Қазақстан, Ресей және Орта Азия Республикаларының интеграция мәселелері Қазақстан геосаяси жағдайының қолайлылығы, оның тарихи дамуындағы жаңа қадамдар, көрші мемлекеттер мен экономикалық және этнолингвистикалық байланыстардағы алғашқы табыстары, әлемнің жетекші елдерінің тарапынан қолдау көрсетілуіне мұқтаждығы - міне осының бәрі оның сыртқы саясатындағы басым бағыттарды бөліп керсетуге объективті алғы шарттардың бар екендігін байқата түседі.
Ресей мен және бұрынғы Кеңес Одағының басқа республикалары мен, ең алдымен, аймақтағы жақын көршілермен - Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерімен жаңаша мемлекетаралық қатынастардың толыққанды жүйесін жасап, дамыту аса маңызды істердің бірі болды.
Бірінші кезектегі міндеттердің бірі республиканың бұрынғы КСРО аумағында интеграциялық процестерге қатысуы болып табылады. Осы жағдайда Қазақстан - Ресей қатынастарының маңызы өте зор. Қазақстан мен Ресейдің шекараларды қорғауды қамтамасыз етуде, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі аймақта күштердің тепе-теңдігін ұстау және ядролық қауіпсіздік проблемаларын шешу жөніндегі іс-шараларды қолдануда өзара ортақ пікір бар. Сондықтан, тараптардың екеуі де осы салада және келешекте де тығыз өзара бірлескен іс-қимыл қажеттілігін жете түсінеді.
Экономикалық өсудің ізгі алғы шарттары Орталық Азия мемлекеттерінің мұнай және газ индустриясын дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін қалыптастырады, аймақтық тасымал мен коммуникацияның әр түрлі салаларын дамытудың зор келешегі бар. Экономиканы интеграциялау, негізінен алғанда, оның барлық қатысушыларына тек пайда әкеліп, Орталық Азия елдерінің Азия және бүкіл әлемдік рыноктарына шығуына жол ашады.
Егер аймақтағы күштердің тепе-теңдігі тұрақтылықтың пайдасына қарай бет бұрса, онда сырттан болатын ешқаңдай кедергі ықпал ете алмайды, экономиканың жағдайы жақсара бастайды. Бұл халықтың сенімін туғызып, республикалар өзінің тәуелсіздігін нығайтады. Қазақстан басшылығы нақ осыған бағыт ала отырып, қызметтің және рухани өмірдің барлық салаларында Орталық Азия республикаларының басқа халықтар мен бірге жақындаса түсудегі мақсатын жүйелі түрде жүргізуде.