Бейарнамалы қорғаныс факторы
Ағзаны микроорганизмдердің зиянды әсерінен қорғайтын механикалық, химиялық және биологиялық факторлар бар. Тері: Зақымданбаған тері микроорганизмдердің енуіне тосқауыл болады.
Механикалык фактор: май жэне тері бездерінің бөлшектерінің әсері терідегі микроорганизмдерді жоқ қылады. Химиялык фактор: тері бездеріндегі май қышқылдары мен сүт қышқылдары бактерияларды өлтіреді. Биологиялық фактор: адамның калыпты микрофлора патогенді микроорганизмдерді жойып жібереді. Әртүрлі мүшелердің кілегей қабаттары да микроорганизмдердің енуіне кедергі болады. Мұрын қуысындағы кірпікшелер тербеліп микробтардың енуіне кедергі болады. Жөтел, түшкіру де микробтар енуіне кедергі келтіреді. Көз жасында, сілекейде, ана сүтінде және басқа да ағзаның сұйықтарында лизоцим болады, олар микрббтарға химиялық әсер етеді, яғни жойып жібереді.
Бейарнамалы қорғаныстың гуморальдық факторлары
Қанның құрамында микроорганизмдерді жойып жіберу қасиеті бар бейарнамалы заттар бар. Оларға: комплемент, пропердин, Р - лизин, эритрин, лейкин, плакин, лизоцим жатады.
Комплемент - қансарысу белогінен тұратын термолабильді ферментті жүйе. Ол 55 градус температурада 30 минут ішінде бұзылады. Пропердин- қансарысу ферменті, ол ағзаның инфекцияға қарсы тұрақтылығында маңызды роль атқарады. Қансарысуда пропердиннің мөлшерінің азаюы ағзаның иммундық жүйесінің төменділігін көрсетеді.
В - лизин- қансарысудың температураға тұрақты микробтарға қарсы әсер ететін ферменті. Ол 63 градус температурада және ультракүлгін сәулесінің әсерінен бұзылады.
Эритрин - жануарлар эритроцитінен алынған фермент. Ол күл қоздырғыштарын және т.б. микроорганизмдер әсерін тежейді.
Лейкин - температураға тұрақты, бактерицидті фермент, лейкоциттен алынған.
Плакин - лейкинге ұқсас тромбоциттен алынған зат.
Лизоцим - адам мен жануарлар сілекейінде болатын бактериялар клеткаларын ерітіп жіберетін фермент.
Ағзаның арнайы қорғаныс факторлары
Қарсытек - дегеніміз бұл иммунологиялық реакцияларды туғызу қабілеті бар заттар (бұлар - белоктар, нуклеопротеидтер, полисахаридтер), яғни ағзаға бөтен заттар енгенде пайда болады. Қарсытектер - 2 - қасиетті болады:
1. иммуногендік - қарсыдене мен иммунды лимфоцит пайда болады.
2. қарсыденелермен және иммунды лимфоциттермен арнайы байланысқа тусіп, иммунды реакциялар тудырады.
Осы 2 қасиеті бар қарсытектер сапалы қарсытектер деп аталады. Бүларға бөгде белоктар, қансарысу, клетка элементтері, токе бактериялар, вирустар жатады.
Дайын қарсыденелермен арнайы байланыста болып, бірақ иммунды реакциялар тудырмайтын заттарды сапасыз қарсытектер немесе гаптендер деп атайды. Инфекциялық аурулардың лабораториялық диагноста әдістерінің бірі - патологиялық материалдан қарсытектің айқындайды. Қарсытекті айқындау үшін әртүрлі иммунды реакция қолданылады. Қарсыдене - қарсытекпен арнайы байланысатын қабілеті иммуноглобулиндер.
Глобулиндер - а, б, т.б. Қарсыдене - қарсытек реакциясын серологиялық реакция деп атайды. Олардың арнайы және сезімталдың қасиеттері жоғары болады. Жұқпалы ауру диагностикасында серологиялық әдістің мақсаты аурудың қан құрамынан арнайы қарсыденелер табу: ауру барыс және реконвалесценция кезеңінде қарсыденелер түзілу динамикасын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |