дыбыс жазбаларын, т.б. сақтауға мүмкіндік беретіндігімен қолайлы. Іс жүзінде кез келген
ақпарат компьютерлік түрде берілуі мүмкін.
ДҚ пайда болуынан, деректердің бағдарламаға тәуелді болуы мен ақпараттардың
қайталануына байланысты проблемалар жойылды. ДҚ- ны деректерді тиімді түрде бір
немесе бірнеше қосымшалар үшін пайдалануға мүмкіндік беретін минималь артық
шығынның болуы кезінде өзара байланысқан, бірге сақталатын сол деректердің жиынтығы
ретінде анықтауға болады; деректер осы деректерді пайдаланатын
бағдарламаға тәуелсіз
болатындай етіп сақталады; жаңа немесе бар деректердің модификациясын қосу үшін,
сондай-ақ деректерді ДҚ-дан іздеу үшін жалпы басқару тәсілі қолданылады. Деректер –
қосымшаларды әрі қарай өсіру мүмкіндігін қамтамасыз етілетіндей етіп құрылады.
ГАЖ-дағы деректер алуан түрлі: ол объектілер жөніндегі ақпарат, жер бетінің
сипаттамасы, объектілер арасындағы байланыс пен түрлері туралы ақпарат, әртүрлі
бейнелеуші мәліметтер – деректер қорында сақталатын бірыңғай жалпы модельге
түрленеді. Бұл деректер алуан түрлі объектілер моделін түзеді, әрі олар деректер қорының
ақпараттық негізін береді. Деректер қорында сақталған ГАЖ объектілерінің модельдері –
деректер моделі деп аталып, аса қарапайым бөліктерден тұрады.
ГАЖ-дағы деректер
модельдерінде күрделі көп деңгейлі жүйе бар, оның төменгі деңгейлері –қарапайым
деректер моделінен құралған. Қарапайым модельдерден – аса күрделі модельдер құралады.
Модель –
объектінің жалпы қасиеттерін бейнелеп береді. Талдау негізінде тиімді
модельді таңдап алу үшін деректер қорын қарастырудың әртүрлі аспектілері мен бағалау
өлшемін қолдану қажет:
1. семиотика – модель үш негізгі сипаттамалардан құралуы тиіс: синтаксис,
семантика және прагматика. Мұндағы құру ережесі, объектінің қасиетін, қасиеттерінің
мәнінен құралған қарапайым модельдердің мазмұнын анықтайды;
2. типтеу – объектілер класының жалпы қасиеттері мен нақты объектінің жеке
белгілерін көрсетеді;
3. өзгеріштігі — барлық ақпараттық кеңістіктік. Ол
уақытша сипаты бар және
бірнеше уақыттан кейін жаңартылуын талап етеді;
4. өзара байланыс – модельдің жеке бөліктері, оның құрылымын түзеді.
Векторлы, растрлы модельдер ГАЖ-дағы деректер қорының көзбен шолу негізін –
векторлы және растрлы модельдер құрайды. Деректер типі бойынша ГАЖ модельдері:
1.векторлы;
2. растрлы болып бөлінеді.
Деректердің векторлы модельдері, барлық кеңістікті алған растрлы модельден
өзгеше кеңістіктің бір бөлігін алатын векторларда құрылады.
Векторлы модельде
нүкте, сызық және полигон туралы ақпараттар кодталып, Х, У
координаталар жинағы түрінде сақталады.
Нүктелі объект
– сандық карта объектісі, оның метрикалық сипаттамасы, бір нүкте
координаттарымен берілген.
Сызықты объект
– сандық карта объектісі, оның метрикалық сипаттамасы
нүктелерінің координаталары тізбегімен берілген.
Растрлы модель
үшін бірқатар сипаттамалар бар:
1.рұқсат беру – бір пиксельмен сипатталатын кеңістіктің ең кіші аймағының
(бетінің) минималь сызықты өлшемі. Пиксельдер әдетте тік бұрыштарды немесе квадратты
береді, ал үшбұрыштар мен алты бұрыштар сирек қолданылады. Ең кіші өлшемді
ұяшықтардың рұқсаты, өте жоғары. Жоғары рұқсат деп –
детальдар молшылығын, көп
ұяшықтарды, ұяшықтардың минималь өлшемін айтады;
2.мәні – растр элементінде (пиксельде) сақталатын ақпарат элементі;
3.бағыт – солтүстікке бағытталу мен растр бағаналарының орны арасындағы бұрыш;
§ орны – әдетте растрда сипатталған кеңістіктің әрбір элементінің орнын анықтайтын реті,
координаталар жұбымен (тік жолдың нөмірі мен бағана жолдың нөмірі) беріледі.