Бақылау сұрақтары
1. Лобараториялық жұмыстардың өткізілу ерекшеліктері?
2. Танымжорық кезінде оқушылар дың білімі?
3. Танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын зерттеу?
21 - лекция
Биология пәні бойынша сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар.
Жоспары :
Сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар.
Экскурсия
Лекция мақсаты: Сабақтан тыс өткізілетін жұмыстардың түрлерімен танысу.
Лекцияның мәтіні :
1.Табиғатта сабақтан тыс орындалатын жүмыстар— жазғы тапсырмалар деп аталады. Себебі, мектепте морфологиялық,экологиялық және жүйелену түрғысын-да табиғатта жүргізілетін жүмытсардың түрі өте коп, гербарийлер және коллекциялар жасау керек. Мысалы: 6-шы класс оқушыларына сабақтары әртүрлі, жапырақ формалары әртүрлі, тамырлары әртүрлі осімдіктерді жинау тапсырылады. Ал 7-ші класс оқушыларына мәдени және жабайы осімдіктердің гербирийлерін жинау тапсырылады.
Ал оныншы класқа өткен оқушыларға өсімдктер мен жануарлар тіршілігінің алуан—түрлілігін көрсететін материалдар жинау беріледі. Биоценозды көрсететін материал болуы қажет: шалғын, орман, дала, сулы ортаның өсімдіктері. Өсімдіктердің іріктемелерін жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |