Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет11/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Микроорганизмдер ферменттері

Бұлар тірі клеткалар түзетін белокты заттар. Олар микроорганизмдердің зат алмасу процессінде маңызды роль атқарады. Олар көптеген ферменттерді жинақтайды. Оларға: оксиредуктаза, трансфераза, гидролаза, лиаза, изомераза, лигазалар жатады.


Ферменттерге тән қасиет - олар химиялық реакцияларға арнайы әрекет етеді. Мысалы: фермент лактаза - лактозаны ыдыратады, мальтаза - мальтозаны ыдыратады.
Ферменттердің белсенділігі температураға, рН – мәніне т.б. Факторларға байланысты. Көптеген патогенді микроорганизмдердің (оптималды) қолайлы рН - 7,2 — 7,4, ал қолайлы температура 37 - 50 градус С.
Микроорганизмдердің ферменттері 2 - ге бөлінеді:
1. экзоферменттер
2. эндоферменттер. Экзоферменттер сыртқы ортаға қарай бөлініп, қоректік заттардың макромолекулаларын микроб клеткасы сіңіре алатын жәй қосылыстарға дейін ыдыратады. Экзоферменттерге гидролаза жатады: ол белоктардың, майлардың, көмірсутектердің гидролизін туғызады. Осы реакцияның нәтижесінде белоктар - аминқышқылы мен пептонға, майлар - май қышқылы мен глицеринге, көмірсутектер - дисахаридтер мсн моносахаридтерге ыдырайды. Белоктарды - фермент протеаза, майларды - липаза, көмірсуларды - карбогидраза ыдыратады.
Эндоферменттер - клетка ішіндегі зат алмасу реакцияларына қатысады.
Микроб ферменттері: виноспирт ашыту, нан ашыту, айран ашыту өндірістерінде қолданылады; сондай - ақ жеміс - жидек шырынын алу процесстерін жылдамдатады. Ауыл шаруашылығы мал азығын дайындауда микробтар ферменттері кеңінен қолданылады.
Медицина өндірісінде микробтар ферменттері витаминді гормондар, алкалоидтар алуға кеңінен қолданылады.
Микроорганизмдердің пигменттері.
Кейбір микроорганизмдер зат алмасу процессінде бояу заттар - пигменттер түзеді. Химиялық құрамы және қасиеті бойынша олар әртүрлі. Олар:
1. суда еритін (көк пигмент)
2. спиртте еритін - суда ерімейтін (қызьш пигмент продигиазан)
3. суда да, спиртте де ерімейтін (қарақоныр пигмент).
Суда ерімейтін пигменттер - бактериялар колониясын бояйды, ал суда еритіндер - коректік ортаны бояйды.
Микробтардың пигмент түзуі - кейбір бактериялар ажыратуда (идентификация) пайдаланылады.
Микроорганизмдердің пигмент түзуінің физиологиялық маңызы бар: олар микроб клеткасын табиғи ультракүлгін сәулесінен қорғайды тыныс алу процессіне қатысады, кейбірінің антибиотиктің қасиеті бар (продигиозан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет