Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Қазтамақтың (ге­рань) жапырағының эпидермисіндегі безді түктер



бет23/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)
55-сурет. Қазтамақтың (ге­рань) жапырағының эпидермисіндегі безді түктер: А- эфир майының тамшылары пайда болганға дейін; Б-эфир майының тамшылары кутикуланы көтеріп тұр; В-кутикула жарылып, одан май тамшылары ағып кетті: 1-тірсегі; 2-басы; 3-кутикула; 4-эфир майы.
ӨТКІЗГІШ ҰЛПАЛАР
Өсімдіктер әдетте екі полюстен қоректенеді. Жапырақтары олардың ауадан қоректенуін қамтамасыз етсе, тамырлары топырақтан қоректенуін қамтамасыз етеді. Жапырақта және тамырда пайда болған қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш ұлпалар деп атаймыз. Осыған байланысты қоректік заттардың тасымалдануының екі түрлі жолы болады.
Біріншісі, жоғарғы ағыс жолы, ол топырақ қабаттарынан тамыр арқылы сорылатын су мен минералды тұздардың ерітінділерін өсімдіктің сабағына және жапырақтарына жөткізуді қамтамасыз етеді. Екіншісі, төменгі ағыс жолы, ол жапырақта синтезделген органикалық заттардың судағы ерітінділерін өсімдіктің барлық қалған мүшелерына жөткізеді және олар осы жерде қорек ретінде пайдаланылады, немесе қор заты ретінде жиналады.
Өткізгіш ұлпалардың құрамы, морфологиясы және атқаратын қызметтері әртүрлі. Соған байланысты заттардың тасымалдануының бірнеше жолдары болады. Оларға, яғни тасымалдану жолдарына: түтітер, трахеидтер, тірі паренхималық жасушалар және механикалық талшықтар жатады.
Түтіктер (трахеи) және трахеидтер. Бұлар өткізгіш ұлпалар - олар арқылы су мен минералдық тұздардың өсімдіктердің бойымен тасымалдануы қамтамасыз етіледі.
Түтіктер (трахеи) - бунақты мүшелерден тұратын трубалар. Олар прокамбийдің, немесе камбийдің вертикальды жасушаларының қатарынан бөлінеді. Олардың жасушаларының бүйірлік қабықшалары қалыңдап сүректенеді де, ішіндегі заттары өледі, ал көлденең қабықшаларында бір немесе бірнеше тесіктер (перфо­рация) болады. Түтіктердің орташа узындығы 10 см.
Трахеидтерде түтіктер секілді өлі құрылым, айырмашылығы, бұлар трубалар емес, прозенхималық жасушалар. Мұндай жасушалардың қабықшаларында шеттері жиектелген (көмкерілген) саңылаулар болады (46-сурет). Трахеидтердің орташа ұзындығы 1 мм.-дей болады.
Қабықшаларының қалыңдауының формаларына қарай түтіктер мен трахеидтер сақиналы, спиральды, торлы және тағы басқаша болып келеді (47-сурет).
Сақиналы және спиральды түтіктердің диаметрі үлкен болмайды. Олар жас мүшелерға тән, өйткені бұлардың қабықшаларының сүректенбеген бөліктері (участкілері) болады және созылуға қабілетті келеді. Торлы және нүктелі түтіктердің диаметрі біршама үлкен және қабықшалары толығымен сүректенген болып келеді. Олар әдетте камбийден сақиналы және спиральды түтіктерден





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет