Жұмабаев Серік Әсетович – физика-математика ғылымының кандидаты, доцент
Амиркулова Марал Битимовна – аға оқытушы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы КарМУ-дің бас корпус-ында орналасқан, 303 кабинет, күнделікті
Пән туралы мәліметтер:
1С Бухгалтерия
Барлық кредит саны - 3
Өткізілу орны – ғимарат №3
Оқу жоспарының көшірмесі:
Оқу түрі
Курс
Семестр
Несиелер
Дәрістер
Зертхана
соөж
сөж
Барлығы
Бақылау түрі
күндізгі
4
7
3
30
15
45
45
135
тест
1.3. Пререквизиттері:Осы курсты оқып меңгеру үшін студент алдымен келесі пәндерді игеруі қажет: бухгалтерлік есептің принциптері, микроэкономика, информатика, экономикалық теория, макроэкономика. Сонымен бірге студенттер компьютерді қолдана білуі, экономикалық санаттар мен ұғымдарды жақсы түсіне білуі керек.
1.4. Постреквизиттері: курстық және дипломдық жобалар.
1.5. Курстың қысқаша мазмұны: Қазіргі уақытта бухгалтердің жұмысын компьютердің көмегінсіз және арнайы бағдарламасыз көру мүмкін емес. Компьютер барлық арифметикалық амалдарды орындауды, алғашқы құжаттармен жұмысты жеңілдетуді, оларды үйреншікті қағаздағыдай максимальды түрде электрондық түрге келтіруді, есеп беруді құруды мойнына алды, және ақырында бір есепті шешу кезінде бірнеше қолданушылар жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Бухгалтер қолмен есептеу жұмысынан босайды және мәліметтерді енгізу мен шығару анализіне және бақылауына көп көңіл бөледі, яғни қаржылық бастықтың функцияларын қабылдайды. Компьютерлендірілген бухгалтерияның бар болуы, кәсіпорынға бухгалтерлік функцияларды жетілдіру жолында алға қадам басуына, шотпен есептеуден кәсіпорынның қаржылық шынайы басқаруына және кәсіпорындағы жағдайларды жедел орындауға өтуіне мүмкіндік береді, яғни жеке кәсіпқойшылық және таласушылық жағдайында маңызды орын алады.
Пәнді оқыту мақсаты: студенттерге 1С Бухгалтерия программасында бухгалтерлік есепті автоматтандырудағы және компьютерлендірудегі теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.