Лекция Хроматография грек тілінен аударғанда түс, бояу дегенді білдіреді



бет8/10
Дата17.04.2024
өлшемі103,12 Kb.
#200972
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1 перевод

Лекция 4.
Ионалмасу хроматографиясы алмасу сорбциясына негізделген. Электролиті бар ерітіндіні ионалмасушы деп аталатын сорбент арқылы өткізгенде, ерітіндідегі ионалмасушы құрамындағы иондардың қайтымды алмасуы өтеді.
Иондардың бөлінуі сорбент арқылы өтетін ерітіндідегі иондардың алмасу қабілеттілігіне байланысты.
Ионалмасушылар – құрамы мен құрылысы әртүрлі жоғарымолекулалы полиэлектролиттер, олар катион және анионалмасушы болып бөлінеді, яғни сәйкесінше аниондар мен катиондарды алмастыруға қабілетті сорбенттер.
Ионалмасушылар бейорганикалық және органикалық, сонымен қатар, табиғи және синтетикалық заттардан алынуы мүмкін.
Табиғи бейорганикалық сорбенттерге магний және кальций алюмосликаты, жалпы формуласы Al O * nSiO * mH O болатын каолиниттің минералды топтары және т.б. жатады. Синтетикалық бейорганкиалық ионалмасушыларға алюмосликаттар негізіндегі заттар жатады. Олардың құрамы: Al O * nSiO * mNa O * pH O. Көптеген табиғи қосылыстар ионалмасу қасиетіне ие.
Бірақ ең жақсы ионалмасушылар синтетикалық органикалық соорбенттер болып табылады (смола). Ол мынадай талаптарға жауап береді: жоғары ионалмасу сыйымдылығы, химиялық тұрақты, механикалық беріе. Олар суда және органикалық еріткіштерде ерімейді. Құрылысы: көміртек тізбегіне қышқылдық немесе негіздік қасиетті ионогенді топтар жалғасқан жоғарымолекулалық кеңістіктік тор.
Ионалмасу хроматографиясы сұйық қозғалатын фазада қозғалмайтын фазаның қатты сорбент иондары бар эквивалентті қайтымды ион алмасуға негізделген. Құрамында алмасуға қабілетті ионогенді топтары бар сорбенттер иониттер деп аталады. Хроматограмма зерттелетін ерітіндідегі иондардың алмасуға бірдей қабілетті болмауынан түзіледі. Хроматографияның бұл түрі фронтальді, ығыстырушы және элюентті сараптама әдістерінде қолданады.
Алмасушы иондардың зарядына қарай иониттерді каиониттер, аниониттер және амфолиттер деп бөледі. Амфолиттер – катион және аниондық қасиет көрсететін иониттер.
Әр ионит ерімейтін полимерлі каркастан тұрады, ол валентті күшпен байланысқан және қарсы зарядталған иондардың орнын толықтыру үшін ионогенді топтарға оң және теріс зарядтарды тасымалдайды. Осының нәтижесінде ионит электробейтарап болады.
Бастапқы кездегі ионалмасу теңдігін массаның әсерлесу заңымен түсіндіріледі. Катиониттегі екі бірзарядты иондардың алмасу реакциясы үшін теңдеу:

R A + B+ RB + A+

[RB]*[A+]/[RA]*[B+] = KA,B
,
немесе [RB]/[RA] = KA,B*[B+]/[A+].

Е гер қатты фазадағы иондарды А+ және В+, арқылы белгілесе, онда

B ]/[ A] = KA,B*[B+]/[A+]

К А,В – ион алмасу константасы, [B+] және [A+] сұйық фазадағы А+ және В+ концентрациясы;


[B+] және [ A+] – қатты фазадағы иондардың концентрациясы.


Сонымен қатар ионалмасудың 3 жағдайы болуы мүмкін:


1) КА,В >1, ерітінді ионы ионитке жақындығы аз, сондықтан алмасу аз болады;
2) КА,В<1 ерітінді ионы бірінші байланысқан ионитке қарағанда ионитке жақындығы көбірек болады, сондықтан ерітіндідегі алмасу айтарлықтай толық өтеді;
3) КА,В =1, А+ және В+ иондарының ионитке жақындығы бірдей.
К атиониттегі екі зарядталған катионның бірзарядты ионитке алмасу реакциясы үшін:
2RA + B2+ R2B + 2A+

[ B2+]/[A+]2 =KA,B*[B2+]/[A+]2

Алмасу константасы иондардың алмасу теңдігін сандық жағынан сипаттайды. Алғашқы ионалмасушы материал бейорганикалық болды: (Al2O3) mAlO2Na –да хроматограммаланған пермутит (mNa2O nAl2O3 pSiO2 xH2O).
Хроматограммалаушы алюминий оксиді ақ зат. Егер Al2O3 толтырылған колонкадан күлгін түсті мыс және кобальт нитраттары қоспалар ерітіндісін өткізсе, онда колонканың жоғарғы бөлігінде Сu2+көк аймақ, төменірек ашық қызыл Со2+ және ең төменде ионалмасушыдан ығыстырылған Na+ түссіз аймақ пайда болады.
Ары қарай ерітіндіні сүзуді жүргізгенде түссіз түс көбееді, соңына қарай бүкіл колонка түссіз болады. Енді қоспаны өткізуді жалғастырса, онда фильтратқа бірінші Na тұзы, сосын құрамында Со тұзы бар ашық қызыл фильтрат бөлінеді. Оның құрамында Сu жоқ.
1-көк аумақ мыс(II);

2-ашық қызыл аумақ Со(II);

3-түссіз аумақ Na

Ионит ретінде ионалмасушы синтетикалық полимерлік шайырлар қолданылады. Ионалмасу хроматографиясы иондар қоспасын бөлу үшін сандық сараптамада пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет