Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет15/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

МИКРООРГАНИЗМДЕР ГЕНЕТИКАСЫ

Туқымкуалаушылық деп тірі организмдердің белгілі бір қасиеттерді, белгілерді келесі ұрпаққа беру қабілеті.


Тұқымқуалаушылықты зерттеу барысында әртүрі факторлардың әсерінен келесі ұрпақтарда алдыңғы ұрпаққа қарағаңда өзгеше белгілер пайда болады. Бұл қасиетті өзгергіштік деп атайды. Осылай тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік байланысты болады. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылымды генетика деп атайды.
Басқа тірі организмдерге қарағанда зерттеуге ыңғайлы объекті микроорганизмдер болып шыкты, - себебі олардың өмірлік циклі қысқа, тез көбейеді және көп ұрпақ қалдырады. Әртүрлі факторлар әсерінен (температура, ультракүлгін, рентген сәулесі) өздерінің қасиеттерін өзгерте салады. Микроорганиздер генетикасын зерттеуде генетикалық информация тасымалдаушы ролін ДНК атқаратыны көрсетіледі. Бактериялардағы ДНК 2 жіпшеден тұрады. ДНК құрамында азотты заттар бар - аденин, гуанин, цитозин жэне тиамин. Тұқым қуалаудың бірлігі - ДНК жіпшесінің аймағы болып келетін ген, ал гендердің жиынтығын генотип деп атайды немесе геном.
Гендер 2 - ге бөлінеді:
1. құрылымдық - олар клетка бөлетін белгілі бір белок туралы информацияны сақтайды
2. реттеушілер (регуляторлар) олар құрылымдық гендердің жұмысын реттейді.
Микроорганизмдердің өзгергіштігін зерттеуде өзгергіштіктің ерекше формасы анықталған. Ол - диссоциация. Кейбір өсімдерді (культураны) тығыз қоректік ортаға сепкенде колониялар 2-ге бөлінген:
1. тегіс, дөңгелек, жалтырауық колониялар - S форма
2. жалпақ, дұрыс емес формалы, мөлдір емес колониялар - R форма
Әртүрлі жағдайларда S формалар R формата айналып кете алады, ал R форманың S формаға айналуы қиындау.
Бактериялар клеткаларында болатын өзгергіштіктің тұқым қуалайтыны- генотиптік - өзгергіштік деп, ал тұқымқуаламайтыны - фенотиптік деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет