Психикалық даму тұрғысынан қалыс қалған немесе мінез-құлқында ауытқушылықтар байқалатын балалармен жұмыс жасауда психологтарға қойылатын талаптар күрделене түседі:
психодиагностика бойынша психолог зерттелушінің мінез-құлқын зерттеуде оның кемшін тұсын дәл тауып, психологиялық әдістерді нақты таңдай білуі қажет;
психологиялық әдісті таңдауда математикалық статистика, компьютерлік бағдарламаларда жұмыс жасау дағдысы қажет;
психологиялық кеңес беруде адамның назарын өзіне аудара алатын, оны өз сөзіне иландыра алатын, оның сеніміне кіріп, ашық әңгімеге шақыра алатын икем-дағдыларына ие болуы қажет;
психокоррекция – адам мінезіндегі ауытқушылықты қалпына келтіру аса кәсіби шеберлікті, икемділікті қажет етеді;