Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Қарағайдың трахеидтері (сызба-нұсқасы)



бет24/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)
46-сурет. Қарағайдың трахеидтері (сызба-нұсқасы):
1-алғашқы қабықша; 2-соңғы қабықша; 3-жиекті саңылау (жанынан қарағандағы көрінісі); 4-түйістіргіш жарғақша (плен­Ка); 5-торус; 6-жиектегіш саңылау (жақтау жағы-нан қарағандағы көрінісі).



48-сурет. Тилласы бар түтіктер:
А-тікесінен жасалган кесіндісі; Б-көлденеңінен жа­салган кесіндісі.

47-сурет. Асқабақтың сабағының түтіктері (сосуды):
А-сақиналы спиральды; Б – спиралды; В-торлы; Г-саңылаулы (поралы).

кейін пайда болады. Түтіктер мен трахеидтер, сонымен бірге беріктік те қызмет атқарады. Олар айналасындағы тірі паренхималық жасушалардың өсінділерімен толық жабылғанға дейін бірнеше жыл өмір сүреді. Тірі паренхималық жасушалардың түтіктің қуысына, оның қабырғаларындағы саңылаулар арқылы өтетін өсінділерін тилла деп атайды. Тилла өсе келе түтіктің қуысын, мұлдем ешнәрсе өтпейтіндей етіп, жауып тастайды (48-сурет).


Електі (сүзгілі) түтіктер. Өткізгіш ұлпа, ол арқылы жапырақтарда синтезделген органикалық заттардың тасымалдануы жүзеге асады. Бұл тірі жасушалардың вертикальды қатары, олардың көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері брлады (електі пластинкалар).
Сүзгілі түтіктердің буындарының қабырғалары целлюлозадан тұрады, ядросы болмайды. Олардың қасында әдетте бір немесе бірнеше серіктік жасушалары болады. Олардың ядросы бар (49,А-сурет). Сүзгілі түтік және оған жақын орналасқан серіктік жасуша бір мериетемалық жасушадан пайда болады. Бұл жасуша ұзынынан бөлінеді, пайда болған екі жас жасушаның біреуінен електі түтіктің элементтері, ал екіншісінен серіктік жасуша жетіледі (49,Б-сурет). Кейбір өсімдіктердің, мысалы қылқан жапырақтылардың серіктік жасушалары болмайды. Сүзгілі түтіктері көп жағдайда бір жыл ғана өмір сүреді. Күзге қарай електі табақшалардың (пластинкалардың) тесіктерінің ерекше каллеза деген затпен бітеліп қалуына байланысты, ол арқылы органикалық заттар өту мүмкіндігінен айырылады.
Өткізгіш ұлпалардың құрылысына қарап, өсімдіктердің энолюциялық деңгейін анықтауға болады. Трахеидтер түтіктерге қарағанда біршама қарапайым құрылым. Түтіктердің ішіндегі ең қарапайымдысы болып, мүшелерінің ұштары қиғаш және бірнеше тесіктері болып келетіндері. Бір үлкен тесігінің болуы прогрессивтік белгі. Сүзгілі түтіктердің тақталары қиғаш орналасса, оларда көптеген електі аудандар (аймақтар) болса, оңда мұндай сүзгілі түтіктерді қарапайым деп атайды. Ал егерде сүзгілі тақталары горизонталь орна­ласса және сүзгілі аудандарының саны аз болса, онда мұндай сүзгілі түтіктерді прогрессивті деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет