2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып №1. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер, олардың құрылымы Тапсырма:Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Бухгалтерлік ақпараттық жүйе деген не?
Бухгалтерлік жүйелердің қандай түрлері бар?
Мини жүйелерге қандай бағдарламалар жатады?
Үлкен ауқымды кешендік жүйеге қандай бағдарламалар кіреді?
Өткізу түрі:ауызша сұрақтарға жауап беру, реферат жазу.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: тақырып бойынша дәріс мәтінін оқып білу, қажетті әдебиеттерді қарастырып оқу.
Негізгі әдебиет: 9.
Қосымша әдебиет: 20, 27.
Тақырып №2. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» туралы жалпы мағлұмат. 1С:Кәсіпорын 7.7 үшін «Қазақстандағы бухгалтерлік есеп» конфигурациясымен салыстырғандағы артықшылық.
Тапсырма:Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» қандай бағдарлама?
Бірнеше ұйымдар қызметі есебін қалай жүргізеді?
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және қоймалық есептерді қалай жүргізеді?
Сауда операцияларының есебі және касса мен банктік есептерді қалай жүргізеді?
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебін қалай жүргізеді?
Еңбекақы мен кадрлық есепті қалай жүргізеді?
Өткізу түрі: ауызша сұрақтарға жауап беру, реферат жазу.