дамыту қажеттігін түсіну;

  • бұл проблеманы бұқаралық мектепте шешу қажеттілігін ата-аналар қауымының түсінуі.

Әлсіз жақтары:

  • білім беру ұйымдарында ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін дайындалған педагог кадрлардың болмауы;

  • инклюзивті білім беру бойынша педагог кадрларды даярлау оқу бағдарламаларында (ЖОО-да және колледждерде) болмауы, оқу курстарының болмауы;

  • инклюзивтік ортаны ұйымдастыруда білім беру деңгейлері арасында сабақтастықтың болмауы;

  • ерекше қажеттіліктері бар балаларды қабылдауға білім беру ұйымдарының дайын еместіктігі (мұндай балаларды қабылдау мүмкіндіктері бар білім беру ұйымдарының елімізде ең аз саны, өйткені арнайы құралдар мен жабдықтар, пандустар, арнаулы лифтілер және т. б. жоқ).

Білім беру процесінде баланың жеке дамуын психологиялықпедагогикалық қолдау – баланы табысты оқыту үшін жағдай жасау бойынша сынып жетекшісінің, әлеуметтік педагогтың, психологтың, пән мұғалімдерінің, әдіскерлерідің және т. б. кәсіби іс-әрекеттері жүйесі.

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары болып табылатындар:



  • баланың жеке ерекшеліктері мен денсаулығының жай-күйіне сүйене отырып, білім алу маршрутын таңдауда ата-аналарына (заңды өкілдеріне) және балаға көмек көрсету;

  • туындаған проблемалар, қиындықтар, денсаулық жағдайына байланысты баланың даму процесінде білім беру маршрутын өзгерту;

  • жаңа жағдайларға бейімделуде білім беру маршрутын өзгерткен балаға көмек көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет