ПАТОГЕНДІ КОККАЛАР
Коккалар - бұлар микроорганизмдердің патогенді, шар патогенді және патогенді емес кең тараған топтары.
Берги классификациясы бойынша патогенді коккалар 3 топқа «туысқа» бөлінеді:
1. Micrococcaceae - Staphylococcus туысы «стафилококктар».
2. Streptococcaceae - Streptococcus туысы «стрептококктЩ пневмококктар».
3. Neisseriaceae - Neisseria туысы «менингокок гонококктар».
Барлық патогенді коккалардың жалпы белгісі - олардың ірі процесстер туғызу қабілеті, сондықтан оларды іріңді қоздырғыш деп атайды.
Барлық патогенді коккалар қозғалмайды, спора түзбейді. Пневмококкалардың капсуласы болады.
Тинкториялды қасиеті бойынша олар Грам оң (стафилоко стрептококк, пневмококк) және Грам теріс (менингококк, гонококк) болып бөлінеді.
Ірінді қоздыргыш патогенді коккалар өзара қоректік ортаға мұқтаждығына және биохимиялық белсенділігіне қарай бөлінеді.
Қоректік ортаға мұқтаждығы аз, бірақ биохимиялық белсенділігі көбірек - стафилококктар. Қоректік ортаға мұқтаждығы көбірек, биохимиялық белсенділігі аздау - гонококктар.
Стафилококктар
Ең бірінші рет стафилококктарды 1897 жьшы Л. Пастер анықтаған. Морфология. Стафилококк (грек сөзі Staphyll жүзім шоғыры) дөңгелек шар тәрізді d — 0,5 — 1,5 мкм көбейіп, жүзімше шоғырланып орналасады, ал іріңде біреуден немесе екеуден кездеседі. Стафилококктар қозғалмайды, спора түзбейді. Арнайы жағдайда өсіргенде микрокапсула түзеді. Грам оң.
Культивирлеу. Стафилококктар факультативті анаэробтар, бірақ оттегімен жақсы өседі. Жәй қоректік орталарда өседі және көбейеді, қанды қоректік ортада жақсы өседі. Қалыпты жағдай- 37 градус, рН-7,2-7,4.
Элективті орта - сарыуыз - тұзды агар және тұзды агар болады. Ет сорпа – агарда стафилококк колониясы томпақ, дөңгелек, мөлдір емес жылтырауық, d - 2-4 мм шеттері түзу. Өсімде стафилококк пигмент құрайды: алтын түсті, лимонды - сары және ақ. Стафилококктың пигменті суда ерімейді, ацетонда, спиртте, эфирде ериді. Сорпадағ өсім қалыпты лайланумен және түбінде тұнба болуымен сипатталады.
Ферментативті қасиеті. Стафилококктар қантыдырататын және белок ыдырататын фермент өндіреді. Қандыртатыны фермент лактозаны, глюкозаны, сахарозаны, мальтозаны, глициринді қыщқылға дейін ыдыратады. Белок ыдырататын қабілеті казейінді, желатинді ерітеді. Стафилококктер патогенді ферменттер де өндіреді:
коагулаза
гиалуронидаза
лецитиназа
фибринолизин
ДНКаза
Фосфатаза
Плагмакоагулазаның болуы алтынтүсті стафилококкты басқа стафилококктан ажыратуда
маңызды. Көптеген стафилококктар пенциллинді бұзатын пинциллиназа өндіреді.
Токсин түзуі. Стафилококктар экзотоксин түзеді, оған 4 түрлі гемолизин жатады, соның ішінде ең маңыздысы а-токсин, оның қасиеттері:
Гемолитикалық – эроторициттердің гемолизін тудырады.
Теріні жансыздандыру – яғни тері астына теріні жансыздандырады.
Соңғы қазалы – яғни жануарлар тамырна енгізгенде оны өлтіреді.
Сонымен қатар стафилококктар: лейкоцидин – лейкоциттерді өлтіреді, энтеротоксин – тамақпен улану, эксфолиативті – жаңа туған нәрестенің терісін қазымдайтын токсиндер өндіреді.
