Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет24/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

АЛЛЕРГИЯ ТҮРАЛЫ ТҮСІНІК

Аллергия - ағзаның әртүрлі агенттерге арнайы жоғарғы сезімталдығы. Ағзада жоғары сезімталдық тудыратын заттар аллергендер деп аталады. Бұлар микроорганизмдер: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар; микроб клеткасының ыдырау өнімдері белоктар (жұмыртқа, сүт, т.б.), саңырауқұлақтар. Бұлардың бәрі сапалы антиген деп аталады. Сонымен қатар гаптендер де аллерген болады - бұлар ағзада белоктармен қосылысқа түскеннен кейін пайда болған аллергендер.


1. Өндірістік аллергендер (бояулар, лактар т. б )
2. тұрмыстық аллергендер (шац, иттер мен мысықтардың жүндерді, көпшіктің шаңы, жүні т.б )
3. өсімдіктер аллергені (өсімдіктер гүлденуі, шандары)
4. дәрі- дәрмектер ( антибиотиктер, аспирин т.б)
Аллергия негізінде қарсыдене - қарсытек реакциясы жатыр. Ағзаға бірінші рет енгенде кейбір аллерген қарсыдене түзеді, кейбіреуі Т- лимфоцитгі сезімталдандырады. Бұл аллергендер ағзаға қайта енгенде ағзаның сезімталдығы жоғарылайды. Барлық аллергиялық реакциялар 2 -ге бөлінеді:

  1. жедел дамитын жоғары сезімталдық реакциясы

  2. баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциясы



Жоғары сезімталдық реакциялары

Жедел дамитын түрі


1. Анафилаксия
2. Артюс-Сахаров феномені
3. Қансарысу ауруы
4. Атопиялар (поллиноз, бронхиялды астма, крапивница)
Баяу дамитын түрі:
1. Инфекциялық аллергия
2. Жанасу дерматиттері
3. Дәрілерден пайда болған аллергия
Анафилаксия бұл ағзаға бөтен аллерген қайтадан енгенде шок (естен тану) түрінде болатын жоғары сезімталдық. Анафилаксияны тудыратын заттар - анафилактогендер деп аталады. Бұларға: бөтен белоктар, бактерия токсиндері, микроб клеткасының полисахаридтері, әртүрлі дәрілер, яғни сапалы антигендер мен гаптендер жатады. Анафилакалық шок адамдарда антибиотиктерді, қансарысуларды пайда болады. Клиникалық түрі: бұлшық еттердің жиырылуы, жүрек – қантамырларының әлсіреуі, қызуы төмендейді, пульс жиілейді, қан қысымы төмендейді, тырысу, буындардың ауруы, ентігу. Сондықтан қансаырсу препараттарын енгізуде сақтықпен Безредко әдісімен қолдану керек. Артюс-Сахаров феномені - аллерген тері астына қайта енгенде пайда болатын жергілікті реакция. Бұл реакция тәжірибеде адамдарда әр түрлі заттарға сезімталдығын анықтауда қолданылады. Енгізген жерде қызару мен ісінудің пайда болуы организмнің жоғары сезімталдығын көрсетеді.
Қансарысу ауруы адамға бөтен қансарысуын енгізгенде пайда болады. Енгізгеннен кейін бірден анафилактикалық шок түрінде болуы мүмкін. Кейде үлкен доза енгізгенде 8-12 күннен кейін теріде бөртпе, қышыма пайда болады, буындар ауырады, лимфа түйіндері ісінеді, қызу көтеріледі. Бұл белгілер бірнеше күннен кейін кетеді. Қансарысу ауруының алдын алу үшін қансарысуды Безредко әдісімен енгізу керек.
Атопиялық реакциялар енген аллергенге қарсы жоғар сезімталдығы бар адамдарда болады. Қарсыдене жабысқан мүшеде әртүрлі жағдайлар болады: тыныс жолдарының зақымдануы бронхиалды астма, көздің кілегей қабатының зақымдануы коньктивит, терінің зақымдануы – крапивница.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет