ФУНКЦИЯ ҰҒЫМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ Функция немесе функциялық тәуелділік ұғымы түрлі шамалар, экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды моделдейтін математиканың маңызды ұғымы.
Анықтама. Х жиынының әрбір х элементіне () белгілі бір заң немесе ереже бойынша У жиынының у элементі сәйкес қойылса, онда Х жиынында функция берілген деп атайды. х және ушамаларының арасындағы функциялық тәуелділікті y=f(x) деп белгілейді, мұндағы х - аргумент(тәуелсіз айнымалы), у – функция(тәуелді айнымалы), f – ереже немесе заң.
Берілген функция анықталатын х аргументтерінің жиынын функцияның анықталу облысы деп, ал сәйкес уайнымалылардың жиынын функцияның мәндер жиыны деп атайды. Әдетте анықталу облысын D(f) деп, ал мәндер жиынын E(f) деп белгілейді.
Функция түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін. Ең көп және маңызды берілу түрлері: аналитикалық(формула түрінде), кестелік және графиктік.
Мысал ретінде заттың бағасы (р) мен сол затқа деген сұраныс (q) арасындағы байланысты қарастырайық:
р (теңге)
100
150
200
250
300
...
q (мың дана)
18
15
12
9
6
...
Кестеден көрініп тұрғандай, заттың бағасы артқан сайын, оған деген сұраныс төмендейді екен. Бұл байланысты графиктік түрде де беруге болады (1-сурет).
Заттың бағасы мен сұраныс арасында түзу сызықты p=kq+b байланыс байқалады.