Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»


Микрооргаизмдерге биологиялык факторлар әсері



бет14/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Микрооргаизмдерге биологиялык факторлар әсері

Табиғи жағдайда микробтар жануарлармен және өсімдіктерме бірге биоценоздың белгілі бір бөлігі болып бірге дамиды.


Биоценоз - өсімдіктер мен жануарлар мекендеу ортасының жиынтығы. Белгілі бір жерде әртүрлі бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, вирустар бірге мекендейді, және олардың ортасында үздіксіз тіршілік ету күресі жүріп жатады. Әртүрлі микроорганизмдердің өзара қарым - қатынасы әртүрлі және ол симбиоз, метабиоз, антогонизмге келіп тіреледі.
Симбиоз - әртүрлі микроорганизмдердің өзара пайдалы тіршіл етуі, олар бірігіп бірге жақсы дамиды. Мысалы: сүт қышқылы бактериялары мен спирт ашыту саңырауқұлақтары.
Метабиоз - белгілі бір микроб өзінің тіршілік ету нәтижесін басқа микробтың тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы анаэробтардың тіршілігіне аэробтар оттегіні сіңіріп алып, қолайлы жағдай жасайды.
Антагонистік - қарым қатынасы микроорганизмдердің тіршілік ету күресіне негізделген. Мысалы: қарапайымдылар бактерияларды жұтып қояды; сүт қышқылы бактериялары шіріту бактериялары қарсы; ішек таяқшасы шигеллаға қарсы; т.б.
Микроорганизмдер өзінің тіршілік барысында басқа микробтарды өлтіретін әртүрлі заттар бөліп шығарады, соның бірі антибиотиктер.


ХИМИОТЕРАПИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АНТИБИОТИКТЕР

Ежелден медициналық практикада инфекциялық аурулардың алдын-алуда және емдеуде химиялық заттар пайдаланады. Мысалы: индеецтер безгек ауруына қарсы хин ағашының қабығын пайдаланған. Европада XVI ғасырда соз ауруына қарсы сынап пайдаланылған. Химиотерапия - адамның тіндерін және клеткілерін зақымдамайтын, ауру қоздырғыш бактериялардың клеткілеріне арнайы әсер ететін, ауруды емдеу үшін химиялық заттарды пайдалану. Ғылыми химиотерапия негіздерін П.Эрлих жасаған. Химиопрофилактика - химиялық заттарды инфекциялы аурулардың алдын-алу үшін пайдалану. Химиялық заттар бактерия клеткасына еніп, оларды бұзады. Кейбір клеткалар өледі - бұл бактерицидтік әсері; кейбір клеткалардың көбеюі тоқталады, әлсірейді бұл - бактериостатикалық әсері. Антибиотиктер: (грекше anti - қарсы, bios - өмір) микроорганизмдерді тандамалы жоюға қабілетті тірі оргаңизмдердің өмір сүру өнімдері. Антибиотиктер организмнің бір тобына олардың екінші бір топтардың жойқын әсер ету қасиетіне негізделіп алынады. Мысалы: сүт қышқылы бактериялары шіріту бактерияларының тіршілігін тежейді. Бұны практикада бірінші рет қолданған Л.Пастер мен И.И.Мечников. Антибиотиктер ғылымын бірінші бастаған 1929 жылы ағылшын ғалымы А.Флеминг. 10 жылдан кейін ағылшын зерттеушілері Э.Чейн мен Г.Флори 1940 жылы тазартылған пенициллин препаратын алды. 1942 жылы совет микробиологы З.В.Ермольева пенициллинді саңырауқұлақтан алды. Антибиотиктерді антимикробты қасиеті бар әртүрлі микроорганизмдерден алады: саңырауқұлақтардан (пенициллин, т.б.) актиномицеттерден (стрептомицин, тетрациклин, т.б.) бактериялардан (грамицидин, полимиксин, т.б.) антибиотикті әсері бар жоғарғы өсімдіктерден (жуа, чеснок фитонцидтері), жануарлар тканінен (лизоцим, экмолин, интерферон).


Антибиотиктер микроорганизмдерге бактерицидті және бактериостатикалық әсер етеді. Бактерицидті әсер – микроорганизмнің өлуі, бактериостатикалың әсер - олардың көбеюін тежейді немесе тоқтатады.
Антибиотиктердің классификациясы (немесе жіктелуі) әртүрлі принциптерге негізделеді: алу көзіне, химиялық құрылымына механизміне, микробтарға қарсы әсер ету спектріне қарай.
Көбінесе алу көзіне және микробтарға қарсы әсер ету спектріне байланысты болады.
Әсер ету ұзақтығына байланысты антибиотиктер:
- бактерияларға қарсы
- саңыраукұлақтарға қарсы
- ісіктерге қарсы болып бөлінеді.
Бактерияларға қарсы антибиотиктер химиялық құрамына қарай түрлі бактериялардың өсуін тежейтін препараттар тобы. Бактерия туғызатын инфекциялық ауруларды емдеуде кең спектрлі антибиотиктерді пайдаланады: тетрациклин, левомицетин стрептомицин, гентамицин, канамицин т.б.
Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер (нистатин, левориі амфотерицин, гризеофульвин). Саңырауқұлақтар туғызатын ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Ісіктерге қарсы антибиотиктер (рубомицин, брунеомиций оливомицин т.б.) жануарлар клеткілерінде нуклеин қышқылының синтезін тежейді және қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет