Бақылау сұрақтары
1. Жануарлармен жүргізілетін тәжірибелер?
2. Тәнтану пәнінен сабақтан тыс орындалатын жұмыстар?
17 - лекция
Биолгияның оқу жұмысын ұйымдастыру формалары.
Жоспары :
Тәнтану пәнінде пәншілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.
Тәнтәну пәні сабақтарында жеке бұлшықеттердің қызметін оқыту
Лекция мақсаты: Тәнтану пәнінде пәншілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды үйрену.
Лекцияның мәтіні :
1. Тәнтану пәнінде пәншілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.
Мектеп биологиясының физикамен, химииямен байланысын әсіресе тәнтану курсында байқалады.
Бірақ физика мен химия пәндерінің бағдарламасы көбіне оқушыларды биология пәнінің бағдарламасына сай қажетті білімдермен қамтамасыз етпейді. Тоғызыншы сынып физикасында «Оптика» және «Акустика» бөлімдері өтілмейді. Олар әсіресе көру және есту физиологиясын откенде қажет. «Асқорту», «зат алмасу» тақырыптары бойынша органикалық заттар туралы мәлімет химиялық білімді қажет етеді (аминоқышқылдар, зәрқышқылдары, майқышқылдары, глицерин, глюкоза), бірақ тоғызыншы сынып химиясында бұл мәліметтер жоқ.
Мұндай жағдайға қарамастан мұғалім алтыншы сыныптан бастап оқушыларға өсімдіктерді химиялық құрамын, жасыл өсімдіктердің жарықта өсімдіктердің жарықта көмірсуларды түзуі және тағы басқа физиологиялық процестерді түсіндіре отырып химиялық білім береді.
Сондай – ақ тәнтәну пәні денешынықтыру пәнімен тығыз байланыста. Олар адамның қаңқасы, бұлшықеті туралы түсінікті тәнтану пәнінен алады, денешынықтырумен, спортпен айналасуына көптеген мүмкіндік туады.
2. Тәнтәну пәні сабақтарында жеке бұлшықеттердің қызметін оқыту әртүрлі гимназтикалық жаттығулар жасағанда бұлшықеттердің қозғалысының қалыптасуының анализі болып табылады.
«Қан айналым» тақырыбы бойынша жұмыс істейтін ағзаға қанның құйылуы, оның әрекетсіздігінен қанайналымның жеткіліксіздігі физиологиялық негізінде еңбек етумен айналысуда білімді талап етеді. Жаттығу кезінде алуан түрлі қозғалыстар жасалу тиіс. Жүрек жұмысының реттелуі және жүрек жұмысына физикалық күштің әсері гимнастикалық жаттығулар жасағанда, мектеп алаңында еңбек еткенде тамыр лүпілін бақылағанда жақсы көрінеді.
« Тыныс алу» және «Тері» тақырыптарын өткенде, гимнастикалық жаттығулар жасағанда, жеке бақылау кезінде тәнтәну пәнінің денешынықтырумен үлесімді байланысын көруге болады. Тәнтану сабақтарында оқушылар денешынықтыруда және спортта қажетті күрделі ғылыми физиологиялық анықтамаларды бойына сіңіреді.
Әсіресе, жүйке жүйесінің байланыстылығы өте үлкен мағана береді. Ой еңбегінен кейінгі белсенді демалыс, әртүрлі еңбектің түрлерін спортпен айналысу кезінде жақсы байқалады.
Оқушылардың тепе-теңдік органы және бұлшы қет сезімдері туралы алғаш білімдері практика жүзінде снарядтық жаттығулар жасағанда қозғалыс координациясы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |