Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


Психологтың құқығы мен міндеттері



бет62/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Психологтың құқығы мен міндеттері

Психолог маман ретінде:



  • баланың оқуы мен тәрбиесіне жауапты адамдар тарапынан балалардың қызығушылықтарын қорғауға;

  • өз құзыреттілігі аясында өздігінен тәуелсіз кәсіби шешім қабылдауға;

  • баланың психологиялық мүмкіндігіне сай емес немесе оған кері әсер ететін оқыту және тәрбиелеу әдістерін қолдануға қарсылық білдіруге;

  • білім басқармасы, мұғалімдер, тәрбиешілер мен ата-аналар тарапынан бала тағдырына қатысты оң қадамдардың жасалуын талап етуге;

  • балаларды зерттеуге, оқыту мен тәрбиелеуге қатысты медициналық-психологиялық, дефектологиялық, соттық-психологиялық сараптамаларға қатысуға міндетті.

Психолог бұл міндеттерді «Психологиялық қызмет туралы Ережеге» сүйене отырып, жүзеге асырады. Психолог өзіне жүктелген қызметін атқаруда заңды, моральды және әлеуметтік тұрғыдан қорғалады.Психолог өз жұмысында тәуелсіз кәсіби шешімдер қабылдай отырып, күрделі мәселелерді шешуде баланың оқуы мен тәрбиесіне қатысты өзге де мамандармен бірлесе отырып жұмыстанады. Мектеп психологының ата-аналармен үздіксіз қарым-қатынас нәтижесінде ата-аналарда психологиялық мәдениет негіздері, баланы тәрбиелеуге қатысты психологиялық дағдылары қалыптасады. Мұғалімдермен бірлесе отырып, психолог білім берудің дамыта оқыту, деңгейлік оқыту әдістерін белгілейді. Оқу-тәрбие мекемелерінің басқармасымен бірге оқытушылар ұжымының белсенді түрде жұмыс істеуін және моральдық-психологиялық атмосфераның қалыптасуына негіз болады. Тәрбиеші, мұғалімдермен бірлесе отырып, сынып пен оқу топтарын жүйелеуге, балаларды әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, медициналық-психологиялық зерттеулерге қатысады. Бала өміріне қатысты психологиялық таласты мәселелерді психолог маман бір өзі біржақты шеше алмайды. Әртүрлі маман иелерінен құрылған білікті комиссияның талқылауына ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет