Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет Прокамбидің флоема мен ксилемаға жіктелу және камбидің пайда болу сызба-нұсқасы 1-3: К-ксилема



бет50/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

81-сурет
Прокамбидің флоема мен ксилемаға жіктелу және камбидің пайда болу сызба-нұсқасы 1-3: К-ксилема,
КС-ксилема, Ф-флоема.

Өзек әдетте жұқа қабықшалы борпылдақ келетін ірі паренхималық жасушалардан тұрады. Өзектің шет жағы перпендикулярлы аймақ деп аталады. Өсімдіктерде өзек жасушалары өлген жағдайда сабақтың ортасында ауа толы кеңістік қалады. Бұл кеңістікте қор заттары жиналады. Мысалы, сүт жолдары және т.б. минерал заттар.


Өсімдіктердің тіректік мүшелері болып табылатын сабақ пен тамырдың анатомиялық алғашқы кұрылыстарын салыстырсақ, олардың арасындағы ұқсастықтарды да, айырмашылықтарды да баиқаймыз. Ұзынынан тіліп қарағанда тамыр ұшы (апексі) тамыр оймақшасымен, сабақ апексі примодулярлы жапырақтармен және бүршік кабыршақтарымен қоршалған. Сабақты эпидерма жауып тұрады, эпидерманың іш жағында механикалық ұлпа — колленхима жатады. Тамыр тамыр түктері бар эпиблемамен жабылған.
Тұрақты және жеңіл байқалатын айырманың бірі — сабақта өзектің болуы. Тамырда өзек болмайды. Тамырда алғашқы фло­эма мен алғашқы ксилема радиус бойымен орналасса, сабақта бүйірлес орналасады.
Тамыр мен сабақта, жоғарыда аталғандай, айырмалардың болуымен қатар, ұқсастықтар да бар. Екеуінің де құрамы арасында эндодерма қабаты орналасқан, алғашқы қабық пен орталық цилиндрден тұрады. Екеуі де орталық цилиңдрмен — перициклмен қоршалған.
Сабақ пен жапырақтағы өткізгіш ұлпалардың өзара байланысы. Сабақтың құрылысы туралы толық түсінік алу үшін түзуші ұлпалардың қалай орналаскднын, олардың жапырақ ұлпаларымен қалай байланысатынын білу қажет.
Жапырақтың өткізгіш ұлпалары тікелей сабақпен жалғасады. Өркеннің біртұтас өткізгіш жүйесі — өркен метамерлері жпырақтар және бүршіктер орналасқан буындардың апексінде қалыптасады. Буын арқылы өркеннің өс бөлігіне жетіліп келе жатқан жапырақтың прокамбий шоқтары енеді. Бұлардан және бұған дейін жетілген жапырақтардың шоқтарынан өсіп келе жатқан өркеннің барлық өткізгіш жүйесін түзетің синтездік деп аталатын шоқтар қалыптасады.
Өркен буындарының анатомиялық құрылысының әр түрлі болуы жапырақтардағы прокамбий шоқтарының санына, олардың буыңда қосылу ерекшеліктеріне байланысты. Жапырақтың буынға енетін барлық шоқтарының жиынтығы жапырақ ізі деп аталады. Жапырақ ізінің ұзындығы жапырақ негізінен басталып оның шоқтарының сабақ өткізгіш ұлпаларымен қосылатын жеріне дейінгі аралықты алады. Сондай-ақ бұл шоқтарының өз ерекшелігін сактай отырып, бір немесе бірнеше буынаралықтарынан өтіп барып қосылуы да жиі кездеседі.
Жапырақ ізі бір, екі, үш және көп шоқты болуы мүмкін. Бұл шоқтар өркеннің тірек бөлігіне буын паренхимасының учаскесі — жапырақ саңылаулары (лакуңдары) арқылы өтеді. Буындағы саңылаулар санына қарай жапырақ іздері бір, үш және көп саңылаулы болады (82-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет