Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»



бет74/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
Байланысты:
kazedu 201595

Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соныңішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
2011 жыл. 25-27 мамырда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы ашылды.
Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасы болып Н.Назарбаев бір ауыздан қайтадан сайланды.
Төралқа төрағасының бірінші орынбасарлығына Елбасының ұсынысымен Талғат Мамашев сайланды.
Төралқа мүшелері болып Сұлтанәлі Балғабаев (төрағаның орынбасары), Абдулқаюм Кесижи, Тоқтарбай Дүсенбаев сайланды.
Дүниежүзі қазақтар қауым­дастығы шетелдегі 5 млн. қазақ диаспорасы мен Қазақстанның арасын жал­ғастыратын еліміздегі бір­ден бір қоғамдық ұйым. Со­ған орай, Қауымдастық Қа­зақстанда қолға алынған ма­ңыз­ды жұмыстарды шетелдегі ағайындарға дер кезінде жет­кі­зіп, насихаттап отыруға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет