Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет53/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Суицидке бейім балалармен жұмыс жүргізудегі әдістемелік ұсынымдар

Қазіргі кездегі әлеуметтің суицидогендік факторларының соншалықты алуан түрлі болғаны, оларды тек мектеп шеңберінде және мектеп психологтарының және әлеуметтік педагогтердің күшімен алдын алу мүмкін емес екенін айта кеткен орынды. Сәйкесінше, міндет өзіне өзінің қол жұмсауын шектеуді, оның алдын алуға үйренуді көздейді. Бұл міндет күрделі, ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды талап етеді, өйткені оны шешу үшін қоғамдық қатынастарда микро- , макро- әлеуметтік деңгейлерде оң ілгерілеулерге қол жеткізу қажет.

Мұғалім немесе ата-аналар балалардың өз өздеріне қол жұмсауын болдырмау үшін қандай шара қолдану керек?


  • жасөспіріммен қарым-қатынасты сақтап қалу. Ол үшін жасөспірімдермен қатынастардың авторитарлық стилін ұстанудың тиімсіз және керек десе, қауіпті болатынын есте сақтау керек. Асыра тыйым салу, еркіндігіне шектеу қою және жазалаулар жасөспірім бойында жауап ретінде агрессияны немесе аутоагрессияны (яғни, өзіне бағытталған агрессияны) тудыруы мүмкін. Жасөспірім шағында өзара әрекеттесудің қалаулы нұсқасы ретінде мәмілеге келу шығады. Егер шектеулер қажет болса, оның тиімділігі туралы түсініктеме беруге уақыт аямай дайын болған жөн;

  • сыныпта, үйде достықты қолдайтын ахуалды қалыптастыруға ықпал ету, оқушыларды бірлескен әріптестікке бағдарлау;

  • егер сіз сынып жетекшісі болсаңыз, сыныпта мектеп психологының жұмысына сыныптағы буллингтің алдын алу және оны диагностикалау бойынша кешенді бағдарламаларды түзу және оны іске асыру жолымен бастама беріңіз; әр баланың жайлы уақыт өткізуін қамтамасыз ету мақсатымен сыныпта қолайлы ахуалды орнатуға ықпал етіңіз.



Психолог жұмысына арналған әдістемелік ұсынымдар



  • психологиялық жарақаттану жағдайындағы психологиялық кернеуді

түсіру;

  • суицидальдық мінез танытуына себеп болған жағдайдан психологиялық тәуелділік сезімін азайту;

  • мінез-құлықтың өтемдеу механизмдерін қалыптастыру;

  • өмір мен өлімге лайықты көзқарасты қалыптастыру;

  • мектеп әкімшілігімен және психологымен бірлесе отырып буллингтің алдын алу бойынша кешенді шараларды әзірлеу.


Оралман отбасыларынан шыққан балалардың санаты

Мекен-жайын өзгерту нәтижесінде жиі жағдайда балалар өте ауыр халге түседі. Көптеген ата-аналар, мекен-жайын өзгертумен байланысты маңызды өмірлік мәселелерді шешуге тырысып, баланың толғаныстарына мән бермейді, бұл өз кезегінде, уақыт өтісімен, ауыр психологиялық бұзылыстарға өтіп, келешек өмірінде бірнеше рет көрініс беруі мүмкін. Осы бұзылыстардың негізгі бөлігі баланың білім беру мекемесінде жүрген жағдаймен байланысты. Жаңадан қоныс тепкен аймақтың тілі мен мәдениетін білмеуі мектеп пәндерін меңгеруде өзге оқушылардан артта қалуына, жайсыздық сезіміне жетелейді.

Бұрынғы құндылықтарды ұстаушылыққа ұмтылысы мектепте оларға қосымша қиыншылықтарды тудырады. Ал оралмандар отбасынан шыққан балалардың қазақстандық білім беру жүйесіне бейімделуіне арналған мамандандырылған білімділік бағдарламалардың болмауы түрлі сипаттағы өзекті мәселелерді алға тартты, олар тұрмыстық, психологиялық-педагогикалық болуы мүмкін, нәтижесінде осының барлығы психологиялық-әлеуметтік және педагогикалық икемсіздікке жетелейді. Оралмандар отбасынан шыққан балалардың көбісі оқуға қанағаттанарлық көзқарасын, әлсіз бстамашылық қасиетін, жеке дамуындағы ауытқуларды (өзін-өзі төмен бағалауды, жоғары тынышсыздықты, көңіл-күйінің, белсенділігінің төмендігін танытады; ашушаңдылықтың, мінез-құлықтың бұзылыстары, мотивациялық-

тұтынушылық аясындағы өзгерістер, өзге ұлт өкілдеріне теріс көзқарас орын алады), осының барлығы жинақтала келе, жеке тұлғаның толыққанды дамуын тежеп, тұтас сыныптағы атмосфераға тікелей әсерін тигізеді (3-қосымша).

Осыдан маңызды бір қорытынды шығаруға болады: оралмандар отбасынан шыққан балалар өмір тіршілігінің қалыпты жағдайларын қалыптастыруға, психологиялық денсаулығын нығайтуға және оралман-баланың жеке тұлғасының тиімді дамуына бағытталған кешенді шаралардың түзілуін қажетсінеді.

Оралмандар отбасынан шығып, қиын өмірлік жағдайға түскен балаларды анықтау және олардың мінезін түзету және олардың құқықтарын қорғау үшін мектеп пен әлеуметік қорғау, қамқорлық және қамқоршылар, кәмелетке толмаған балалар істері олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар өкілдерімен бірлескен өзара әрекеттесуіне негізделген әдістер, баланың отбасы мен мектептегі қиыншылықтары туралы ақпаратпен алмасу анағұрлым тиімді болады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет