1 лекция Жас отбасы қалытасуының психологиялық ерекшеліктері
Отбасы – табиғаттың асыл қазынасының бірі
Өмірде әр адамның өте маңызды таңдаулар жасап, шешімдер қабылдайтын кездері болады. Сондай таңдаулардың ең маңыздыларының бірі – адамның өмірлік серігін таңдап, өз отауын құруы. Осы мәселе бізідің қоғамда қаншалықты зерттелген деп ойлайсыздар. Біз жастарымызды осы таңдауды дұрыс жасауға үйретеміз бе? Біздің жастарымыз отбасылық өмірге психологиялық тұрғыдан дайын ба? Әлде бұл өзімен-өзі болатын, өздігінен реттелетін құбылыс деп ойлайсыздар ма?
Осындай сұрақтардың алға тартылуының негізгі себептері - қазіргі қоғамдағы жас отбасыларының сапасы, отбасылардың беріктілігі, қалыптасу және даму кезеңдері деген мәселелермен өзектеніп отыр.
Көптеген ата-аналар балаларының киім таңдауына, мектеп таңдауына, мамандық таңдауына, ЖОО таңдауына, жиі араласады, ал өмірде ең маңызды деген өмірлік жарын таңдауды баланың өзіне қалдыратын сияқты. Өмірлік жар таңдау мәселесіне көп жағдайда арбаның «бесінші дөңгелегі» ретінде қарайды. Бұл шешімді баланың өз еркіне қалдырып қойған. Ал баланың өмірлік тәжірибесі болмағандықтан қателіктер жіберуі мүмкін.
Осыған орай, ата-аналар бала болып көрген, бірақ балалар ата-ана болып көрмегенін есте сақтау қажет. Сондықтан ата-аналардың жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңестері мен бөліскендері, жастардың қателіктер жіберіп алу ықтималдықтарын азайтуға негіз бола алады. ҚР-ның «Білім туралы» Заңында: