77-сурет. Сабақтардың кеңістікте орналасуы:
1 - тіксабақ; (жүгері); 2 - өрмелегіш сабақ (жүзім); 3 - шырмалғыш
сабақ (құлмақ); 4 - төселмелі сабақ (беде); 5 - жатаған сабақ (таңқұрай).
САБАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сабақтың морфологиясы жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығыңда бірдей емес, сондықтан олардың алуан түрлілігін еңсесіне, пішінен, көлеміне қарай бөліп қарастырған жөн.
Сабақтың кеңістікте бой түзеуі әр қилы болып келеді. Олар тік, көтеріңкі, төселмелі, өрмелегіш, шырмалғыш, жармасқыш және т.б. (77-сурет).
Ағаштардың басым көпшілігінің, әсіресе көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, кайың, жүгері, күнбағыс және т.б. Шөптесін өсімдіктердің ішінде сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіңдеп доға тәрізді иіліп барып көтеріліп өсетіндері жиі кездеседі. Мұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады. Мысалы, құлмақ жоңышқасы, қызылбас беде, қызыл таспа, күміс қазтабан және т,б.
Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өсетіндіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің (ақ беде, бүлдірген) сабағының топырақпен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төселмелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т.б. жайылып өсіп, үлкен аймақты қамтиды, бірақ бұлардың сабағынан қосалқы тамырлар өсіп шықпайды, кейде мұндай өсімдіктер желі сабақтылар деп те аталады.
Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таяныш пайдаланып өседі. Мұндай өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Лианаларға сабағы жіңішке, механикалық ұлпасы біршама нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік (систематикалық) тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдсрі жатады. Өрмелеу тәсілдеріне қарай лианалар: таянып өсетіндер — бұларда арнаулы өрмелеу мүшесі болмайды, мысалы, бұған Ротанг пальмасы, кейбір тропикалық фуксиялар жатады; жармасып өсетіндер — бұларда өрмелеу қызметін атқаратын әр түрлі тікенектер, ілгек, қылшық тәрізді қосалқы өркендер болады (жабысқақ, қызыл бояу, жабысқақ бояу шөп, раушанның түрлері, (таңқурай); мұртшалылар — таянышты арнаулы мұртшалары арқылы орап алады (жабайы жүзім, асқабақтар тұқымдасы мен бұршақтар тұқымдасының көбі); шырмалғыштар, мұнда өркеннің өсу барысында таянышқа шырмалып оралып өскеңдігі айқын байқалады. Көптеген өсімдіктер (құлмақ, шырмауық, таран) сағат тілінің бағытында, кейбіреулерінде (дала шырмауығы, көпгүлді үрме бұршақ) сағат тіліне қарсы бағытта шырмалып өседі.
Сабақтың өсуінің ерекшелігі жертағанды өсімдіктерде байқалады. Бұлардың сабағының өсуі шектелген, буын аралықтары қысқа, жапырақтары тамыр мойнына жиналған, жертаған (үлкен бақажапырақ, кәдімгі бақбақ) жапырақты болып келеді. Жертағанды өсімдіктердің бір ғана буын аралығы — гүл сидамы ұзарып, гүл шоғыры қалыптасады. Сабақтың көлденең кесіндісі бойынша пішінінің төмендегідей түрлерін ажыратады (78-сурет).
Жұмыр сабақтың көлденең кесіңдісінің пішіні дөңгелек тәрізді. Өйткені сабақта механикалық ұлпа (колленхима) айнала шеңбер түзіп біркелкі орналасады.
Сабақтың қырлы, яғни үш қырлы көлденең кесіндісі — үш бұрышты, төрт қырлы көлденең кесіндісі — төрт бұрышты; көп қырлы сабақтың көлденең кесіңдісі көп бұрышты болып келуі механикалық ұлпаның топтанын, орналасқан жерлерінің білеуленіп, қырланып кетуінен. Ойлы және қырлы сабақтардың көлденең кесіндісі тісті дөңгелек тәріздес. Ойлы сабақтың ой-ысты жері енсіз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |