Лекция 8.
ГАЖ-да деректерді ұйымдастыру принциптері. Деректерді ұйымдастыру
моделдерінің түрлері. Деректердің реляциялық моделі.
Реляциялық үлгі – деректер қор жүйелерін құрылымдау үшін деректердің логикалық
үлгісі. Бұндай кезде тең құқықты кестелер түзіледі, олардың бағаналары бағаналар
нөмірлері және жолдары жолдар нөмірлері арқылы алынуы мүмкін. Реляциялық үлгі өзінің
қуаттылығына байланысты тематикалық деректерді кеңістікте сақтауда қолданылады.
8.1 – сурет. Деректердің тораптық құрылымы
Осындай элементтер байланыс қарым-қатынасын табу үшін арнайы бағыттауыш
беріліп, олар басқа элементтермен байланыс жасайды. Бірақ деректер саны көбейген сайын
бағыттауыш саны көбейіп, көп жадыны қажет етеді.
Деректер қорын басқарудың реляциялық жүйесі ДқБРЖ – жалпы өріс бойынша
байланыспауы мүмкін кестелік файлдарға ұйымдастырылған деректерге қатынасу
мүмкіндігін беретін деректер базаларын басқару жүйесі. ДҚДРЖ әртүрлі файлдардан
деректер өрістерін қайтадан комбинациялауға мүмкіндік береді.
Реляциялық жүйелер реляциялық алгебра немесе қатынас алгебрасы деп аталатын
математикалық принциптер жинағына негізделген жүйелер. Реляциялық алгебра көптік
теориясына негізделетін болғандықтан, әрбір қатынас кестесі көптік ретінде орындалады,
және бірінші ереже, кестеде кез-келген басқа жолмен (СА) толығымен сәйкес келмейтін
жолдардың болмайтынын айтады.
Бақылаулар кестесі. Реляциялық жүйелер деректерді қарапайым кестелерге жинау
пайдалы және бұл кезде деректерді ұйымдастыру мәселелері де қарапайым болады.
Қажеттілігіне қарай бір кестенің жолдарын басқа кестенің сәйкес жолдарымен реляциялық
жалғау деп аталатын байланыстыру механизмін қолдана отырып түйістіруге болады.
Реляциялық жүйелер ГАЖ-да басым болғандықтан және ГАЖ-ға үшін біршама
үшкен деректер базалары құрастырылғандықтан бұл процесс кеңінен тараған. Кестелердің
кез-келген саны «байланысқан» болуы мүмкін. Жалғау бірінші кесте бағаналарының
бірінші кілтінің мәндерінің екінші кестенің басқа бағанасымен тепе-теңдігі бойынша
жүргізіледі.
Бірінші кілтке байланысты екінші кесте бағанасы сыртқы кілт деп аталады. Тағы да,
байланысқан жолдар мәндері сәйкестілік гарантиясы үшін сондай позицияларда орналасқан
деп жорамалданады. Бұл байланыс екінші кестенің бағаналары бірінші кестенің
бағаналарына байланыстырылғанын білдіреді. Осыған орай, әрбір кесте деректерді
басқаруды жеңілдете отырып қарапайым болып шығады. Кестеде болуы тиіс түрді анықтау
үшін қалыпты пішіндер деп аталатын ережелер жинағы анықталған. Негізгілерге келесі
үшеуі жатады.
8.2 – сурет. Деректер қорының реляциялық құрылымы
Бірінші қалыпты пішінде, кесте жолдар мен бағаналардан тұруы тиіс дейді, себебі
бағаналар іздеу кілттері ретінде пайдаланылатын болады, олардың әрқайсысынан әрбір
жолда тек бір мән ғана болуы тиіс.
Екінші қалыпты пішінде алғашқы кілт болып табылмайтын әрбір бағана алғашқы
кілттен толығымен тәуелді болуын талап етеді. Бұл кестені жеңілдетеді және деректердің
әрбір жолдары тек оның алғашқы кілті арқылы табылуы тиіс шектеулермен артықтылықты
азайтады.
Үшінші қалыпты міндет, екіншісімен байланысты, алғашқы кілт емес бағаналардың
алғашқы кілтке тәуелді болуы талап етеді, ал алғашқы кілт кез-келген алғашқы емес кілтке
тәуелді емес. Басқа сөзбен айтқанда, алғашқы кілтті басқа бағаналардан мәндерді іздеу үшін
қолдану керек. Мақсат артықтылықты азайту, бағаналардың ең аз санын қолдану.
|