Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Өркеннің бұтақтану типтері



бет43/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

59-сурет.
Өркеннің бұтақтану типтері.
А - дихотомиялы; Б - моноподийлі; В - симподийлі; Г - жалған
дихотомиялы.
1,2,3,4 – бірінші және одан кейінгі реттердегі остер.


Симподийлі бұтақтану кезіңде негізгі (немесе жанама) сабақтың төбе бүршігі біраз уақыт өткен соң өледі немесе өсуін баяулатады. Бұл кезде төбе бүршігіне таяу орналасқан жанама бүршіктен өркен жетіліп, ол негізгі бұтақтың орнын басып, тік өседі де негізгі сабақ бүйірінің біріне қарай ығысады. Пайда болған жанама бұтақ көп ұзамай өзінің ұшы арқылы ұзарып өсуін тоқтатады да, оның бой конусының төменгі жағындағы жанама бүршіктен жаңа өркен өсіп шығады. Бұтақтану осылай жалғаса береді, нәтижесінде негізгі дің қысқарып қалады. Оны жанама бұтақтар жалғастырады. Бұтақтанудың бұл тәсілі қайың, тал, алма, алмұрт, караөрік, өрік, шие, шабдалы, үйенқі, грек жаңғағы т.б. көптеген ағаштар мен бұталарға, шөптесін есімдіктерден қызанақка, картопқа т.б. тән (59-сурет, В). Симподийлі бұтақтану басқаларына қарағанда қарқынды өтеді. Симподийлі бұтақтанудағы төбе бүршіктердің өсуін эволюциялық бейімделу деп карастырады. Өйткені төбе бүршігі жа­нама бүршіктерінен жас өркеңдердің пайда болуын тежейді.
Жалған дихотомиялы бұтақтану бұтақтанудың жеке типін түзбейді. Бұл - симподийлі бұтақтанудың бір түрі (59-сурет, Г). Өйткені жалған дихотомиялы бұтақтануда төбе бүршігі өсуін тоқтатады да, одан төмен орналасқан қарама-қарсы екі жанама бүршіктен бір мезгілде ашаланған бұтақтар өседі. Осылай бұтақтанудың нәтижесінде қарама-қарсы орналасқан бұтақтардың пайда болуы төменнен жоғары қарай жалғасады. Сөйтіп, төменгі ретті бұтақ өсуін тоқтатып, біртіндеп жоғарғы ретті бұтақ өседі. Жалған дихотомиялы бұтақтану сасық мендуана, қалампыр, серігүл, талшын т.б. өсімдіктерінде байқалады.
Өсімдіктердің басым көпшілігінің өркендері бұтақтанады, сонымен қатар бұтақтанбайтын өсімдіктер де кездеседі (мысалы, бақ-бақ).
Бұтақтанудың тағы бір түрі түптену деп аталады. Түптену бұталарға, көп жылдық, сол сияқты бір жылдық шөптесін өсідіктерге, оның ішінде астық тұқымдасына тән (60-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет