Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет19/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Инфекциялық процесс түрлері

Микроорганизмнің патогенділігіне, макроорганиз қабылдаушылығына және аурудың клиникалық ағымының да көрінуіне байланысты.


1. Типтік немесе әдеттегі (формалар) түрлері - инфекциядық ауру дамуы, клиникалық көрінісі осы ауруға тән.
2. Атиптік немесе әдеттегідей емес өшірілген түрі - кейбір белгілер өшірілген немесе нашар білінеді. Бұл түрде аурудың толық диагнозын қою қиын, тек қана микробиологиялық зерттеуден кейін ғана белгілі болады.
3. Жасырын немесе белгісіз түрі - аурудың сыртқы белгілері білінбейді, бірақ ішкі органдарда патологиялық өзгерістер болады, қанда серологиялық реакцияның нәтижесінде қарсы денелер табылады.
4. Латентті түрі (қалғып жатқан инфекция) ауру қоздырғыш микроорганизмде ұзақ уақыт бойы білінбейді. Қолайсыз жағдайлар болып (салқын тигенде, шаршағанда, дұрыс тамақтанбағанда) орган әлсірегенде латентті инфекция әдеттегі инфекцияға айналып, ауру тудырады.
5. Бактериотасымалдаушы: организмдегі патогенді микробтар сыртқы ортаға ешқандай клиникалық белгісіз және ішкі органда зақымдамай бөлінеді. Бактериотасымалдаушылар сау адамдарда және инфекциялық аурумен ауырған адамдарда кездеседі.
Іш сүзегімен, дифтериямен, (күл) тырысқақпен, дезинтериямен ауырған адам көп уақытқа дейін бактериотасымалдаушы болып қалады. Егер 3 айға созылса - жедел түрі, 3 айдан асса – созылмалы түрі деп аталады. Мысалы: іш сүзегімен ауырған адам өмір бойы тасымалдаушы болып қалуы мүмкін.
Сау тасымалдаушылар - өздері ауырмайды, бірақ қоздырғышты қоршаған ортаға бөліп шығарады. Бұл адамдар инфекцияға қарсы прививкі алғандар, олардың иммунитеті яғни қабылдамаушылық қабілеті жақсы. Бұндай инфекцияға дифтерия, менингит, полиомиелит жатады.


Таралу жолдары
Инфекция көзі - адам жэне жануар. Сонымен қатар реконволесценттер, жасырын түрімен ауырған аурулар, микробтасымалдаушылар да болуы мүмкін.
Барлық инфекциялық аурулар инфекция көзіне байланысты 2 топқа бөлінеді:
1. антропоноздар - инфекция көзі - адам(ауру, бактериятасымалдаушы) мысалы: іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, қызылша, соз, мерез.
2. зооноздар - жануарлар ауырады, сонымен қатар оларға адамдар да сезімтел.
Таралу жолдары: 1. ішек (нәжіс-ауыз); 2. aya түйіршіктері;
3. трансмиссивті; 4. Жанасу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет