Лекция 1. Хроматография (грек тілінен аударғанда түс, бояу дегенді білдіреді) қоспаларды сараптаудың және бөлудің физика-химиялық әдісі. Бұл әдіс қозғалмалы (элюент) және қозғалмайтын екі фаза арасында қоспа компоненттерінің таралуына негізделген. Хроматографиялық анализ қосылыстың біртектілігінің критерийі болып табылады: егер қандай да болмасын хроматографиялық әдіспен ешқандай зат бөлінбесе, онда ол біртекті (қоспасыз) болғаны.
Хроматографиялық әдістің басқа физика-химиялық әдістерден артықшылығы – мұнда қасиеттері жақын заттарды бөлу мүмкіндігі. Зерттелетін қоспа компоненттерін бөлгеннен кейін олардың табиғатын анықтап, әр түрлі химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістермен сандық сараптама жүргізуге болады.
Әдістің тарихы. Зерттеудің хроматографиялық әдісін алғаш рет орыс ғалымы Михаил Семенович Цвет 1900 жылы қолданды. Ол өсімдік пигменттерін бөлу үшін кальций карбонаты толтырылған колонканы пайдаланды. Хроматографиялық әдістің өңделуі жайлы 1901 жылы 30 желтоқсанда С.-Петербур қаласында дәрігерлер мен жаратылыстанушылардың XI Съездінде алғаш рет Цвет айтты. 1903жылы Варшава жаратылыстанушылар қоғамының еңбектері журналында ең бірінші рет хроматография туралы еңбек басылып шықты. Хроматография термині алғаш рет Berichte der Deutschen Botanischen Gesellschaft неміс журналында Цветтің екі еңбегінде кездесті. 1907 жылы Цвет Неміс Ботаникалық қауымдастығына хроматография процесі жүзеге асатын құрал – хроматографтың үлгісін ұсынды. 1910-1930 жылдары бұл әдіс мүлде ұмытылып, қолданылмай қалды. 1952 году Дж. Мартин мен Р. Синдж химия бойынша таралушы хроматография әдісін жасағандары үшін Нбель сыйлығын иеленді. 20 ғасырдан бастап қазіргі күнге дейін хроматография әдісі қарқынды дамуда және кең қолданылатын әдістердің бірі болып табылады.
Хроматография әдісі өндіріс пен лабораторияда кеңінен қолданылады. Бұл әдіс арқылы көп компонентті жүйелерді сандық және сапалық анықтауда, әсіресе автоматтандырылған процестер байланысында, сонымен қатар жеке заттарды препаративті алуда, сирек кездесетін элементтерді (мысалы, асыл металдар) бөлуде қолданылады. Кейбір жағдайларда затты анықтау үшін хроматографияны басқа физика-химиялық және физикалық әдістермен сәйкестендіріп пайдаланады, мысалы, масс-спектрімен, ИҚ-, УК- спектрімен. Хроматографияны шифрлауда және тәжірибе шарттарын таңдауда ЭВМ қолданады.
Хроматографиялық сараптаманың негізгі артықшылықтары:
экспрестілігі, жоғары таңдамалылығы, автоматтандырылу мүмкінділігі және нақты мәліметтер алу;
басқа физика-химиялық әдістермен сәйкестендірілуі;
қосылыстың физика-химиялық қасиетін зерттеу мүмкіндігі;
сандық және сапалық сараптаманы жүзеге асыру;
автоматтандырылған техникалық процестерді бақылау және қадағалауда қолданылуы.
Элюент пен қозғалмайтын фазалар арасында компоненттердің таралуына негізделген әрекеттесу табиғатына байланысты хроматографияның келесі түрлері бар: адсорбционды, таралушы, ионалмасу, эксклюзионды(молекулалы-ситолы) және тұнбалы.
Адсорбционды хроматография бөлінетін заттың адсорбентпен (беткі қабаты сорбциялауға қабілетті қатты дене) сорбциялануына негізделген. Таралушы хроматография – элюент пен қозғалмайтын фазада қоспа компоненттерінің әтүрлі ерігіштігіне негізделген (жоғары температурада қайнайтын сұйықтық макротесіктері бар қатты тасымалдауыш бетіне жағылған). Ионалмасу хроматография – қозғалмайтын фаза (ионит) және таралушы қоспа компоненттерінің арасындағы ионалмасу константасы тепе-теңдігіне негізделген. Эксклюзионды хроматография – қозғалмайтын фазаға компонент молекулаларының әртүрлі өтуіне негізделген (қуысы жоғары ионды емес гель). Тұнбалы хроматография – қатты қозғалмайтын фазаға таралушы компоненттердің тұнбаға түсу қабілеттілігіне негізделген.
Агрегаттық күйіне байланысты элюенттің екі түрі бар:
газды хроматография ГХ(GC)
сұйық хроматография ВЭЖХ (HPLC).
Хроматографиялық әдістер әртүрлі қасиеттеріне қарай жіктеледі. Таралу механизмі бойынша, яғни таралуышы компоненттің қозғалмайтын фазамен әрекеттесуіне қарай адсорбционды және таралушы, ионалмасу, тұнбалы және тағы басқа хроматография түрлеріне бөлінеді.
Егер жіктелуді фазалардың агрегаттық күйіне қарай жүргізсе, онда қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар комбинациясына сәйкес келесідей жүйелер алынады:
газ-сұйық, газ-қатты дене (газды хроматография)
сұйық-сұйық, сұйық-қатты дене (сұйық хроматография)
Орындалу техникасына байланысты колонкалы, қағазды және жұқа қабатты хроматография болып бөлінеді.