Лекция функция ұҒымы, Қасиеттері ІІ бөлім. Математикалық талдау



бет1/15
Дата05.09.2023
өлшемі81,27 Kb.
#180291
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция функция ұҒымы, Қасиеттері-emirsaba.org
Инклюзивті білім беру моделі-emirsaba.org, Kazakstan tarihy lektsii, ІАП 4срс (копия), DOC-20231018-WA0032., DOC-20231018-WA0032., DOC-20231018-WA0032., 1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы-emirsaba.org

Лекция функция ұҒымы, Қасиеттері

ІІ БӨЛІМ. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ


БЕСІНШІ ЛЕКЦИЯ


ФУНКЦИЯ ҰҒЫМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ
Функция немесе функциялық тәуелділік ұғымы түрлі шамалар, экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды моделдейтін математиканың маңызды ұғымы.

Анықтама. Х жиынының әрбір х элементіне () белгілі бір заң немесе ереже бойынша У жиынының у элементі сәйкес қойылса, онда Х жиынында функция берілген деп атайды.
х және у шамаларының арасындағы функциялық тәуелділікті y=f(x) деп белгілейді, мұндағы х - аргумент(тәуелсіз айнымалы), у – функция(тәуелді айнымалы), f – ереже немесе заң.
Берілген функция анықталатын х аргументтерінің жиынын функцияның анықталу облысы деп, ал сәйкес у айнымалылардың жиынын функцияның мәндер жиыны деп атайды. Әдетте анықталу облысын D(f) деп, ал мәндер жиынын E(f) деп белгілейді.
Функция түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін. Ең көп және маңызды берілу түрлері: аналитикалық(формула түрінде), кестелік және графиктік.
Мысал ретінде заттың бағасы (р) мен сол затқа деген сұраныс (q) арасындағы байланысты қарастырайық:



р (теңге)

100

150

200

250

300

...



q (мың дана)

18

15

12

9

6

...

Кестеден көрініп тұрғандай, заттың бағасы артқан сайын, оған деген сұраныс төмендейді екен. Бұл байланысты графиктік түрде де беруге болады (1-сурет).

Заттың бағасы мен сұраныс арасында түзу сызықты p=kq+b байланыс байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет