Лекция Жас отбасы қалытасуының психологиялық ерекшеліктері Отбасы табиғаттың асыл қазынасының бірі



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі397,44 Kb.
#92303
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16 1 kaz

Теңгерім шеңбері

  • Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінде сан ғасырлық ғұрыптар мен қоғам талаптары басты бағдар ретінде бағаланып, баланы өз перзенті ғана емес ұлт перзенті ретінде тәрбиелеу көзделген.
  • Көптеген әлеуметтанушылар мен психолог-педагог ғалымдардың пайымдауынша қазіргі таңда отбасылық құндылықтарға қатысты дағдарыстық үрдістер байқалады. Оларды қоғамда орын алып отырған мынандай жәйттермен негіздеп кетуге болады. - Біріншіден, бұрынғы қазақ отбасы көпбалалы болатын болса, қазіргі отбасыларында жалғыз бала, немесе 2-3 баламен шектелген. - Екіншіден, қазақ отбасында қандай қиын жағдай болмасын балаларды жетімсіретпеген, ал қазіргі қоғамда қанша балалар «тастанды» аталып, жетімдер үйіне тапсырылуда. - Үшіншіден, бұрынғы қазақы дәстүрлеріміз бойынша некесіз отбасын құруға жол берілмеген, ал қазіргі кезде жастар арасындағы некесіз қатынастардың көбеюі алаңдатады. - Төртіншіден, бұрынғы қазақы отбасында ата-ана абыройы өте жоғары болған, ал қазіргі кезде кейбір жастар өздерінің ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын мүлде ұмытып кеткендей, қартайған шағында оларды қарттар үйіне тапсыруға асығатыны өкінішті. - Бесіншіден, қазақ отбасында ажырасу деген болмаған, ондай жағдай өте ұятты болып есептелінген, ал қазіргі жас отау көтеріп отырған жастарымыз арасында ажырасу өте жиіленіп баратыны отбасылық құндылықтардың көкейкесті мәселеге айналуының айғағы.
  • Көптеген әлеуметтанушылар мен психолог-педагог ғалымдардың пайымдауынша қазіргі таңда отбасылық құндылықтарға қатысты дағдарыстық үрдістер байқалады. Оларды қоғамда орын алып отырған мынандай жәйттермен негіздеп кетуге болады. -Біріншіден, бұрынғы қазақ отбасы көпбалалы болатын болса, қазіргі отбасыларында жалғыз бала, немесе 2-3 баламен шектелген. -Екіншіден, қазақ отбасында қандай қиын жағдай болмасын балаларды жетімсіретпеген, ал қазіргі қоғамда қанша балалар «тастанды» аталып, жетімдер үйіне тапсырылуда. -Үшіншіден, бұрынғы қазақы дәстүрлеріміз бойынша некесіз отбасын құруға жол берілмеген, ал қазіргі кезде жастар арасындағы некесіз қатынастардың көбеюі алаңдатады. -Төртіншіден, бұрынғы қазақы отбасында ата-ана абыройы өте жоғары болған, ал қазіргі кезде кейбір жастар өздерінің ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын мүлде ұмытып кеткендей, қартайған шағында оларды қарттар үйіне тапсыруға асығатыны өкінішті. -Бесіншіден, қазақ отбасында ажырасу деген болмаған, ондай жағдай өте ұятты болып есептелінген, ал қазіргі жас отау көтеріп отырған жастарымыз арасында ажырасу өте жиіленіп баратыны отбасылық құндылықтардың көкейкесті мәселеге айналуының айғағы.
  • Бұрынғы қазақ қоғамында жастардың отбасын құруға ата-аналары үлкен мән беріп, ержеткен балаларына жар таңдауға атсалысып жүрген кезде некенің бұзылуы деген ұғым атымен болмаған. Ал қазіргі кезде әркім өз қалауымен, сүйген адамына қосылуға толық еркіндік берілген бүгінгі заманда неліктен жас отбасыларында ажырасу жиіленіп кетті? Міне осы сұрақтар төңірегінде тереңірек ойланатын болсақ, қазіргі жас отбасыларындағы кездесіп жатқан көптеген проблемалардың себептері айқындала түседі.
  • Жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы; (Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ. ) Жас отбасында ерлі-зайыптылардың жастары 29 жасқа дейін және олардың отбасылық өмірлік тәжірибелері 5 жылдан аспауы керек.
  • Халық даналығында да «Үйлену оңай, үй болу қиын», «Ұлың үйленсе - ырысың, Қызың орын тапса - өрісің», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» т.с.с мақал-мәтелдер осы қасиетті неке тақырыбының маңыздылығын меңзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет