Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет61/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Психологтың жұмыс бағыттары:

Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы  өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:

- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);

- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;

- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық  ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен  ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;

- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;

- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;

- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;

- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет