Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет54/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
лекция микроб

Құтыру вирусы

Құтыру вирусы Rhabdoviridae туыстығына жатады.


Бұл туыстыққа құтыру вирусы, везикулярлы стоматит және жануарлар мен жәндіктерде ауру қоздыратын басқа да вирустар жатады.
Бірінші рет кұтыру вирусын зерттеген 1880 жылы Л.Пастер.
Морфология. Құтыру вирустары таяқша тәрізді бір ұшы жалпақ, екінші ұшы созылган, мөлшері 80 - 180 нм. Вирион капсидпен қоршалған біржіпшелі РНК - ден тұрады. Капсид сыртынан қабықшамен қапталған, оған гликопротеид пен гликолипид кіреді. Қабықшасында тікенше тәрізді пепломерлер бар. Вируспен зақымданған клетка цитоплазмасында Бабеш пен Негри анықтаған бөлшектер бар, оларды Бабеш-Негри денелері деп атайды. Бұл денелердің мөлшері 3-4 тен 20мкм дейін, оның пішіндері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпқырлы. Қышқыл бояулар оларды рубин -қызыл түске бояйды (жақұт). Бабеш-Негри денелері мидың, нерв клеткаларының цитоплазмасында орналасады. Бабеш-Негри денелерінің анықталуы диагностикалық маңызды.
Культивирлеу. Құтыру вирусы тышқандардың, кроликтердің ми тканьдерінде, тауық эмбрионында, қозы, бұзау эмбрионында культивирленеді.
Антигендік құрылымы. Құтыру вирусының 2 түрі бар: жабайы - зиянды жануарлар арасында, кеше вирусы - адамдар арасыңда таралады. Л.Пастер лабораториялық жагдайда көше вирусын кроликтің миына енгізу арқылы бөтен вирус алды, оны бекітілген (virus fixe) деп атады. Одан құтыруға қарсы вакцина дайындалады.
Жануарлар қабылдаушылығы. Құтырумен көптеген жануарлар, құстар ауырады. Көбінесе иттер, қасқырлар, түлкілер, жарғанаттар ауырады. Жарғанаттарда аурудың белгілері білінбейді, сондықтан олар табиғаттағы құтыру вирусының сақтаушылары болып саналады.
Инфекция көзі. Ауру жануарлар.
Таралу жолдары. Құтыру вирусы тікелей жанасу арқылы, яғни ауру жануар тістегенде, немесе ауру жануардың сілекейі зақымданған теріге, кілегей қабатқа түсуі арқылы таралады.
Патогенез. Тістегеннен кейін немесе сілекей түскеннен кейін ауруға дейін 15-45 күн, 3 - 6 ай етеді. Инкубацияның ұзақтығы инфекцияның ену түріне байланысты. Өте қысқа инкубациялық кезең бетті және басты тістегенде болады. Вирус енген жерден нерв арқылы орталық нерв жүйесінің клеткілеріне түседі. Нерв клеткілерінде вирус көбееді. Нерв жүйесінің зақымдануынан рефлекторлы қозу пайда болады: құрысу, әсіресе тыныс алу, жұлыну булшық еттері құрысады.
Ентігу, судан қорқу (гидрофобия) пайда болады. Су ішуді есіне алғанда ауруда қатты құрысу болады. 4-5 күннен кейін өледі. 100 % соңы қазалы.
Иттерде құтырудың клиникалық белгісі. Ит жабыраңқы болып, сілекейі ағады, жемейтін заттарды жей бастайды: тасты, ағашты, т.б. Содан кейін қозу кезеңі басталады: ит басын төмен түсіріп тіке жолмен жүгіреді. Жолында кездескен адамдарды, жануарларды үрмей, үнсіз тістейді. Қозу кезеңі параличке айналып, жануар өледі.
Иммунитет. Егілуден кейін пайда болған иммунитет вирус нейтралдаушы қарсьщенемен байланысты, 6 айға дейін сақталады.
Алдын-алу шаралары. Құтырған жануарларды, көше иттерін жою. Иттерге вакцина жасау. Тістеген жерді бірден хирургиялық өңдеу. Арнайы алдын - алу шаралары. Л.Пастер ұсынған, құтыруға қарсы вакцинаны жасау. Вирусологиялық диагностика. Өлгеннен кейін жасалатын диагностика: 1. ми клеткасынан Бабеш-Негри денесін анықтау. 2. арнайы қарсытекті анықтау; 3.биологиялық сынама әдісімен вирусты тәжірибелік жануарлардан анықтау.
Бабеш - Негри денесі боялған жағындылардан анықталады. Оны анықтау үшін бірнеше жағынды дайындалады (себебі денелер аз болуы мүмкін). Муромцев эдісімен бояғанда нерв клеткісінің цитоплазмасы көгілдір түске, ал Бабеш - Негри денесі күлгін -қызғылт түске жэне анық қара - күлгін түйіршікті. Бабеш - Негри денесі аурудың сілекей безінен көрі ми клеткасынан анықталады.
Биологиялық сынама әдісі тәжірибелік жануарларға арнайы лабораторияларда жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет