Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет2/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Микробиологияның мақсаттары

Микробиология - бұл жәй көзге көрінбейтін ұсақ организмнің құрылысы мен биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процесстердің ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан - жақты зерттейтін ғылым.


Микробиология бірнеше салаға бөлінеді:
1. Медициналық микробиология - адамдардағы ауру қоздыратын микробтардың құрылысы мен морфологиясын, қоршаған ортада өсіп-өнуін, дамуын, тұрақтылығын, макроорганизммен байланысын, иммунитетін зерттейді. Медициналық микробиологияның мақсаттары: аурудың себептерін анықтау, табу. Оның даму механизмін зерттеу, лабораториялық анықтау әдісін дайындау, аурудың алдын- алу шараларын зерттеу.
Медициналық микробиология келесі түрлерге бөлінеді:
A. Вирусология - вирустарды зерттейді.
Б. Протозология - қарапайымдыларды зерттейді.
B. Микология - саңырауқұлақтарды зерттейді.
Г. Иммунология - адам ағзасының қорғаныс қабілетін зерттейді.
2. Санитарлық микробиология - қоршаған ортадағы, ауадағы, судағы микробтардың адамның денсаулығы мен тазалығына тигізетін әсерін зерттейді.
3. Ауылшаруашылық микробиологиясы - топырақты құнарландыру, мал азығын дайындауда микробтардың қасиеттерін пайдалануды зерттейді.
4. Өндірістік микробиология - микробтардың белсенділігі, қасиеттері заводтарда кейбір металдарды қорытқанда, спирт ашыту өнеркәсібінде, витаминдер, антибиотиктер өндірістерінде пайдаланылады. Тамақ өндірісінде - нан ашыту, айран, қымыз ашыту процессінде, кондитер фабрикаларында - мармелад, пастилалар т.б. дайдаланылады.
5. Ветеринарлық микробиология - жануарлардың, малдардың жұқпалы ауруларын, олардың алдын - алу шараларын зерттейді.
6. Ғарыштық микробиология - ғарыштың микробтарға, адам микрофлорасына әсерін зерттейді.


МИКРООРГАНИЗМДЕР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Микроорганизмдер Берги классификациясы бойынша прокариоттарға және эукариоттарға бөлінеді. Прокариоттардан ең жақсы зерттелген бактериялар 19 топқа бөлінеді. Эукариоттарға су өсімдіктері, саңырауқұлақтар және қарапайымдылар жатады. Бактериялар негізінде бір клеткалық хлорофилі жоқ организмдер болады. Олардың мөлшері микрометрмен өлшенеді және бактериялардың орташа мөлшері 0,1 - 28мкм арасында болады.


Пішініне қарай бактериялар негізгі 3 топқа бөлінеді:
1. шар тәрізді (коккалар);
2. таяқша тәрізді (бактериялар, бациллалар және клостридиялар);
3. ирекше тәрізді (вибриондар, спириллалар, спирохеталар);
Шар тәрізді бактериялардың пішіні дөңгелек, элипс, ланцет және бұршақ тәрізді болуы мүмкін. Шар тәрізділер (коккалар) орналасуына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
А. Микрококкалар - пішіні дұрыс дөңгелек тәрізді, бір - бірінен ретсіз орналасады.
Б. Диплококкалар - екі-екіден, қосақталып орналасады және пішіні бұршақ тәрізді болуы мүмкін. Диплококкалардың патогенді өкілдері: пневмококк (пішіні ланцет тәрізді), менингококк және гонококк (пішіні бұршақ тәрізді).
В. Стрептококкалар - өзаратіркескен, тізбектәрізді.
С. Стафилококкалар - жүзім тәрізді топтасып орналасады.
Д. Тетракоккалар- төрт- төрттен орналасады.
Е. Сарциналар - сегіз - сегізден орналасады.
Коккалар спора, капсула түзбейді (пневмококкадан басқалары). Грамм бойынша боялады, тек менингококк және гонококк боялмайды. Коккалардың адамда ауру қоздыратын өкілдері стафилококкалар, стрептококкалар, менингококкалар, гонококкалар және басқалары сиректеу.
Таяқша тәрізді бактериялар (бациллалар, клостридиялар) пішіні таяқша тәрізді, олардың мөлшері (ұзындығы, қалындығы) және шеттерінің пішіні әр түрлі болады. Көлеміне қарай олар келесі топтарға бөлінеді: ұсақ - бруцеллалар, туляремия таяқшасы; орташа - ішек тобының бактериялары; ірі - түйнеме таяқшасы, сіреспе таяқшасы. Шеттерінің конфигурациясына (пішіні) қарай келесі топтарға бөлінеді: Дөңгелектенген - ішек таяқшасы. Шауып тастағандай - түйнеме таяқшасы. Ұшталған - (сүйір) оба қоздырғышы, қалындау - күл қоздырғышы.
Орналасуына қарай:
A. Диплобактериялар және диплобациллалар - қосақталып орналасқан (пневмония бактериялары)
Б. Стрептобактериялар - тізбектеліп орналасқан (жұмсақ шанкр қоздырушысы)
B. Стрептобациллалар - тізбектеліп орналасқан (түйнеме қоздырушысы).
С. Ретсіз орналасқан - ішек таяқшасы, дизентерия таяқшасы.
Таяқша тәрізді микробтардың арасында Грам - оң (күл, туберкулез таяқшалары) және Грам - теріс (ішек тобының бактериялары) түрлері кездеседі. Таяқша тәрізді бактериялардың көпшілігі спора түзбейді (ішек, дизентерия, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары). Спора түзетін таяқшалар Грам әдісімен оң боялады.
Ирекше тәрізділерге - вибриондар, спириллалар, спирохеталар кіреді. Вибриондар үтір тәрізді болады. Олардың басты өкілі - тырысқақ вибрионы. Спириллаларда бір немесе бірнеше ирек болады. Спирохеталардың пішіні штопор тәрізді, иректерінің саны әртүрлі болады. Ирекше тәрізділер Грам әдісімен теріс боялады. Олардың тинкторияльдық қасиетін анықтау үшін Романовский - Гимза бояу әдісін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет