микробиология ғылымының зерттеу саласын мәлімдеу. Микробиология ғылымы пайда болғаннан кейін, бактериялардың пішіні, құрылысы, тіршілік әрекеті толығырақ зерттелгені туралы білім беру. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
Міндеттері:
1. Оқытушылық:
оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру; бактериялардың жер бетіндегі ең алғашқы тіршілік иелері екені туралы мәлімет беру; бактериялардың құрылысы, көбею, қоректену, таралу ерекшеліктерімен танысу, бактериялардың өсімдіктерден айырмашылығын түсіну, түрлерін білу.
2. Дамытушылық:
оқушылардың өз бетінше іздену іс-әрекетінің әдістерін белгілі бір дәрежеде белсендірілуіне талаптандыру; алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету; білімге құштарлығының дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, бактериялардың құрылысын талдай отырып, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, алған білімдерін жинақтау, қорытындылау.
3. Тәрбиелік:
қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге, біржасушалы ағзалар бактериялардың маңызы туралы түсіндіріп, олар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық талаптарды орындап, салауатты өмір сүруге баулу.