Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Жапырақ іздерініқ сабақ стеліне енуінің кейбір типтері



бет51/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

82-сурет. Жапырақ іздерініқ сабақ стеліне енуінің кейбір типтері:
1 - бір шоқты бір саңылаулы; 2 - үш шоқты бір саңынаулы;
3 - үш шоқты үш саңылаулы.

Сабақ пен жапырақтың өткізгіш ұлпаларының байланысу ерекшелігі: жапырақтың орналасуына, көлеміне және жүйкеленуіне т.б. байланысты. Нодальды (латынша «нодуо» — буын) анатомия деп аталатын бұл ерекшелік өсімдіктердің белгілі бір тұқымдастары, туыстары және басқа жүйелілік топтарына тән. Өркендердің нодальды анатомиясын салыстыра отырып, өсімдіктердің әр түрлі топтарының туыстық дәрежесін анықтауға болады.


Шөптесін қос жарнақтылар сабағының анатомиялық соңғы құрылысы. Сабақтың анатомиялық соңғы құрылысы қос жарнақты шөптесін және сүректі өсімдіктер мен ашық тұқымдыларға тән. Өсімдіктердің бұл аталған топтарының сабағыңда алғашқы ксилема мен алғашқы флоэманың арасында түзуші ұлпа камбий пайда болады.
Камбий жасушаларының ұзындығы енінен ондаған немесе жүздеген есе артық төрт бұрышты, прйзма тәрізді, ұшы үшкір және тангенциальды бағытта үнемі жас жасушалар бөлінеді. Соның нәтижесінде соңғы флоэма мен соңғы ксилеманың тұрақты элементтері түзіледі. Камбийдің жасушалары флоэмадан ксилема элементтерін 3-5 есеге дейін артық бөледі. Сондықтан сабақтағы камбий шеңбері орталықтан қашықтап, діңнің басым бөлімі ксилемадан (сүректен) тұрады да сабақ жуандап өседі. Бұл құбылыстың өте тез жүретіні соншалық, өсімдік бүршік атып, жас өркен шыққан кезде одан алғашқы анатомиялық құрылыстың элементтерін ажырату қиын. Шөптесін өсімдіктерде, керісінше, соңғы құрылыстың ерте пай­да болатынына қарамастан, алғашқы құрылыстың гистологиялық элементтері — камбий пайда болып, сабақтың соңғы құрылысы қалыптасу барысында ұзақ уақытқа дейін сақталады. Бұларда алғашқы камбийдің пайда болуын ашылуға дайын тұрған бүршіктен байқауға болады.
Сабақ құрылысының алуан түрлі болып келуі өсімдіктердің көп түрлілігіне, олардың тарихи дамуына және экологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Шөптесін өсімдіктерге жататын қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардың сабағына тән ерекшелік — олардың өзегінде, кабығында және өзек сәулелерінде паренхималық, ұлпаның қуатты жетілуі. Мұндағы механикалық ұлпа бірден жабындық ұлпаны астарлай орналасады. Қос жарнақтыларда негізінен — колленхима, ал дара жарнақтыларда — склеренхима басым.
Г. Бонье (1901) сабақтың микроскоптық құрылымың жүйелеу арқылы меристемалық шеңберде прокамбий қабатының қалыптасу тәсілі мен соңғы меристема камбийдің пайда болу жолдарын тапты. Г. Бонье сабақтың анатомиялық соңғы құрылысының 8 түрін ажыратты. Олардың кейбіреулері кұрылымы жағынан бір-біріне өте жақын.


83-сурет. Кирказон сабағының көлденен


кесіндісі:1 - эпидерма: 2 - колленхима;
3-қабық паренхимасы; 4 - эндодерма;
(2-4-алғашқы қабык), 5 - перицикл
склеренхимасы; б-флоэма; 7-шоқ
камбиі; 8 -шоқ аралық камбий; Р - өзек
сөулесі; 10-ксилема; 11 - өзек
паренхимасы.

84-сурет. Күнбағыс сабағының көлденең кесіндісі (I) және құрылысының қалыптасу деңгейлерінің сызба-нұсқасы (II):


А - прокамбийдің пайда болуы; 5 - камбийдің пайда болуы; В - калыптасқан құрылысы; 1 - прокамбий; 2 - эпидерма; 3 - колленхима; 4 - кабық паренхимасы; 5 - шайыр жолы; 6 - эндодерма (3 - б - алғашқы қабық); 7 - склеренхима; 8 - алғашқы флоэма; 9 - соңғы флоэма; 10 - шоқ камбий; 11 - соңғы ксилема; 12 - алғашқы ксилема; 13 - шоқаралық камбий; 14 - шоқаралық камбийдің бір шоға; 75 - өзек паренхимасы (7 - 15 - орталық цилиңдр).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет