Оқу қызметін қамтамасыз ететін психологиялық-физиологиялық функциялардың дамуындағы тапшылықты толтыру.
Табысты әлеуметтену үшін қажетті болатын әлеуметтік-рухани қасиеттерді дамыту.
2. Эмоционалдық-жігерлілік аясындағы бұзылыстарды түзету .
Жеке бағдарламаларды іске асыруда түбегейлі мәні бар жеке бағдарламалар болып табылатындары:
дамуындағы немесе мінез-құлығындағы ауытқулардың диагностикасы мен түзету шараларының бірлігі қағидасын ұстану;
баланың және оның отбасының дамуындағы әлеуметтік ахуалды ескеру;
ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғаларды педагогикалықтүзету үдерісіне тарту;
оқыту мазмұнын өзгерту және жұмыс әдістері мен амалдарын жетілдіру арқылы тәрбиелеуге және оқытуға жеке тұлғаға бағытталған көзқарасты іске асыру;
ересектердің балалармен өзара әрекеттесу нұсқаларын кеңейту және балалар арасындағы әріптестік серіктестік нұсқаларын белсендендіру үшін жағдайларды қалыптастыру.
Жоғарыда келтірілген дамытушылық-түзету бағдарламасының үлгілі екенін атап көрсету қажет. Бағдарламаның тараулары әрбір нақты алынған баланың білімділік қажеттіліктерінен жеке алынып анықталады. Жеке бағдарламаны әзірлеудің үдерісі педагогтердің өзара әрекеттесуі мен шығармашылығын бағамдайды. Ешбір әдістемелік құрал нақты баланың барлық қажеттіліктерін дәл ескеруі мүмкін емес.
Ал сабақтардың нақты мазмұны мен режимі зерделеу барысында анықталған баланың негізгі қиыншылықтарындағы «ауырлық ортасын» ескерумен таңдалады. Мәселе оның эмоционалдық күйінің аясында жатқанында (алаңдаушылық, қорқыныштар, күйзеліс күйі), ең алдымен, психологиялық-терапевтикалық ықпал көрсету әдістерімен жұмыс жүргізу қажет. Егер қорқыныштарында қоршаған адамдардың балаға деген қарсылық қатынасы түрінде шынайы негіз болса, онда әлеуметпен (мысалы, атааналарымен немесе мұғалімімен) осы көзқарасты өзгерту бойынша, сонымен бір уақытта баланың жауап қату түрін өзгерту бойынша жұмыс қажет. Егер баланың қорқыныш сезімі ерте балалық шағындағы бұрмаланулармен байланысты болса (отбасындағы қиыншылықтар, психологиялық жарақаттар, аурулары және т.б.), онда оның нәтижесі ретінде баланың жауап қату амалын анықтайтын оның жалпы беталысы ретіндегі сенімсіздігі шығады. Оны өзгерту де психологиялық терапияның әдістерімен орындалады.
Тұтас алғанда, күйзеліс күйі даму ресурсының болмауымен, яғни баланың когнитивтік және жеке өсуіне дайынсыздығымен сипатталады. Күйзеліс күйінен шығу балада осы ресурсты бара-бара «өсірумен» байланысты болуы тиіс, бұл да өз кезегінде психологиялық-терпаветикалық міндет болып табылады.
Егер мәселе әлеуметтік дағдылардың жете қалыптаспауымен және қатынас құрудағы қиыншылықтармен байланысты болса, онда коммуникативтік әлеуметтік-психологиялық тренингтің элементтері қолданылады.
Осылайша, қиын өмірлік жағдайға түскен балаларды психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына бағытталған: балаға, ата-аналарына (заңды өкілдеріне), педагогтерге. Білім беру мекемесінің жағдайында ұйымдастырудың негізгі нұсқасы ретінде психологиялық-педагогикалық консилиум шығады. Сүйемелдеудің табысты болуы, көп жағдайда, білім беру мекемесіндегі бала-ата-аналары-мұғалім өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін психологтің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне байланысты.
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалардың санаты
Балаға қатысты жасалған зорлық-зомбылық ең ауыр психологиялық жарақаттың бірі болып табылады. Зорлық-зомбылықты басынан кешкен балалар зорлық-зомбылықты еске алудың кез-келген түрінен қашқақтайды: әңгімелесуден, оны баланың есіне түсіретін орыннан немесе адамдардан. Нәтижесінде, олар өздерімен болған оқиғаны есіне түсіре бермейді, ал кейде зорлық-зомбылыққа қатысты жеке эпизодтар көптеген жылдарға амнезияға ұшырайды.
