Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


- сурет. Қақырайтын құрғақ жемістер



бет66/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

129 - сурет. Қақырайтын құрғақ жемістер.
А - топтама жеміс (листовка); Б - күрделі топтама жеміс (шөмішгүл),
В -бұршақбас (асбұршақ); Г - бұршаққын (орамжапырақ),
Д - бунақты бұршаққын; (шомыр); Е - бұршаққынша (ярутка),
Ж ,З, И - қауашық (қорапша), Ж - көкнәр, З – меңдуана,
И – сасық меңдуана.

Қ а у а ш а қ (қорапша)— екі немесе бірнеше жеміс жапырақшасынан тұратын, жеміс жапырақшаларының санына байланысты екі және көп ұялы болатын жеміс. Кейде көкнәрдағы (7-11 жеміс жапырақшасы) және қалампырдағы (5 жеміс жапырақшасы) сияқты жеміс жапырақшаларының санына байланыссыз кауашақ бір ұялы. Қауашықтың қақырау тәсілі әр түрлі. Көкнәрдің қауашығы тесіктері арқылы, меңдуананікі — қақпақшасы, қалампырдікі — тісшелері, сасық меңдуананікі — жақтаулары арқылы қақырайды.


2. Қақырамайтын (жаңғақ тәрізді) құрғақ жемістер (130-сурет).
Мұндай жемістер пісіп жетілген кезде қақырамайды, бір тұқымды
Ж a ң ғ a қ немесе ж а ң ғ а қ ш а — жеміс серігі сүректенген, сүйекке ұқсайды. Жемісі көпшілігінде бір, кейде 2-3 жеміс жапырақшаларынан тұрады, бір тұқымды, тұқымы перикарпий ішінде бос жүреді. Құрылысы жағынан емен жаңғағын осы топқа жатқызуға брлады. Жаңғақтан айырмашылығы, ол үш жеміс жапырақшаларынан тұрады және жабын жапырақтарының ұлғайып өсіп сүректенуінен жемісі еніп тұратын тостағанша тәрізді қосымшасы (плюска) жетіледі. Шамшат пен талшынның жаңғақшаларының әрқайсысы тікенекті қосымшаларда орналасады және де олардың 3-4 жаңғақшасының сыртын тағы да ортақ косымша қоршап тұрады.
Т ұ қ ы м ш а — екі жеміс жапырақшасынан пайдаболады. Бір тұқымды тұқымы жеміс серіктерімен кірікпей, бос орнала­сады. Кейбір өсімдіктер тұқымшасының бір шетіңде айдаршасы бар. Тұқымша күрделігүлділер және валерианалар тұқымдасының өкілдерінде кең таралған. Орман бүлдіргені мен сарғалдақтарының кейбір түрлерінде күрделі гинецейден күрделі тұқымша болады.



130 - сурет. Қақырамайгыи құрғақ жемістер:
А - жаңғақ (орманжаңғақ), Б - жаңғақша; (қарамық); В – дән (бидай),
Г - емен жаңғағы (емен), Д - қанатты (қарағаш), Е – бөлшекті қанатты
(үйеңкі), Ж - тұқымша (күнбағыс), И, 3 – күрделі жаңғақша
3 - сарғалдақ; И - бүлдірген.
Қ а н а т т ы ж е м і с — жеміс серігінің тері немесе жарғақ тәрізді қанатты өскіншесі бар тұқымшасы (қарағаштар).
Д ә н — Бір тұқымды, екі жеміс жапырақшасынан пайда болған құрғақ жеміс. Мұның жеміс серігі тұқым қабығымен кірігіп, кебекке немесе қауызға айналған. Бұған астық тұқьмдастардың (бидай арпа, сұлы, жүгері және т.б. жемістері) дәндері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет