Үкіметке сенімсіздік білдіреді. 5) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
6) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
7) Республикалык бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің
атқарылуы туралы есептерін бекітеді;
8) Президенттің Республика Премьер-министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын
тағайындауға келісім береді.
Парламент Сенаты: 9) Республика Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот Алқаларының төрағаларын, судьяларын сайлайды және қызметтен босатады, олардың анттарын қабылдайды, мәслихаттардың өкілеттігін тоқтатады, Жоғарғы Сот Кеңесінің кұрамына екі депутат жібереді, Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға келісім береді. Парламент Мәжілісі:
10) заңдардың жобаларын қарауға қабылдайды және қарайды; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Республика Президентінің қарсылыктары бойынша ұсыныстар әзірлейді; Республика Президентінің ұсынуымен Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарын, хатшысы мен мүшелерін сайлайды және қызметтен босатады; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлайды, әділет біліктілік алқасының құрамына екі депутат жібереді.