Бастан өткенді еске түсіретін ескертуден қашқақтау зорлық құрбаны болған балаларда жоғары дәрежедегі мазасыздықпен байланысты, әсіресе өзі, өз болашағы мен өз әрекеттерінің нәтижелері туралы толғаныстарды қамтитын жағдайлармен байланысты. Зорлықтан өткен балалар өздерін бүлінген, кесірлі, арам сезінеді. Олар үшін болашақтың келтелік сезімі тән.
Зорлық, сонымен қатар, бала бойында басқа адамдармен қатынас құру аясындағы беймаздығының (әлеуметтік үрейліктің) өсуіне жетелейді. Бұл зорлықтың антропогендік жарақат – қатынаспен байланысты жарақат болып табылатынымен байланысты. Зорлықты басынан кешкен бала, бір жағынан, адамдар арасындағы ерік берілген және берілмегені туралы анық түсініктерін жоғалтады, екінші жағынан, өзінің теріс тәжірибесіне негізделіп, ол не басқа адамдардың тиіскенін күтеді, не өзі агрессор жағдайына өтеді. Зорлықтан өткен бала, жарақат алған соң, едәуір реактивті, ашулы, қозғыш болып шығып, өзінің аффективтік ашуын бақылауда ұстай алмай, нәтижесінде өзінің жүріс-тұрысын болжамдай алмай, өзіне өзі сенімсіз болып қалады.
Одан былай, орын алған оқиғада өзге адам кінәлі болады – ата-анасы немесе балаға басқа да жақын адам. Зорлықты басынан өткізген бала қоршаған адамдар оған зиян келтіретінін жорамал етіп, адамдарға қатысты сенімсіз және сақ болады. Басқа балалардың ортасында ол жиі өзін «бөтенсініп», жалғыз сезінеді.
Зорлықты басынан кешу баланың үйреншікті дүниесінің қирауына жетелейді. Ол енді ешқашан өзін өз үйінің қабырғасында қаупсіздікте сезінбейді, өзін жақын адамдары сатып кеткеніндей сезінеді.
Орын алған жағдайды зорлық құрбаны болған балалар суреттерінде көрсетуі мүмкін: олардың суреттерінде жыныстық легі болады немесе агрессия мен зорлық көріністері көрсетіледі. Сонымен қатар, олар өзге балалардан жиі өз отбасы суретін салудан бас тартады. Ондай суреттер мамандар үшін дабыл белгісі ретінде шығып, балаға оған жасалып отырған зорлықтың мүмкін болуын анықтау үшін қосымша диагностика шараларын өткізу қажеттілігі туралы түрткі ретінде қарастырылуы керек.
Осылайша, балаға жасалатын зорлық ең ауыр психологиялық жарақат түрі болып табылады, оның салдары баланың жеке тұлғасының барлық қырларына қатысты. Бұл жағдайда зорлықтан өткен балалар психологиялық көмектің дер кезінде және лайықты көрсетілуін аса қажетсінетінін ескеру керек.
Ересектер, сонымен қатар құрдастары жағынан көрсетілетін зорлықтың құрбаны ретінде жиі шығатын балалар:
қадағалаусыз, тастанды және эмоционалдық шеттетілген жағдайда тәрбиеленетін балалар, сонымен қатар психологиялық-физиологиялық тұрғысында артта қалған, жеңіл иланғыш, қауіп дәрежесін бағалай алмайтын, зорлыққа төтеп бере алмайтын балалар;
сөзсіз бағыну жағдайында тәрбиеленіп жүрген, «жоқ» дей алмайтын, зорлыққа төтеп беруге қабілетсіз, қорқақ, беймаза балалар;
психологиялық-жүйке бұзылыстары бар балалар (олигофрения, жеке тұлға бұзылыстары бар – есалаң, бас миының органикалық зақымдалуы
салдары бар және т.б.);
жас болғандықтан дәрменсіз балалар;
шала туылған немесе туылғанында кем салмағымен туылған балалар (әдетте олар едәуір ызақор болып, көбірек жылап, ата-аналарына көбірек қиындық көрсетеді).
Достарыңызбен бөлісу: |