Білім жүйесіндегі психологсипаттамасы Білім жүйесіндегі психологқа арнайы біліктілік талаптары белгіленген:
арнайы жоғары кәсіби білімнің болуы, яғни жоғары психологиялық мамандықтың дипломы болуы қажет. Мұндай диплом жоғары оқу орнының «психололгия», «педагогика-психология» мамандықтары бойынша толық курстан өткен немесе «білім жүйесіндегі практикалық психолог» мамандығы бойынша арнайы факультетті тәмамдаған маманға беріледі;
педагогикалық жұмыс тәжірибесі.
Аталған талаптар мектеп психологына қойылатын жалпы талаптар болып табылады.
Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.
Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.
Міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;
- мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру.