Қазақстан - Германия қатынастарындағы ерекшеліктер Еуропа мен Азияның тоғысында тұрған Қазакстанның геосаяси жағдайы, халқының этникалық кұрамының ерекшеліктері, оның экономикалық қуаты - мұның бәрі жас тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясын, көп қырлы принциптерін айқындайды. Еуразиялық өзгешелік республиканың сыртқы саясатының қалыптасуында үлкен рөл аткарады. Еуройалық одақпен қарым-қатынас та, сондай-ақ оның құрамына енетін іргелі мемлекеттермен, бірінші кезекте әлем елдері ішіндегі анағұрлым экономикалық және саяси тұрғыдан дамыған Германиямен екі жақты қатынастары стратегиялық жағынан өте маңызды болып табылады.
Германия Еуропалық елдердің ішінде Қазақстанның егемеңдігін алғашқы таныған мемлекеттердің бірі, оның жан-жақты қатынастарды дамытуға деген мүлделілігі бірқатар себептермен айқындалып отыр. Бірінші кезекте - республикада мекендейтін неміс диаспорасының болуы. Этносаяси фактор Қазақстан - Германия қатынастарын дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан немістерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарту проблемасы және көші-қон процесін қалыптастыру, мемлекеттік және үкіметтік деңгейлердегі келіссөздерде орын алған қашанда маңызды және тұрақты тақырыптың бірі болды.
Осы проблеманы шешудегі перспективалы жолдардың бірі - Қазақстандағы неміс диаспорасына экономикалық қолдау көрсету жөніндегі біріккен бағдарламаны жүзеге асыру болып табылады, ол үшін республика экономикасына Германия тарапынан едәуір қаржыларды инвестициялау, онда қазіргі заманғы Германия технологияларын ендіру және дамыту, немістердің шоғырланған жерлерінде бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру. Мұның барлығы неміс диаспорасының республикада орнығуы проблемасын онды шешуге ықпал етеді.
Тағы бір маңыздылығы жағынан кем түспейтін бағыт - бірлескен мәдени және білім беретін бағдарламаларды көбейту, адамдар арасындағы байланыстарды өрістету, неміс тілін үйретудің мүмкіндіктерін және осы тілде газет және журналдарды және т.б. басылымдарды қамтамасыз ету болып табылады.
Елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға екі жақ та мүлделі болып отыр. Қазақстан үшін ол Германияның мықты экономикалық қуатымен, ондағы бар осы заманғы технологиялармен едәуір мөлшерде инвестицияларды тарту мүмкіндігімен, сайып келгенде, оның Еуропалық экономикалық одақтағы жетекші рөлімен айқындалып отыр..