Антигендік құрылымы. Стафилококктерде алтын түсті стафилококке тән – протеинді антиген А және полисахаридті антигендер: А, В, С болады. Стафилококктар өзіне тән микроорганизмдерге қарсы бактериоциндер түзеді.
Классификация. Адамнан алынған стафилококктер 3- бөлінеді:
1. St. aureus
2. St. epidermidis
3. St. Saprophyticus
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Стафилококктар қоршаған ортада тұрақты, сондықтан олар ауада, топырақта, суда тұрмыстық бұйымдарда кездеседі. 100 градус температурада бір өледі, ал 70 градус температурада 10-15 минуттан кейін өледі. Төмен температураға төзімді, мұздатқанда өзінің тіршілігін бірнеше дейін сақтайды. Кептіруге де тұрақты. Тікелей күн саулесі оларды бірнеше сағаттан кейін өлтіреді. Дезинфекциялаушы ерітінділер оларды 15-20 минуттан кейін өлтіреді. Стафилококктар бриллиант жасылына сезімтал.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Стафилококктерге шошқа, тауықтар, кроликтер, ақ тышқандар, мысықтар сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Тұрмыстық жанасу, ауа түйіршіктері, ауа шандары, тамақ арқылы. Адам аурулары. Пиодермия, фурункул, карбункул, панариций, абцесстер, әртүрлі органдар мен тіндердің қабынулары; ангина, цистит, остеомиелит, холецистит, мастит, сепсис, септикопи (қанға таралуы), тамақтан уланулар, т.б.
Патогенез. Стафилококктар тері және кілегей қабаттары арқылы енеді. Стафилококкты ауруларда алтын түсті стафилококктың май зор. Патогенез қоздырғыштың қасиеттеріне, ферменттеі экзотоксиндеріне және микроорганизмдердің иммуниттетіне байланысты. Көбінесе тері және тері асты қабаты зақымданады пиодермит, фурункул, панариций пайда болады. Кейде тұмауда пневмонияны қоздырады, жарақаттарда инфекция қоздырады, әсіресе акушерлік тәжірибеде маңызы зор, себебі жаңа туған нәресте стафилококке өте сезімтал. Иммунитет. Адамның табиғи иммунитеті болады. Стафилококк енген жерде қабыну процессі болып, ол стафилококктың әрі қарай енуіне және көбеюінс кедергі болады, сонымен қатар стафилококктар фагоцитозға ұшырайды. Ауру барысында пайда болған антитоксин иммунитетте маңызы зор. Алдын-алу шаралары (профилактика) больницалардың дұрыс режиммен жұмыс істеуі, санитарлы - гигиеналық және тұрмысты жақсарту, ауруларды және бактериятасымалдаушыларды уақытын анықтау. Арнайы алдын алу шаралары (специфическая профилактика). Стафилококкты анатоксин және стафилококке қарсы иммуноглобулин. Емі. Антибактерияалды препараттар, стафилококкты бактериофаг, стафилококкқа қарсы плазма және иммуноглобулин. Кейбір созылмалы түрінде аутовакцина қолданылады. Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты: стафилококктерді анықтау және ажырату.
Зерттеу материалдары:
Ірің (фурункул, карбункул, абсцесстер)
Аңқадан шырыш (ангина)
Қақырық
Зәр
Қан
Құсық, асқазан жуындысы, ас қалдықтары
Мұрыннан шырыш.
Материалды алу әдістері.
Ірің – ашық жаралардан стерильді тампонмен, ілмекпен пипеткамен алады, жабық абсцесстерден – стерильді шприцпен алады.
Мұрыннан, аңқадан шырышты – стерильді тампонмен алады.
Қақырық – стерильді ыдысқа жинайды.
Зәр – стерильді ыдысқа ертеңгі зәрді катетермен алады.
Қан тамырдан 10-15 мл.
Құсық – стерильды ыдысқа жинайды.
Асқазан жуындысы – стерильді ыдысқа жинайды.
Негізгі зерттеу әдістер:
Микроскопиялық
Микробиологиялық
Биологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |