Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Лекция 10. Өркен және өркендер жүйелері



бет40/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)
Лекция 10. Өркен және өркендер жүйелері

1. Жалпы сипаттама. Бүршік.


2.Өркен түрлері және өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтары мен бүршіктері орналасқан сабағы өркен деп аталынады. Өркен төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы мамнданған бөліктерге: сабаққа, жапыраққа, бүршікке бөлінетін мүше. Ол негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.


Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетатитік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (негізінен жапырақтар арқылы). Сонымен қатар өркеннің әр түрлі бөліктері, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін, артық қор заттар мен суды бойына жинау қызметтерін де атқарады.
Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп тұрған бөлігін буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдастарда, қалампырларда, кырықбуын-дарда) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса, ашық буын деп аталады.

57-сурет.
Вегетативті бүршіктің
ұзынынан кесіндісі
(сызба-нұсқа):
1-бой конусы; 2-жапырақтар бастамасы; 3-қолпық бүршіктер бастамасы;
4-сабақ бастамасы (өс).


С абақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеді. Сабақтың жапырақ орналасқан буыңдағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы делінеді. Өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарай буын араларының қашықтығы да түрліше. Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса, оны қысқарған өркен деп (капуста, қызылша, сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жертаған жапырақтары, бақбақтың, көксағыздың, және т.б. жертаған жапырақтары), егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса, оны ұзарған өркен деп атайды. Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де, олар гүлдеп, вегетациялық дәуірінің соңында жеміс береді. Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді, жеміс бермейді немесе өте аз береді (57-сурет).
Көктемде сүректі өсімдіктер бүршік жарғанда бүршік қабыршықтары өз қызметің аяқтап түсіп қалады. Әрбір қабыршақтың түскен орнында бүршік дағы қалады. Бүршік дақтары бір-біріне қосылып өркеннің өстік бөлімінде бүршік сақинасын түзеді.
Өркенге тән ерекшеліктердің бірі — оның метамерлі құрылысы. Әдетте өркен өсін бойлап, оның негізінен ұшына дейін бірнеше, кейде көптеген буын, буын аралықтары, қолтық бүршіктер орналасады. Осылай құрылымның заңды қайталану өркеннің метамерлігі деп аталады.
Өсімдіктің алғашқы өркені, тұқымның ұрық бөлігіндегі ұрық бүршігінен жетіледі. Ол тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан, тұқым жарнақтарынан және негізгі өркеннің қалған метамерлері қалыптасатын бүршіктен тұрады. Орналасуы бойынша бұл - төбе бүршігі. Осы бүршіктен өркен бойлап өсіп, оның жаңа метамерлері пайда болады.
Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсеңді бөлінуінен өркеннің алғашқы (түпкілікті) ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады. Жас жасушалардың үздіксіз түзілуі апикальды (төбе) меристемасының инициалды жасушаларының шексіз бөлініп, меристемалық қасиетің сақтауына байланысты.
Өркеннің бой конусы тамырдағыдай тегіс емес. Оның бетіңде жапырақ примордиялары (латынша primordialis - алғашқы) деп аталатын жапырақ бастамаларының төмпешіктері үздіксіз қалыптасады. Олардың пайда болуы акропетальды ретпен төменнен жоғары қарай жүреді.
Өркеннің ұшында жас өркен метамерлері пайда болады. Кезекті метамер пайда болғаннан кейін апекстің дистальды (апекстің ең жоғарғы ұшы) бөлігінің көлемі едәуір кішірейеді. Келесі метамерге дейін апекстің көлемі белгілі бір мөлшерге дейін ұлғаюы қажет. Бұған кеткен уақыт аралығын пластохрон (грекше «пласто» - жасау, қалыптастыру, «хронос» - уақыт) деп атайды. Пластохронның ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес, өсімдіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады.
Бүршік. Бүршік – бұл қысқарған өркен және өркеннің бастамасы. Бүршік бой конусының вегетативті бүршігімен аяқталатын сабақ пен жетілу кезеңі әр түрлі болып келетін жапырақтардың бастамасынан тұрады (57-сурет). Вегетативті бүршікпен қатар бүршіктердің вегетативті-генеративтік (аралас) бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына айналған. Генеративтік бүршіктер тек алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады.
Вегетативті-генеративтік бүршікте вегетативтік мүшелердің бастамасы қалыптасады да, бой конусы гүлге немесе гүл шоғырына айналады. Мұндай бүршіктер шөптесін (құсықшөп Asarum) және сүректі өсімдіктерде (серігүл, ырғай) кездеседі. (58-сурет, І). Генеративті бүршікте жасыл жапырақтарсыз гүл шоғырының ғана бастамасы ғана жетіледі (мысалы, шие). Дара гүл жетілген жағдайда бүршікті бітеу гүл (гүлшанағы) деп атайды (58-сурет, 2).
Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік (терминальды) және бүйірлік (жанама) бүршік болып бөлінеді.
Төбе бүршік өсіп келе жатқан өркеннің өстік бөлігі сабағының ұшына орналасады да, оның ұзарып өсуін қамтамасыз етеді.
Бүйірлік бүршіктер шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді. Бүйірлік бүршік аналық өркеннің ұшына жақын жерде жас жапырақтардың бастамасының қолтығында үнемі экзогеңді жолмен меристемалық, төмпешіктер түрінде пайда болады. Бүйірлік бүршіктерден жанама бұтақтар өсіп шығады. Жанама бұтақтар да ұштары арқылы ұзарып өседі, әрбір жанама бұтақ төбе бүршігімен аяқталады.
Бір жапырақтың қолтығында әдетте бір бүршік орналаса­ды, кейде оның саны бірнешеге жетуі мүмкін. Қосымша бүршіктердің пайда болуы қолтық меристемасының ұзақ уақытқа түзуші ұлпалық қасиетін сақтауына байланысты. Егер жапырақ қолтығындағы бірнеше бүршік бірінің үстіне бірі тік қатар түзіп орналасса, оны сериялы бүршіктер деп атайды. Сериялы бүршіктер бір буыннан өсіп шыққан желпуіш тәрізді бұтақтар береді. Кейде олар ұзақ уақыт кезектесіп жас өркендердің өсуіне қатынасады. Егер бүршіктер жапырақ қолтығында бірімен-бірі бүйірлесе қатар орналасса, оларды коллатералды бүршіктер деп атайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет