Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»



бет73/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80
Байланысты:
kazedu 201595

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:

  • Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.

  • Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.

  • Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.

  • Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай

Құрылтай шеңберінде Қазақстан және шетел ғалымдары Ә. Қайдаров, М. Қозыбаев, С.Сартаев, З.Исмайлдың қатысуымен ғылыми практикалық конференция өтті. Қазақ ұлттының азаматтары Қазақстанға қайта оралған жағдайда, оның әлеуметтік қорғалуы жөнінде бірқатар құжаттар қабылданды.


Қонақтар Түрікстандағы Қожа Ахмет Яасауидың мавзолейіне, Жезқазған облысына Ұлытауға барып қайтты. Құрылтай қонақтары үшін Республика сарайында концерт қойылды. Құрылтайдың өткізілу барысы мерзімді баспасөзде, радио және теледидар бойынша кең хабарланып отырды. Құрылтайдың негізгі жаңалығы – 30 қыркүйекте Республика сарайында өткен салтанатты мәжіліс болды.
Онда Қазақстан Республикасының Президентті Н.Назарбаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде: «Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елдерінде 4,5 миллиондай қазақтар тұрады, сондықтан Республиканың құрметті міндеті – қай жерде тұратына қарамастан, әрбір қазақ өз ұлтының тең құқылы өкілі ретінде сезінетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті.
Құрылтай 1992 жыл 30 қазанында сенбі күні жабылды. Осындай конгресті өткізу Қазақ халқының өзіндік бірлігін нығайтып, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет